Педагогикалық эксперимент жүргізу



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі228,9 Kb.
#158719
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Эксперимент


Педагогикалық эксперимент жүргізу

Педагогикалық эксперимент жүргізу үшін мектеп аты бір жастағы 10 адамнан (8 – сынып) екі топ алынды: бір топ эксперименттік топ ретінде, екіншісі-бақылау тобы.


Тәжірибелік топта сабақтарда мотивациялық компонентке, сондай-ақ тәуелсіз зерттеулер жүргізу үшін қажет жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді.
Географияға деген қызығушылықты ояту нақты материалдар, проблемалық сұрақтар, зертханада да, оқу экскурсияларында да қызықты тапсырмалар, қоғамның және балалардың өмірінің әртүрлі аспектілерінде географияның пайдасын ашу, натуралияларды, үлгілерді, экспедициялардың фотосуреттерін көрсету, жергілікті жердегі практикалық жұмыстар, ойын тапсырмалары және т. б. арқылы әртүрлі тәсілдермен өтті.
Оқушылардың кез келген іс-әрекеті бағалануы керек деп есептелінеді. Өз бетінше іздену сияқты маңызды қызмет түрі жағдайында мұғалімнің бағалауы әрі қарай жұмысты жалғастыруға деген ынта-ықыласын төмендетпеу, «менмендікке» жағдай туғызбау, өзін-өзі ынталандыру үшін мүмкіндігінше ойластырылған және сауатты болуы керек. -дамыту және ынтымақтастық. Сонымен қатар, оқушының география сабағында жұмысын пайдалануы, жарыстарға қатысуы, мектеп газетінде жариялануы және т.
Тәжірибелік және бақылаушы топтарға 15 сұрақтан тұратын сауалнама толтырылды.Сауалнаманы төмендегідей диаграммамен талдайтын боламыз.



Тәжірибеге 10 ұл және 10 қыз оқушылар қатысты.



Тобына қарамастан географиялық сауаттылыққа деген қызығушылықтарын білу мақсатында қоғамдағы географиялық сауаттылық жағдайына назар аударадыма деген сұрақ қойдық.Тобына қарамастан қатысушылардың 90% көңіл аударатындарын білдірді. Яғни, географиялық сауаттылық мәселесінде оқушылардың қоғамда болып жатқан мәселелерге бей-жай қарамайтынын ұғынамыз.



Қатысушылардың бақылаушы тобынан тек 5%-ы ғана география пәнін жете түсінбейтіндерін көрсетті.

География пәніне деген қызығушылықты барлық қатысушылардың 70%-ы оң қабылдаса, тағы да бақылаушы топтың 5%-ы жауап беруде қиналатындарын білдірді.Яғни, пәннің негізін жете түсіне білмеген оқушылар, пәнге деген қызығушылық танытпайды деген тұжырымға келуге болады.





Пәнді түсіну, қызығушылық мәселелерін қарастырдық.Енді, оқушылардың сабаққа қатысу үлгерімі қаншалықты пәнге қатысты екеніне айырма жасайық.
Тәжірибеге қатысушы жалпы 20 оқушының жауабы 80%-ы себепсіз сабақтан қалмайтындарын көрсетті.Мұның 20%-ы ғана бақылаушы топтың оқушыларын құрайды.

Келесі сұрақ тәжірибелік топқа тікелей бағытталып қойылса да, бақылаушы топтың оқушылары 50%-ы «жоқ» деген жауап берді.Тәжірибелік топтың 10%-ы жауап беру қиын соғатындықтарын айтты.



Географиялық нысандарды тәжірибелік топтың оқушылары оңай таба аламыз деп сендіргенмен, бақылаушы топтың белсенсіз 5%-ы жауапсыз қалдырды сұрақты.



География пәнінің маңыздылығынжда оқушылар ойы екіге айырылды бірі маңызды деп санаса, бірі өмірге аса керек емес деп ой түйді. Алайда, басым көпшілігі география пәнін маңызды деп санайтындарын жеткізді.



Оқушылардың 70%-ы географиялық хабарлар қызықтыратынын жеткізді. Тек бір ғана нақты жауапты, тәжірибелік топтың оқушысы пайдалы қазбалар туралы бағдарламаны қызықтайтынын көрсетті.



Жалпы тәжірибеге қатысушылардың 55%-ы географиялық әдебиетке қызықпайтындарын көрсетті.Яғни, білімдерін тек мектеп бағдарламасымен ғана шектейтін оқушылар үлесі тәжірибелік топта 15%-ы да бар екенін көрсетті.

Оқушылардың топтық жұмысқа деген көзқарастары жалпы – оң.Баса назар аударатындары сабақтағы ұйымшылдық қасиетін атап өткен екі оқушы болды.Яғни, оқушылар топтық жұмыс жасап командалық бәсекелестікке де даяр екендерін көрсетті.

Жаңа сабақты жаңашыл технологиялар арқылы алғысы келетін оқушылар саны басым түсті.1 оқушы сұрақтың мәнісін түсінбесе керек, кәдімгідей, яғни күнделікті мұғалім өтіп жатқан формат көңілінен шығатынын білдірді.Демек дәстүрлі форматтың жақтаушылары біртіндеп азайып кеткенін көруге болады.

Жаңартылған білім бағдарламасымен тәлім алып жатқан оқушылардың көпшілігі үй тапсырмасының тест арқылы тексерілгенін қалайды екен.Дәстүрлі түрде түсінік айту, баяндау форматын құп көретін оқушылар үлесі де баршылық.



Маңызды сұрақтың бірі тәжірибелік жұмыстарға деген белсенділік оқушылардың жалпы үлесінен 80%-ы белсенділік танытатындарын білдірді.Тек бір ғана жауап орташа деген болды.
Сауалнама соңында география пәнін қандай пәндермен байланыста көретіндері жайлы сұрақ қойылды.

Өте қызық контраст болды деп ойлаймын.Басым көпшілігі әрине, тарихпен байланыстыратындарын жеткізді.
Қорытындылай келе, екі топты келесідей кестемен салыстырылды:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет