Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әдетте қарым-қатынаста, оның ішінде педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің төрт негізгі тәсілін бөліп көрсетеді: жұқтыру, еліктеу, үйыту және сендіру



бет6/15
Дата14.02.2022
өлшемі111 Kb.
#131734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
13 дәріс 29.11

Ұйыту - бір адамның басқа бір адамға немесе топқа мақсатқа сай, айғақсыз ықпал етуі. Ұйытудың ерекшеліктері адамның оған келіп түсіп жатқан мәліметтер мен фактідерді бағаламайтыны, басқа ақпаратпен салыстырмайтыны, керісінше «сенім» деп қабылдайтыны болып табылады. Ұйытудың негізгі ерекшелігі оның адамның өз еркіне қарсы психикасына және тәртібіне әсерін тигізуінен тұрады және қылықтар, тырысулар, себептер мен қондырудан көрінеді.

Ұйытуды мұғалім сабақта және одан тыс уақытта пайдаланады. Жаңа материалды дәстүрлі түрде түсіндіру, жауап алу және бағаларды қою, дәріс, танымдық әңгімелесу, жиналыста сөйлеу - міне ұйыту әдісін пайдаланудың мысалдары. Мұғалім ұйытуға негізделе отырып оқушылармен жұмыс жасаған кезде, ол өзінің беделін ойлауы керек, орындалмайтын уәделер бермеуі керек, қорқыту-үркітуге жол бермей, сөзі мен ісінің алшақ кетпеуін, қорытынды-түйіндерін жақсылап ойлана отырып жасауы тиіс. Ол бұл қорытындыларды оқушыларға дайын түрде береді, сондықтан да олар күмән туғызбауы және дау-дамай мен талқылауға себеп болмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет