Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әдетте қарым-қатынаста, оның ішінде педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің төрт негізгі тәсілін бөліп көрсетеді: жұқтыру, еліктеу, үйыту және сендіру
Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әдетте қарым-қатынаста, оның ішінде педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің төрт негізгі тәсілін бөліп көрсетеді: жұқтыру, еліктеу, ұйыту және сендіру.
Жұқтыру - бұл өзіндік мағыналық ықпал етуден немесе оған қосымшадан өзге байланыстың психофизикалық деңгейінде бір жеке тұлғаның басқаға эмоциялық жай-күйді беру үдерісі.
Жұқтырудың тарихи үрдістері жаппай психозға, діни экстазға, спорттық құмардың жаппай көріністеріне, дүрлігіске және т.б. байланысты зерттелді. АҚШ-та 1938 жылы Г.Уэллстың «Әлемдер соғысы» романы радио арқылы оқылғаннан кейін дүрлігістің туындауы кеңінен танылған. Адамдардың көбі (ресми деректер бойынша - 1 200 000 адам). Жерге марстықтардың басып енуіне сеніп, жаппай психоз күйде болған. Шамамен 400 000 адам кейін марстықтарды өз көздерімен көрдік деп сендірген. Жұқтырудың басқа мысалдары спорт жарыстарындағы жанкүйерлердің тәртібі болып табылады; адамға лық толып тұрған көлікке отырғызған кездегі, митингтер мен демонстрациялар уақытындағы адамдардың тәртібі; еңбекке құлшынысы және т.б.