Нандырудың саудагерлік әдістері. Үшінші топты құрайтын әдістер саудагерлік деп аталады, себебі олар басқа адамды қыстауға немесе оның ойы мен тәртібін бакылауға негізделген. Осы әдістерді пайдалана отырып, біз әңгімелесушінің «ауыратын сүйелін басамыз» және оны кейінге шегерілуін жүзеге асырамыз.
1. Әсірелеу әдісі: адамның әрекетінен тұратын, оқиғаның немесе салдардың нақты маңыздылығын әсірелеу. 2. «Анекдот» әдісі: әңгімелесушінің дәлелдерін анекдоттық оқиғаға немесе фактіге айналдыру. 3. Беделді қолдану әдісі: өзінің сөзін, ойын, өтініштерін адам беделдірек адамның (директор, ата-аналар және т.б.) сөзі арқылы жеткізеді. 4. Әңгімелесушінің беделін түсіру әдісі: дәлелдеудің орнына адам әңгімелесушіні кемсітеді немесе қорлайды (мысалы: «Сен бұдан не түсінуші едің!»).
5. Оқшаулау әдісі: қарсы пікір айту және дәлелдемелер келтіру үшін негіз ретінде әңгімелесушінің жалпы мәтінінен алынған, алғашқы ой кері мағынаға айналатындай етіп байланыстырылған жеке тіркестер пайдаланылады. 6. Бағытты өзгерту әдісі: әңгімелесуші ұсынған тақырыпты талқылағанның орнына, мұғалім өз тақырыбын талқылай бастайды. 7. Шатастыру әдісі: әңгімелесушіні сендіру үшін, оған жалған ақпарат береді. 8. Мерзімін ұзарту әдісі: уақытты созу үшін қажет емес сұрақтарды қою немесе белгілі мерзімге шешімді кейінге қалдыру (мысалы, «Кейін келіңіз (байыбына жетеміз)», егер мұғалім мерзімді көрсетпесе, онда бұл мерзімін ұзарту әдісі). 9. Шағымдау әдісі: жауаптың орнына мұғалім әңгімелесуіпінің аяушылығын шақыра бастайды («Менің қолым бос емес», «Мен бүгін шаршадым» және т.б.). 10. Қақпан-сұрақтар әдісі: сұраққа сұрақпен жауап беру, әңгімелесупгінің сөзін бөлу, «сауда».