Адам жұқтыру үдерісіне ұшырауға жақын дегенде, оның белгілі бір психикалық (эмоционалдық) күйге еріктен тыс жақын дегенді білдіреді. Бұл жағдайда адам өзінің ақыл-ойының жетегінде емес, өзінің бойында жүріп жатқан гармоналдық зат алмасудың ықпалымен әрекет ете бастайды. Ол өзінің әрекеттерін басқару, оқиғаны алдын-ала болжау, өзін және қоршағандарды бақылау қабілетін жоғалтады. Мектептегі позитивті де негативті де құбылыстар осы күйге ұласуы мүмкін. Оқу топтарының бір-бірімен жарысы кезіндегі еңбек құлшынысы, кұмары, пәнді зерделеу кезіндегі белсенділік пен қызығушылық және т.б. мысалдар жалпыға аян. Тәжірибелі мұғалімдер мен дәріскерлер жұқтыруды өз мақсаттарына - дәрісхананың белсенділігін арттыру, маңызды істі орындауға адамдарды жұмылдыру үшін біріктіру факторы ретінде пайдалануға қабілетті. Алдын ала жұқпалыны туғызудың себебі, қол шапалақтау, жаппай декламация, ұрандарды мәнерлеп айту, әдейі туғызылған қуаныш, жеке мысал (мысалы, сенбіліктерде), жалпы маңызды мақсаттардың барлығы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |