Педагогикалық аксиология туралы түсінік
Аксиология – құндылықтар туралы ілім. Білім беру аксиологиясы ұғымының мәні мен маңызы Аксиология – құндылықтар туралы ілім. Білім беру аксиологиясы ұғымының мәні мен маңызы.
Аксиология – құндылықтар туралы ілімі. Білім беру философиясы зерттейді: Аксиология ғылымының негізін қалаушы - Г. Лотц. Аксиология ұғымын мән деп түсіндіреді. Ғылыми термин ретінде аксиология ұғымын ХХ ғасырдың басында П.Лапи мен Э.Гартман ғылыми айналымға енгізді. Құндылық ұғымын философияның бір бөлігі - аксиология қарастырады. Грек тілінде “аксио “- құндылық, “логос”- ілім, ғылым дегенді білдіреді. Аксиология – құндылықтар, олардың табиғаты мен құрылымы, ақиқаттағы орны туралы философиялық ілім. Аксиология – құндылықтың табиғатпен, қоғаммен, мәдениетпен, тұлғамен және құндылықтармен өзара байланысын зерттейді. Аксиология ғылымының басты міндеті – құндылықтың болмыс құрылымында қандай орын алатынын және олардың шынайы фактілерге қатынасын анықтау болып табылады
Білім беру құндылық ретінде:
білім беру мемлекеттік құндылық ретінде
білім беру қоғамдық құндылық ретінде
білім беру тұлғалық құндылық ретінде
Білім беру мемелкеттік құндылық ретінде кез келген мемлекеттің адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына және оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей байланысты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деп айтқан сөздері бұл ойымызды дәлелдей түседі.
Білім беру қоғамдық құндылық ретінде
Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын түсіну оның қоғамдық маңыздылығына талдау жасауды талап етеді.
Қоғам мемлекет анықтаған басымдылықтарды, бағдарламаларды, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Білім беру тұлғалық құндылық ретінде
-тұлға үшін жеке мотивация мен ынталық қатынасын, сапасы мен деңгейін анықтайды. Білім беру тұлғаға өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді.
- тұлғаның мәдениеті, дүниетанымы, көзқарастары, өзіндік пікірі, тәжірибесі білім беру арқылы қалыптасады.
Білім беру тұлғалық құндылық ретінде
Өзгермелі әлеуметтік және экономикалы жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады
Философиялық ілімдердегі білім беру аксиологиясы
Философиялық ілімдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
Консерваторлық көзқарастар;
Либералдық көзқарастар.
Білім беруді дамытудағы негізгі проблемалар:
- қоғамымызды демократияландыру процесіне байланысты туындайтын проблемалар;
- авторитарлы педагогикадан ізгілікті педагогикаға ауысу жағдайында кездесетін проблемалар;
- білім берудің ұлттық моделін құрастыруға байланысты проблемалар;
- білім берудің жаңа парадигмасын анықтауға байланысты туындайтын проблемалар;
білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты проблемалар;
Білім беруді ақпараттандыру, компьтерлендіру
Білім беруді дамытудағы негізгі проблемалар:
- орта балаға бағдарланған оқытудан жекелей, тұлғалық-бағдарланған оқытуға ауысудағы проблемалар;
- білім беру сапасына қатысты мәселелер;
- білім беру мазмұнын анықтаудағы проблемалар (оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар);
- білім берудің қоғамның құндылығы ретінде маңызының төмендеуі
- жастардың тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтауына мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі және т.б.
Білім беруді дамытуға байланысты ұсыныстар
білім беруді ізгілендіру;
білім беруде тұлғалық тұрғыдан келу;
білім беруде құзыреттілік тұрғыдан келу;
білім беруді ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру.
Білім беруді ізгілендіру –
адамды адам ретінде тану арқылы жүзеге асады. Білім беруде адам білім алушыны басты құндылық ретінде тануды, оның құқықтары мен абыройын сақатауды талап етеді. Білім беруді ізгілендіру адамды жақсы көруді, оны құрметтеуді, адамды білім берудің орталық тұлғасы ретінде қарастыруды көздейді.
Білім беруді ізгілендіру - Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім, В.А.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили және т.б. еңбектерінде негізделген.
Тұлғалық тұрғыдан келу
адамның қайталанбастығын, ерекшелілігін, жекелігін мойындауға бағытталды. Білім беруде әрбір тұлғаның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруді талап етеді. Білім беруде бұл тұрғы тұлғаның өзі-өзі тануы, өзін-өзі өзектендіруі, өзін-өзі іске асыруы, өзін-өзі дамытуына жағдайлар туғызу қажеттілігін көрсетеді.
Тұлғалық – бағдарлы білім беру идеясы - Е.В.Бондаревская, О.С.Газман, Э.Н.Гусинский, В.В.Сериков, Ю.И.Турчанинова, И.С.Якиманская, А.Маслоу, К.Роджерс т.б. еңбектерінде қарастырылады.
Білім беруде құзыреттілік тұрғыдан келу -
өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамытуды және қалыптастыруды талап етеді. Ол үшін білім беруде білім алушының жеке тәжірибесін пайдалану, білім беруді диалогтандыру, білім берудің тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ету сияқты шаралар жүйесін жүзеге асыру қажет.
Құзыреттілік тұрғыдан келу Ш. Таубаева, Қ. Жанпейсова, Жадрина және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан
Білім беруді ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру
білім беруде сан ғасырлар бойы жинақталған ұлттық, тарихи, мәдени мұрамызды жаңғыртуды және оны жалпы адамзаттық құндылықтармен астасуын, үйлесуін қажет етеді. Білім беруде Әл-Фараби, Баласағұн, Қорқыт, Ақтамберді, Бұқар жырау, Абай, Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім Құдайбердиев,
А. Байтұрсынов және т.б. тұлғалардың мұраларына сүйене отырып, білім беру мен тәрбиелеуді іске асыру.
Білім беруді құндылық ретінде
түсіндіруде оның мемлекет, қоғам және тұлғалық маңыздарын ескере отырып, ХХІ ғасыр білім, ғылым мен мәдениет ғасыры екендігіне көз жеткіземіз. Білім беру еліміздің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуіміздің жолы болып табылады.
3. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Білім - бүгінгі күнгі жаһандану жағдайында өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі, құндылыгы болып табылады. Өлшем болатын себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады. Жаңа типті мектептерде қалыптастырылған сапалы білім сол өркениеттіліктің тетігі болып табылады. Себебі, адамзат баласын тамсандырған таңғажайып жаналықтар қашан да білімді - құндылық деп біліп, соған бүкіл мүмкіндіктерін жұмсаған.
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» деп атап көрсетілген болатын. Осыған орай қазіргі білім берудің максаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың нсгізінде дербес, жылдам өзгеріп жатқан бугінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп таүып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, Отанының әлеуметтік экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын жеке түлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуын камтамасыз ету, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекеттеріне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.
Білімділіктің түжырымды идеяларының дамуына байланысты мәсслслср айрықша өзекті болып отыр.
Осыған орай, білімге құндылық бағдар қалыптастыру мәселесі жан-жақты қарастырылып келген: философияда (Алексеев В. П, Дробницкий О. Г., Тугаринов В. П., Здравомыслов А. Г. т.б.) әлеуметтануда (Ядов В. А., Блауберг И. В., Любимова Т. Н. т.б) психологияда ( Леонтьев А.С., Божович Л. И., Непомнящая Н.И., Абульханова-Славская К. А., Давыдов В. В., Выготский Л. С, Узнадзе Д. Н т.б.), ал педагогикада (Казакина М. Г., Мальковская Т. Н., Кирьякова А. В., Мухина В. С, Дуранов М. Е. т.б.). Құндылық бағдар мәселесінің әртүрлі аспектілерін Қазақстан ғалымдары да зерттеген: жеке тұлғаның кұндылық бағдарының бірқатар, теориялық-практикалық негізі (Нұргалиева Г. Қ, Багаева И. Д., Васильева 3. И); педагогтік сынып оқушыларының болашақ кәсіптік іс-әрекетіне құндылық қатынасын қалыптастыру (Кикина Н. И.); педагогикалық баспасөзге сту-денттердің құндылық бағдарын қалыптастыру (Тленбаева А); жастардың құндылық бағдарын әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан зерттеу (Ядов В. Я., Ломов Б. П.) қарастырған. Сонымен, білімге құндылық бағдар жайында біршама ғылыми педагогикалық білімдер жинақталған.
Өз тарихымызға көз жіберетін болсақ, ойшыл ғұламаларымыз ерте кезден-ақ білім ұғымына жете көңіл бөлген. Мемлекет қайраткері, ойшыл Ж. Баласағұни өзінің «Кұтты білік» атты мұрасында: «Мемлекеттік ойлауды қалыптастырудың басты шарты білім», «Әмірші заңдар арқылы қанша мықты бола тұрып, ғалымдарсыз елді басқара алмайды» деп сол кездің өзінде білімді құндылық ретінде қарастырған. Ғылым - әлемді таңудың кілті болса, сол ғылымның негізі білімде жатқандығын ертеректе Қарақанидтер әулетінің әміршілері ол назарда ұстаи, нәтижесінде түркі мемлекеті әлемнің ең гүлденген, әрі мықты мемлекетіне айналған.
Ал, білімнің негізгі ірге тасы жаңа типті мектептерде қаланады. Көрнекті қоғам қайраткері М. Жұмабаев «Қазақтың тағдары, келешектс сл болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. Мектебіміздіц таза сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» деп білім мен ғылымның маңыздылығына тоқталған.
Елбасының бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды кілті мен құралдардың бірі - білім деп атап көрсетуі, біздің ойымызша оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру мәселесінің өзектілігін дәлелдейді. Алайда, іс-жүзінде оқушылардың білімге дегеп талаптарының артуы мен педагогикада оқушылардың білімге құндылық бағдарын қальштастыру мәселесінің теориялық тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылық бар екендігі анықталды. Осы қарама-кайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зертгеу проблемамызды айқындауға негіз болды. іздің егеменді еліміздің дамуына негіз болатын бір-ақ нәрсе ол оқушылардың білімді, бәсекелестік қабілеті бар, дербес, шығармашыл, өзін-өзі жүзеге асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін жаңа типті мектептердің оқушыларында білімге құндылық бағдарын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Себебі, білімсіз ғылым дамымайды. Ал ғылымсыз ел экономикасы, әлеуметтік жағдайы өркендемейді. Сондықтан бүгінгі еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері- ұлттық және жалпыадамзатты құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы жылдары философиялық пайымдау жалпы адамзат құндылығын бағалау мен педагогикалық ізденістергс жол ашты. Қазіргі таңда педагогикалық аксиология жайында сұрақ туындауда. Сондықтан, оқушыларды бағалау мен құндылыққа бағдарлау мәселелері дидактикада оқыту жеткіліксіз болып отыр. Құндылық бағдар мәселесімен акспологиялық құндылық, философиялық кұндылық, социология, әлеумет, жалпы психология, философия, мәдениет антропологиясы, педагогикалық психология айналысады.
Енді біз білім ұғымына тоқталатын болсақ, ол-адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларыныц жиынтығы болып табылады. Қазіргі өркениетті қоғамда білім билікпен тұтасып, қоғамды басқарудың құралына айналып отыр.
Сонымен білім дегеніміз қоғамды әлеуметтік мәдени-ғлыми үрдіспсн қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қоғам үшін де жоғары құндылық. Құндылық - бұл обьектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық ұғымы алғаш рет 19 ғасырдың ортасында пайда болған. Оған алғаш рет философиялық тұрғыдан Р.Ротце мен Г.Коген. Ежелгі философтардың пікірінше, құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланатын сұлулық, қайырымдылық, мейрімділік, сияқты этикалық, эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылық заттың, обьектінің адам үшін маңызды екенін айқындайды. Құндылық пәндік және субьективтік деген екі боліктен тұрады. Құндылық бағдар мәселесімен келесі ғылымдар айналысады: аксиологиялық құндылық, философиялық құндылық, әлеумет, жалпы психология, философия, мәдениет антропологиясы, педагогикалық психология. «Құндылық бағыттарын терминін алғаш рет АҚШ-қа қоныс аударған поляк шаруаларының өмірлік көзқарастарын зерттеу үшін 20-жылдары У Томас қолданған. Ғалым-педагогтар, құндылық бағдарды қалыптастыруда оқушының тәрбие құралын, даму және жас ерекшеліктерін анықтай отырып, қоршаған ортаның әлеуметтік ерекшелігін де сскерген. Құндылық бағдарын қараған кезде «құндылық» түсінігін жоғарғы ғылыми деңгейде қарау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |