Байланысты: Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әде-melimde.com
Нандыру әдісінің қарым-қатынаста ықпал етудің қалған әдістерінен негізгі айырмашылығы логиканың болуы болып табылады. Логиканың және риториканың көмегімен ғана сендіру кезінде белгілі міндетке қол жеткізу мақсатында фактілер мен қорытындыларды іріктеу, реттеу жүреді. Нандыру әдісін пайдалану кезінде әңгіменің тақырыбын қатаң ұстану керек. Барлық дәлелдемелердің орынды және нанымды, көз жеткізетін қорытындылар үшін негіз болуын бақылау маңызды.
Сондай-ақ қарама-қайшылықтың болмауы туралы қағиданы сақтау маңызды: қорытындылар мен нәтижелер бір-біріне қайшы келмеуі тиіс, керісінше белгілі ізбен, бірінен кейін бірі болуы, біреуі біреуінің жанында болмауы тиіс. Тағы бір шарт - нандыру кезінде мұғалімнің және оқушылардың ішкі сезімі, оқушылардың дәлелдеме және қарсы тұрудағы тең құқығын мойындау.
Нандыру әдісіне негізделген, жақсы даярланған сабақ немесе әңгімелесу бес кезеңнен тұрады: 1. Кіріспе. Оның қызметтері - байланысты анықтау, назарды аудару және тыңдаушыларды әңгіменің тақырыбымен таныстыру (сыныпты, педагогикалық ұжымды, ата-аналарды). 2. Әңгіменің тақырыбы бойынша негізгі ақпаратты беру. Ақпарат салмақты әдепте, артық эмоциясыз, тыңдаушылардың түсінуі үшін нақты және қолжетімді беріледі. 3. Аргументтер. Мұғалімнің көзқарасын растайтын немесе сабақта мұғалім айтқан ережелерді дәлелдейтін дәлелдемелерді, мысалдарды, фактілерді келтіру.
4. Контраргументтер. Қарсы дәлелдерді, өзге де теориялық ережелерді, наразылықтарды және т.б. әшкерелеу. Осы кезең педагогке тақырыпты толық және қызықты түрде ашу мүмкіндігін береді. Тіпті, сыныпта қарама-қайшы дәлелдемелер болмаған кезде де, мұғалім оларды алдын ала дайындап, өзі келтіруі және әшкерелеуі қажет. 5. Қорытынды. Қорытындының қызметтері - қорытындылар шығару, жалпылау, қорытындыларды қайталау және келешекті анықтау (әрі қарай не істелінетін болады, кім не үшін жауап береді, орындау, бұдан әрі қандай тақырыптың зерделенетіні және т.б.). Соңғы қызмет өте маңызды, ол оқушыларға сыныпта болып жатқан үдерістерге енжар көрермендер емес, өздерін белсенді қатысушылар ретіндегі сезімін береді.