«Еліктеу - жалпы мысалға, өлшемге еру, адамдардың топтық бірігуінің негізгі құбылыстарының бірі». Еліктеу - қоғамда баланың тәртіптің әртүрлі түрлерін, іс-әрекеттерді, қарым-қатынас нормаларын, ұлттық мәдениет ерекшеліктерін, мамандықты игеру механизмдерінің бірі. Бала біреуге немесе бір нәрсеге еліктеген кезде, ол сыртқы келбетті (тәртіпті, жай- күйді) қабылдайды және оны өзінің тәртібінде көрсетеді. Есейе келе еліктеудің мағынасы өзгере бастайды, яғни жай ғана сыртқы көшірмелеуге қарағанда жағдайдың шынайы мағынасына көбірек көңіл бөлінетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |