Педагогикалық факультет


Тақырып: Психологиялық кеңес процессінде қолданылатын практикалық психологияның бағыты классикалық психоанализ



бет10/21
Дата18.03.2017
өлшемі1,76 Mb.
#11841
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Тақырып: Психологиялық кеңес процессінде қолданылатын практикалық психологияның бағыты классикалық психоанализ.


Дәріс мазмұны:

1.Классикалық психоанализ теориялық негізі.

2.Қолданылу техникасы.

Мақсаты: Классикалық психоанализдің кеңес беру процессіндегі мәні және оның теориялық негізі жөнінде түсінік қалыптастыру.

1. Психоанализ- 19 ғасырдың соңында австриялық психиатр, психолог З.Фрейд негізін қалаған психологиялық бағыт. Ол истериялық неврозды зерттеу және емдеу әдісінен дамыды. Кейін Фрейд басты назарға рухани өмірдің қозғаушы күші, мотиві, құмарлғы мен мәнін алатын жалпы психологиялық теориясын жасады. Фрейд психиканың құрылымдық схемасын жасап онда 3 деңгейді бөлді: саналық, сана асты, бейсаналық..Тұлғаның кіна тағатые сезімі, ой. Қалаулары бейсаналық аймаққа ығыстырылып шығарылады да, ығыстырылып шығарылған мазмұнның кері санаға енуіне мүмкіндік бермейді. Бірақ бейсаналылық адамның психикасынан, әрекет-қылықтарынан көрініс табады. Мыс: түс көру невроз т.б. Психоаналитикалық терапия барысында осыны ұғыну ауыр симтомдардың жойылуына әкеледі. Фрейд алғашқыда неыроздың дамуын келесідей түсіндірді.. кейбір уақиғаларды адам психикалық травма ретінде қабылдайды және оның ауырлғына байланысты толығымен бастан кешіре алмайды. Сондықтан тітіркену тоқтатылады да, «аффктінің басылып тасталуы» жүзеге асады. Бұл феноменді түсіндіру үшін Фрейд энергия ұғымын қолданды. «Басып тасталған аффект энергиясы шықпағандықтан денеге түседі де оның қызметін бұзады». 2.Осы энергияның есебінен денелік аймаққа симтомдар қалыптасады.

Кейін психоанализде невроздың генезисін түсіндіруде теорилық бағыттар қалыптасты:

Динамикалық, топографиялық, энергетикалық, құлымдық. Т.б. Энергетикалық бағыт ұғымын қолдана отырып Фрейд невроздың пайда болуының 2 факторын бөлді: жыныстық конституция және инфантильды уайым.

Топографиялық бағыттың түсіндіруі бойынша невроздың пайда болуының маңызды шарт уайымды бейсаналық аймаққа ығыстырып тастау болып табылады..Ығыстырылған уайым ұғынылса симтомнаң мазмұны табылса, жазылу, емделу процессі жүреді. Динамикалық бағыт позициясынан невроз инстинктивті құмартулар мен олардың босаңсып шығуына кедеогі келтіретін күш арасындағы конфликт. Энергияның басаңсып шығуы түрлі әрекеттерде жүзеге асады.Мысалы:Біреумен қарсыласу, спорт, қатты уайым шегу, өш алуды қиялдау, тіпті ол адамның алдында бас ию.т.б.

Энергия қандайда бір объектіге , адамның бейнесіне, идея, затқа «байланады». Бұл процесс катексис деп аталады. Катекцияланған энергия байланып тасталғандай ол өзекті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін емес. Бұл невротикалық дему факторы.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Психоанализдің зерттеу пәні?

2. Психоанализдің негізін қалаған кім?

3. Психоанализдің негізгі бағыттары?

4. Катексис дегеіміз не?

6 дәріс



Тақырып: Психоаналитикалық дағдылар тренингі.

Дәріс мазмұны:

1 Сеттинг жасау және қолдау тренингі.

3. Өз уайымымен жұмыс жасау дағдысы.

2.Символизация



Мақсаты: Психоаналитикалық дағдылар қалыптастыруға бағытталған тренингтің мәні туралы теориялық біліммен қаруландыру. Психоаналитикалық дағдылар туралы түсінік қалыптастыру.

Психоаналитикалық дағдылар тренингі.



1. Үндемей тыңдай білу дағдысын қалыптастыру.

«Клиент –терапевт » жұбы болып өткізіледі. «Клиент» роліндегі адам стенаға қарап отырады, ал«терапевт» роліндегі адам клиентті еститіндей қашықтықта оның артына отырады. Нұсқау: «клиент еркін ассоцияциалар режимінде қалаған нәрсесі туралы айтады». Терапевт оны үнсіз тыңдап пациен қолдауды қажет етеді деген жағдайда оның иғына қолын тигізеді.



2. Контрпереносты байқау жаттығуы. Жаттығу үштікте орындалады: «терапевт-клиент-супервизор» Терапевт позициясындағылар топтан супервизорларын таңдайды. Жаттығу 3 кезеңнен тұрады.

1кезеңде «терапевт-супервизор» бір-бірінен терапиялық кабинеттерде шартты түрде бөлініп біраз арақашықтықта орналасады. Терапевтке нұсқау: «клиентпен терапиялық диалог ұстау және бұл процесте ақператты өңдеуден горі оның сезімін түсінуге бағытталу».Супервизорға нұсқау: « терапевттің ауысып отыратын клинттермен өзара әрекеттесуін бақылау, терапевтте пайда болатын қиындыққа назар аудару»

Клиентке нұсқау: «қандайда бір проблемеңызды терапевтті ауыстыра отырып айтып шығыңыз. Терапевттен терапевтке откен сайын бір тақырыпты ұстануға немесе оны өзгертіп айтуға болады»



2 кезеңіне «терапевт-супервизор»жұбы қатынасады.

Терапевтке нұсқау: «супервизормен бірге клиентпен өзара әрекеттесу жағдайындағы қиындықты және өз сезіміңізді, оның себебін талдаңыз »



3 кезең бүкіл топпен өткізіледі. Негізі –талдау, талқылау.

Жаттығу күшті эмоционалды реакция туғызады.



3. Контр переносты талдау дағдысын қалыптастыру.

«терапевт- пациент » жұбымен өткізіледі. Бірінші кезеңде пациент терапевтке өз проблемасын баяндайды, терапевт үнсіз тыңдай отырып әңгіме барысында еске түскен өзінің уайымдарын мұқият бақылайды.



Екінші кезеңде терапевт пациентті тыңдау кезіндегі өзінің эмоционалды реакциялары туралы айтады. Ал пациент үнсіз өзінің ішкі күйіне бағытталып, аталған сезімдердің қайсылары оның уайымын бейнелейтінін, сәйкес келмейтінін түсінуге тырысады.

Үшінші кезеңде талқылау жүреді.

4. Еркін ассоциалар.

Клиент өзінің ойына келген нәрсенің барлығын айтады. Еркін ассоциялардың мазмұны-бұрыңғы, болашақ, ой, сезім, қиял, түс.мұнда ығыстырылған бейсаналық сага деңгейіне шығады. Психоаналитик қолдаушы немесе сыншы позицияларын ұстанбау керек. Оның міндеті:тыңдау, бақылау. Өз жұмысының негізгі тәсілі-талдауды психоаналитик пациент оған дайын болған жағдайда жүргізеді.



5 Қарама-қарсылықты талдау.

Қарама-қарсылық-бұл психоаналитикалық жұмысқа клиенттің санасыз түрдедегі қарсылығы, неврозды терапиялық әсерден қорғайтын пациенттің ішкі дүниесі.Психоаналитиктің міндеті пациенттің қарсылығының неге және неліктен екенін анықтау. Әдетте оның себебі санасыз түрдегі мазасыздвқ, ұят, кінә деген құбылыстардан қашу.



6. Трансфера

Қарсылықты зерттеу процессінде З.Фрейд трансфера құбылысымен кездесті. Трансфера-бұл пациентің бұрын басқа адамға деген сезімдерін психоаналитикке аударуы. Психоанализбарысында клиент аналитикке бір роль беріп бұрыңғы өмірде болған уақиғаны қайтадан бастан кешіреді. Фрейд терминологиясы бойынша невроз трансференттіке айналады. Трансферентті невроздың механизмі келесідей: либидо энергия клиенттің өміріндегі маңызды адамынан психоаналитикке аударылады. Конфликтіні шешуде ол босаңсып бұрыңғы объектіге қайта оралмайды. Сондықтан трансфера емдеудің маңызды факторы ретінде қарастырылады. Аударуды талдаудың бірінші кезеңі идентификация



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Контрперенос дегніміз не?

2.Контрпереносты байқау жаттығуы неше кезеңнен тұрады?

3. Трансфера дегеніміз не?

4. Еркін ассоциация дегеніміз не?

5. Психоанализ қай ғасырдан бастап қалыптасты.


7дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет