5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі
113
гикалық мораль).
- Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы
ғылымдылық білімі. Өз пәнін, ғылымын игеруі, оны оқыту
методикасын, психологияны, педагогиканы меңгеруі.
- Педагогикалық технологияны игеру.
Мұғалімнің кәсіптік құзырлылығы
теориялық дайын-
дықтан (талдау іскерлігі, болжам жасау іскерлігі, құрастыру
(проектілік) іскерлік, рефлексивтік іскерлігі т.б.) және прак-
тикалық дайындықтан (ұйымдастырушылық, өз ықпалына
ерту, ақпаратты жеткізу, дамыту, бағыттау, перцевтивтік қа-
рым-қатынас орнату, қолданбалы іскерліктері).
Л.М. Митина зерттеулерінде мұғалімнің елуден артық пе-
дагогикалық қасиеттерін тізіп көрсеткен: сыпайылық, ой-
лампаздық, талғағыштық, әсерленгіштік, тәрбиелілік, зей-
інділік, шыдамдылық пен өз-өзіне ие болу, мінез-құлық
иілгіштігі, азаматтылық, адамшылық, іскерлік, тәртіптілік,
мейірімділік, адал ниеттілік, идеялық сенімділік, баста-
машылық, адалдық, ұжымшылдық, сыншылдық, логика-
лық, балаларға деген сүйіспеншілік, бақылампаздық, та-
бандылық, жауапкершілік, қайырымдылық, жинақылық,
үйірлік, саяси саналылық, адамгершілік, патриоттық,
шыншылдық, педагогикалық эрудиция, алды артын ой-
лағыштық, принципшілдік, өз бетіншелік, өзіне сын көз-
бен қараушылық, кішіпейілділік, әділеттілік, байыптылық,
батылдық, өзін өзі жетілдіруге ұмтылу, әдептілік, жаңалық
сезу, өзінің абыройлық сезімі, жітілік, эмоционалдылық.
Осы қасиеттердің жалпы тізімі үздік мұғалімнің психологи-
ялық портретін құрайды. Осы портретттің өзегі, желісі өзін-
|