Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері



бет5/6
Дата09.10.2022
өлшемі22,68 Kb.
#152328
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әде-melimde.com

Нандырудың логикалық әдістері жиі түрде материалды түсіндіру кезінде сабақта мүғаліммен пайдаланылады: - Дедукция әдісі: ойдың жалпыдан жекеге өтуі. - Индукция әдісі: ойдың жекеден жалпыға өтуі. - Мәселелік баяндау: мәселелік сұрақтарды қою жолымен оқушылардың ой қызметтерін белсендетіп, мұғаліммен бірге шеше отырып теориялық жалпылауға, ережелерді және заңдылықты жасауға келеді. - Балама жүргізу әдісі болжауға негізделеді, егер екі және одан көп құбылыс бір тұрғыда ұқсас болса, онда олар басқа қарым-қатынаста да ұқсас болуы мүмкін

Нандырудың риторикалық әдістері немесе сөйлеудің шешендік тәсілдері мен мәнерлі құралдарын пайдалануға негізделген әдістер: - Іргелі әдіс: тікелей салыстыру, сандарды, бұлжымайтын деректерді пайдалану. - Салыстыру әдісі: барлық дәлелдеменің айшықты және мәнерлі ету мақсатында бейнелі түрде салыстыруды қолдану. - Қарама-қайшылық әдісі: әңгімелесушінің дәлелдемелеріндегі қарама-қайшылықты анықтау және осы негізде өз дәлелдемесін құру. - «Қорытынды шығару» әдісі: дәлелдеме барысында мұғалім аралық қорытынды жасайды және олардың негізінде соңғы қорытындыға келеді.

5. «Ия..., алайда» әдісі: әңгімелесушінің дәлелдемелері құбылыстың тек бір жағын ашқанда қолданылады. Бұл жағдайда мұғалім әңгімелесушінің дәлелдемелерімен келіседі, содан кейін басқа да жақтарын көрсететіп, өз дәлелдерін келтіреді. 6. «Бөліктер» әдісі: әңгімелесушінің сөзі екі бөлікке бөлінеді де мұғалім оларды талқылайды және әрбіреуіне өзінің дәлелдерін келтіреді. 7. Елемеу әдісі: мұғалім әңгімелесушінң аса маңызды емес нәрселерге көп көңіл бөлетінін, ал маңызды жайттарды елемейтінін байқайды. Ол осыған назар аударады, талдайды және орынды дәлелдер келтіреді. 8. Сауалнама әдісі: мұғалім бірқатар нақты және бұрын ойластырылған сұрақтар қояды, ол күтіліп отырған нәтижеге алып келеді. 9. Ашық қолдау әдісі: әңгімелесу барысында мұғалім өзі ұстанатын көзқарасты ұстанатын әңгімелесушілердің пікірін сұрайды.

Нандырудың саудагерлік әдістері. Үшінші топты құрайтын әдістер саудагерлік деп аталады, себебі олар басқа адамды қыстауға немесе оның ойы мен тәртібін бакылауға негізделген. Осы әдістерді пайдалана отырып, біз әңгімелесушінің «ауыратын сүйелін басамыз» және оны кейінге шегерілуін жүзеге асырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет