2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары 46
• жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімеде
қолдана отырып, тікелей немесе жанама түрде);
• жауапты түзете алады;
• оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме із-
деуге ынталандыра алады;
• оқушыларға маңызды мәселелерге назар аударуға көмек-
тесе алады. Бар назарын оқушыларды алдын ала белгілі жа-
уапты табуға жетелеуге аударған мұғалімдер, әдетте, олар-
дың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады.
Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүм-
кін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың
сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан
кейінгі кідіріспен қатар, көптеген зерттеулерде мұғалім
оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет
екені атап көрсетілген. Харгривс және Гэлтон (2002) жал-
пы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап
немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын
шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған. Харгривс
және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакция-
сы жауапты бағалауға, қайталауға немесе басқа сөздермен
қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын
үштен жеті секундқа дейін созса, бұл төменде көрсетілген-
дер сияқты басқа да параметрлердің өзгеретіндігіне әке-
леді:
1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.
2. Ерікті жауаптардың саны.
3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.
4. Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.