Педагогикалық факультет


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет12/21
Дата18.03.2017
өлшемі1,76 Mb.
#11841
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Психотерапия дегенгіміз не?

2. Психотерапияның мақсаты не?

3. Психотерапияның рнегізгі мірндеттері?

4.Психотерапиялық бағыттарды атаңыз?
9 дәріс

Тақырып: Гештальттерапия.

Дәріс мазмұны:

1. Гештальт терапияның теориялық негізі.

2. Қолданылу техникасы.Ұғынуды дамыту.

Мақсаты: Студеденттерде психотерапияның негізгі бағыттарының бірі ретіндегі гештальтерпия туралы түсінік қалыптастыру, негізгі жұмыс ережелерімен таныстыру.

1. Гештальттерапияның негізін салушы- Ф. Перлз. Ол 1952 гештальтерапия институтын құрды. Гештальт термині неміс тілінен аударғанда «форма» дегенді білдіреді. Демек гештальттерапия бұл форма теориясы. Гештальт адамға өзін-өзі тануға , өзін-өзі қабылдауға , эталонға бағыттала отырып өзін-өзі өзгертуге көмектеседі. Перлз өзінің тұлғасының құртуының 5 әдісін атайды. Бұл интроекция, проекция, дефлексия, рефлексия, конфлуенция.



Интроекция. Интроект жат адамның тәжірибесі. Адам оны балалық шағында сыни ескертусіз қабылдайды. Адам өзінің тәжірибесіне қарама қайшы келетін басқа адамдардың сезім, тәжірибе, көзқарастары, нормаларды меңгереді. Уақыт өте келе интроекттер мен өз тұжырымдарын ажырату қиындайды.

Проекция. Проекция жағдайында адам өзінің мен концепциясында болғанды қаламайтын сапаларын мойындамайды, бірақ оларды басқа адамның бойынан көреді.

Дефлексия. Дефлексия тән адам сөзшең, ритуалдарға мән бергіш болып келеді.

Рефлексия. Тұлға қажеттілігі әлеуметтік ортамен блокталған яғни тежелген жағдайда оған жұмсалмай қалған энергияның адамның өзіне бағытталуынан көрінеді. Қанағаттандырылмаған қажеттіліктер- бұл аяқталмаған гештельттар. Аяқталмаған гештальттың ең жағымсыз нұсқасы бұл реніш, ол толық қанды қарым-қатынасқа кедергі келтіреді. Сондықтан аяқталмағанды аяқтау, сыртқа шықпай қалған эмоцияға ерік беру гештальт коррекциядағы маңызды ұстаным болып табылады.

Конфлуенция. Адамның өзінің ортасымен бірігіп кетуі. Ой, қалауларының басқа адмдардан ерекшеленбеуі.

2.Осы әдістердің нәтиежесінде адам өзінің ақиқат менінен айырылады. Гештальт коррекцияның көмегімен клиенттің ақиқат менін ашуға болады. Бұл өте ұзақ және ауыр процесс.



Жаттығу №1 Бірнеше минуттың ішінде қазіргі уақытта не сезінетіндігіңізбен, не байқап тұрғандарыңызды білдіретін сөйлемдер құраңыз. Әр сөйлемді «қазір», « қазіргі уақытта», «осында және қазір» деген сөз тіркестерінен бастаңыз.

Жаттығу №2 1.Айаналаңыздағы қозғалысты «керсінше кино» сияқты кері қозғалыста елестетіңіздер.2. Айналадағы заттардың қызметтерін алмастырып жіберіңіз. Қандай жағдайда орындықта тамақ ішіп , столдың үстіне отыруға болады? Астроном телескоппен айға қарап мүмкін айдан оған біреу қарап тұрған болар. Төбені еден деп ал еденді төбе деп елестетіңіз. Су асты қайықтары мен балықтардың ұшып бара жатырғанын елестетіңіз. Өз қиялыңыздың «шизофрениялық мүмкіндіктеріне ерік беріңіз».

Жаттығу№3 Таңертең төсегіңізден тұрмай қалғаныңызды елестетіңіз не болар еді? Сіз бір күні «жоқтың» орнына «ия» деп айтып қойсаңыз не болар еді? Егер сіз 10 сантиметрге ұзын болсаңыз не болар еді? Немесе 10 килограмга салмағым көп деп елестетіңіз. Сіз әйел жынысы емес ер жынысымын деп елестетіңз немесе керсінше.

Жаттығу№4 1.Біраз уақыт бойы қандай да бір визуалды объектіге назар аударыңыз. Назар аудара отырып қоршаған ортадағы заттардың ішінен сол объектінің бөлініп фигура ретінде көрінуін бақылаңыз.Қалған объктілердің фонға ысырылуын бақылаңыз. Кейін назарыңызды көршілес объектіге аударыңыз бақылаңыз. 2. Дәл бірінші жағдайдағыдай фигура ретінде қандайда бір дыбысты алыңыз. Одан кейін денелік сеземіңізге назар аударыңыз.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Гештельтерапияға түсінік беріңіз?

2. Гештальт дегеніміз не?

3. Гештальт терапияның негізін кім қалады?

4. Гештальтерапияның жаттығуларының мақсаттары неде?

5. Гештальтерапияның қандай жаттығуларын білесіз?

6. Интроекция дегеніміз не?

7.Проекция дегеніміз не№

8. Конфлуенция дегеніміз не?

9.Дефлексия дегеніміз не?

10дәріс

Тақырып: Гештальт терапия..

Дәріс мазмұны:

1. Гештальттерапияның топтық техникалары.

2. Техникалары.

Мақсаты: Гештальтерапияның техникаларымен таныстыру, олардың қолданылулары туралы біліммен қарыландыру.

Жаттығу №1

Өз саналық әлеміңізді 3 зонаға бөліңіз.



  1. сыртқы әлем

  2. денеңіздің ішкі әлемі

  3. сезіміңіз, ой және қиялыңыздың әлемі.

Партнеріңізді таңдап біріңізге біріңіз қарап отырыңыз.Өзіңізді бос ұстаңыз. Сыртқы әлемнен сезінентіндеріңізбен бөлісіңіз. Мысалы:қоршаған ортадан дәл сол жерде не түйсініп отырғаныңызды айтасыз ( жарық, иіс, партнердің тур әлпеті тб)5-8 минут әңгімелесіңіз. Партнеріңіздің сезінулерін мұқият тыңдаңыз. Одан кейін 2 және3 зонадағы сезінулеріңіз туралы айтыңыз.

Жаттығу №1 Тастанды дүкен. Мақсаты: Қиялды жаттықтыруға , идентификацияға, тұлға сапаларын дамытуға арналған. Бұл әдіс гештальт терапияда қолданылады. Бұл жаттығуды Джон Стивенсон ұсынды. Жаттығу арқылы тұлғаның бұрын байқалмаған жақтарын байқауға болады.

Қажетті уақыт: 1- сағат.

Қажетті құрал : жайлы бөлме,жағымды әуен.

Нұсқау: Көздеріңізді жабыңызда, денеңізді босатыңыз. Сіз көз алдыңызға түңгілік уақытта қаланың көшесімен келе жатырсыз, жан-жағңыңызға қараңыз. Сіз нені көріп тұрсыз. Сізге қандай дауыстар естіледі? Иістер?Міне сіз қараңғы бұрышты байқап қалдыңыз. Соған бұрылыңыз. Сапарыңызды жалғастыру барысында сіз ескі тастанды магазинді көресіз.

Магазиннің сыртқы әйнегі өте лас, ал егер жақсылап зейін салып қарасаңыз магазиннің ішінде бір зат қалып қойғанын көресіз. Соны тауып алуға тырысыңыз,енді сіз орталық көшеге шыққанша тағы да жүресіз. Одан кейін шындық өмірге , яғни топқа ораласыз.

Топқа келгеннен кейін әркім өз сыбайласын тауып алуға немесе топ-топқа 5-6 адамнан бөлініп 5-10 минут талқыланалды. Әрбір қатынасушы магазинде қалып қойған затқа сипаттама береді. Енді сіз сол заттың атынан сөйлеңіз. Барлық адам тастап кеткен тастанды болуды түйсініңіз. Сіз өзіңізді қалай сезінесіңіз? Неліктен сізді тастап кетті?

Сізге осы зат орнында болу қандай сезім әкеледі? Бірнеше минуттан кейін өз-өзіңізге келеңізде, тағыда сол затқа қараңыз. Одан бір жаңалықты көресіз бе?

Жаттығу№2 Тікелей ұғыну

Жаттығу№3 Ауыспалы ұғыну

Жаттығу№4 Сипаттау

Жаттығу№5 Медитация

Жаттығу№6 Сана ағымы

Жаттығу№7 Үш фраза

Жаттығу№8 Кеңістіктегі сіздің қалпыңыз.

Жаттығу №9 Дене түйсігін күшейту

Жаттығу№10 Біздің бет әлпетіміз.

Жаттығу№11 Сенсіз өмір

Жаттығу№12 Шынайылыққа деген сіздің қабілетіңіз.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Гештельтерапияға түсінік беріңіз?

2. Гештальт дегеніміз не?

3. Гештальт терапияның негізін кім қалады?

4. Гештальтерапияның жаттығуларының мақсаттары неде?

5. Гештальтерапияның қандай жаттығуларын білесіз?


11 дәріс

Тақырып: Трансакттылы талдау.

Дәріс мазмұны:

1.Теориялық негізі.

2.Қолданылу техникасы.

Мақсаты: Трансактылы талдау және оның қолданылу техникасы жөнінде түсінік беру, негізгі жұмыс ережелерімен таныстыру.

Бұл кронцепцияның негізін қалаушы Э.Берн. Адамдардың қарым-қатынасын зерттей отырып әр адамда болатын үш түрлі мен күйді сипаттап берді. Адам үшін тұлғалық құрамды бөліктер өте қажет.



Ата-ана- әрекет ету ережелері, тиым салу, кеңес айту, қамқорлық жасау қажеттілігі. Бұл ақпараттарды адам ата-анасынан, ересек адамдардан меңгереді. Тұлға құрылымында бұл құрылым тежелсе адам принципсіз, аморальды адамға айналады.

Бала- адамда сенгіштік, шығармашылық, ашушаңдық, қырсықтықтың пайда болуы.

Ересек- рационализм, объктивтілік, өз тәжірибесінің негізінде шешеім қбылдау басым болады.

Девиздер: Бала- ұнайды, маған керек.

Ересек- пайдалы, мақсаттылы.

Ата-ана- тиіссің.

Э.Берн адамдардың бір-бірімене қарым-қатынас жасауларында белгілі стереотипттерді көрсетті.

1. Мінез- құлық стереотипінің бірінші стереотипі ойын


2. Тұлға аралық қарым-қатынастағы екінші стереотип- сипау және соғу.

3. Мәжбүрлеу.

4. Трансакция.

5. Тұлғаның психологиялық ұстанымы мен позициясы.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Трансактылы талдаудың негізгі мақсаты?

2.Оның негізін қалаған кім?

3. Трансакция дегніміз не?

4. Трансактылы талдау бойынша тұлғада қандай тұлғалық «мен»-дер болады?
12 дәріс

Тақырып: Денеге бағытталған психотерапия

Мазмұны:

1.Теориялық негізі

2.Қолданылу техникасы.

Мақсаты: Студенттерге денеге бағытталған психотерапияның теориялық негізі және техникасының қолданылу ережелері мен ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.
1. Денелік бағдарлы терапия - Психологиялық – денелік кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін терапия. Денеге бағытталған терапияның негізін салушы В.Райх. Денеге бағытталан психотерапияда Райхтың «биоэнергетикалық» әдісі Лоуэн әдісі, Фельденкрайс қолданылады. Мақсаты дене бұлшық етіне түскен психологиялық күштенуді дене жаттығулары арқылы шығару. Денелік – бағдарлы психотерапиядағы негізгі ұғым - Бұлшықет сауыты. Денелік терапияның шаралары- денелік жағдайды бағалау, тыныс алу. Денелік – бағдарлы психотерапияда «алғашқы терапия» ұғымын енгізген ғалым - Артур Янов. Көңіл-күйге әсер ететін химиялық және электрлік алмасулардың жиынтығы - биоэнергетикалық мұхит деп аталады.

2. Артур Янов, Райх т.б әдістері.



Мақсаты: биоэнергетикалық терапияда тынысалу жаттығуы түрінде қолданылады. Қатынасушылар энергиялық балансын толықтырады және өзіндік денесін сезінуді күшейтеді.

Қажетті уақыт: 15 минут.

Жүру барысы; Тынысалу топта синхронды, энергиямен және энтузиазмамен басталу керек. Біріншіден қатынасушылар шеңберге тұрады. Аяқтарыңызды 1 -метр алшақ ұстап ауырлық күшіңізді аяғыңыздың алдыңғы жағына түсіріңіз. Тізеңізді кішкене бүгіп, ал денеңізді бос ұстаңыз. Қолыңызды ішіңізге қойып қарсы тұрған адамның көзіне қарап

визуальды контакт жасаңыз. Ауыз арқылы демалыңыз, деміңізді ішке жинаңыз.Содан кейін деміңізді сыртқа шығарыңыз, ол дыбыс аяқталғанға дейін созылуы керек. Қайтадан жай демалыңыз.Осылай 16-рет терең және жай демаласыз. Асығуға болмайды онда басыңыз айналуы мүмкін. Сіз дем алғанда не кедергі келтіреді, бәріне көңіл аударыңыз.

Жаттығуды аяқтағаннан кейін сілкініңіз, қолыңызды төмен түсіріп түзеңізді бүгіп жазыңыз. Осыдан кейін тұрған орныңызда бірнеше рет секіріңіз. Секіру жоғары емес. Сәл ғана еденнен көтерілуі тиіс. Шаршағанша секіріңіз, сосын тізеңізді жазып демалыңыз.

Ұйқыдағы ару.

Бұл қатысушылардың дені қыз бала болғанда жүзеге асқаны абзал. Бір қатарға тұрып, аттарын айтады да, қолдарын кеудесіне қойып, көздерін жұмады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша қатынасушылар әр жерге бытырап кетеді. Қатынасушының біреуін түртіп, атын айтады. Ал ол осы әрекетті жалғастырады.Аты бір рет аталған ойыншы қайтадан аталмауы керек.Ойын қызықты болуы үшін уақыт белгілеуге болады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Денеге бағытталған спихотерапияның мақсаты?

2. Денегне бағытталған психотерапияның негізін салған кім?

3. Денеге бағытталған психотерапия қандай принцип бойынша жұмыс жасайды.

13 дәріс

Тақырып: Психологиялық тренинг мәні

1.Психологиялық тренинг

2.Тренингтегі кері байланыс

Мақсаты: Болашақ маманда психологиялық тренинг оының жұмыс ережелері, принциптері , практик психологтың жұмысында алатын ролі жөнінде түсінік беру.

Психологиялық корекциялық қызметтің ең негізгі түрі -тренинг.

Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін жшоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің

қабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет.Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді.

Тренинг жүргізу тренердің тұлғасына үлкен талаптар қояды.

Тренер тұлғасында: - Энергия.



  • Хабардарлық..

  • Тәжірибе.

  • Билік.

  • Ақылдылық..

  • Харизматикалық

қасиеттер болуы тиіс.

Энергия.

Энергия- бұл потенциалды күш, ол өзгелерге энергия беруі үшін өте қажет. Әлсіз,сылбыр. көңілсіз тренер тренингтің тек теориясын ұғындыра алады да,қатынасушыларды табиғи, стихиялы мотивпен басқара алмайды.Ал энергиялық күшті заряды бар тренер, қатынасушыларға күш беріп қана қоймай, кеменің желкенін қажетті бағытқа бұра алады.

Тренер энергия шығарушының үлгісін көрсетіп, қатысушыларды өзіндік ішкі зарядпен энергия беруі, жұқтыру және толықтырып отыруы, магнетизм күшімен тәуелсіз қимылдап сол энергияны өзгелерге сендіре алуы тиіс. Тренердің ең басты энергиясы – биологиялық энергия. Ол биологиялық энергиясын өзгелерге көрсете алуы тиіс. Сонымен қатар тренерге; бойшаңдық, тамақ таба алу, зат алмасу, материалдық жүйелерінің жаңартылуы, көбею, таратылу қабілеті болуы қажет. Бойшаңдық, гүлдену, зиялылық, тренердің сырт келбетінен көрініс тауып өзін-өзі презентациялауда өзгелерді өзіне тарта біліуі тиіс.

Қатысушылар сіздің өскеніңізді, әрі қарай өсіп дами түсетініңізді сезінуі тиіс.Сізді гүлденіп ақша табуда еш қиындық көрмейтін, көбей, таратылуда проблемасы жоқ адам ретінде ұғынулары қажет.Тренер сырт келбетінен дамыған дами түсетін басында еш қиындығы жоқ адам кейпін көрсетуі тиіс.

Биологиялық қалыптылық тренинг өткізуде фон ретінде өте қажетті. Тренер жаңа шығармашылық тапсырмаларды тез шешуге қабілетті. Тренер идея ұсынушы, дамытушы ғана емес, өзгелердің идеяларын ұғынушы және дамуға мүмкіндік беруші тұлға.

Хабардарлық.

Тренер псхология, биология, физиология, менеджмент және практикалық өмірден хабардар болуы тиіс. Хабардарлық кез-келген эксперименттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кең көлемді таным және білгеніңді қызықты етіп әңгімелеп беру – топта кез-келген эмоциональды қиындықты жеңе алуға көмектеседі. Кез-келген жағдай тіпті жағымсыз болсада білетін жағдаймен салыстырылып жаңа білім көрсеткіштері арқылы шешіліп отырылады.



Тәжірибе.

Тренердің тренинг қызметінде әртүрлі өмірлік аймақтарда тәжірибесі болған жөн. Өзіндік тәжірибе арқылы адамдарды басқара алуы тиіс.



Біліктілік.

Тренер жан-жақты ғылым салларына білімі терең болуы тиіс. өзі айтатын әңгімесі мен әрекетінің құндылығына сенімді адамның кейпін көрсетуі тиіс. Ол өзінің кез-келген сөзіне 100% сенуі және өзгелерді сендіре алуы қажет. Өзіне сенімді тренер өзгелер мүлтіксіз орындайтындай нұсқау бере алады. Ол үшін сенімділік әзілқойлықпен ұштасып отыруы керек. Ол топқа нақты, ашық, қарапайым сенімді нұсқау беру арқылы қатысушыларға мотивация береді. Билікті өзгеге беру және өзгені тыңдау, өзің шешім қабылдау жауапкершілігінен құтылу мазасыздықтан құтқарады. Сенімді , толыққанды команда адамдарға мотивация беріп, уақытша жауапкершілігінен босатады.



Ақылдылық..

Тренердің ақыл-ой процесі жеткілікті түрде қозғалғыш болуы жөн. Тренер кез-келген проблеманы жеңіл шешіп өзгелерге жол көрсетуі тиіс.Кездескен жағдаяттарда қатынасушыларды дұрыс бағытқа сілтеуі жөн. Сонымен қатар ақыл-ойы икемді болып, белгілі бір проблеманы шешкенде, сол жағдайға, сол адамның жас ерекшелігіне сай шеше білуі тиіс.



Харизматикалық..

Тренер идеал тұлға ретінде қатынасушылардың қарағысы келе беретін, оның артынан еріп жолын қуғысы келетін адам болуы тиіс. Кез-келген тренерде харизматикалық қабілет болуы қажет.Сырт келбетіңнің жұғымдылығы электірлік лампадай табиғи шырақ, жарық береді. Адамдар арнайы шамымен емес, кездейсоқ табиғи шырақ пен өнімді жарқырап, жүректерді жылтатын адамға сенеді. Тренер қатынасушыларға қаншалықты ұнауға талпынса соншалықты өзіндік табиғи харизмасын жоғарылатады.

Өзімен- өзі болудың бір жолы- өзгелердегі табиғи көріністерді өзіне дарытуға талпынбай, өзіңдегі бар табиғи қасиеттерді дамыту. Тренер жарқырап өте айқын көрінуге тырыспай жан дүниесінің ашықтығын көрсете білгені жөн. Қатынасушылар сұрақ қойса шынын айтуға тырысуы керек, ол қатынасушылардың ашылуына жол ашады. Белгілі бір шындықты айту қаншалықты қиын болса, оның қатынасушыларға маңыздылығы да соншалық.. Қарапайымдылық, шынайылық,, харизматикалық қабілеттің ең табиғи көрінісі.

Психологиялық тренинг қазіргі уақытта белсенді әлеуметтік-психологиялық уйрету әдісі ретінде және психологиялық жұмыстың қарқынды дамып отырған түрі. Психологиялық тренингтер алуан түрлі бірақ оларға тән ортақ сипаттар болады.

1. Топтық жұмыстың принциптер қатарын сақтау, қатынасушылардың белсендігі, партнерлік қарым-қатынас яғни әр қатынасушының тұлғалық құндылықтарын қабылдау, топтық жұмыс процессіндегі қатынасушылардың зерттеушілік позициясы, кері байланыстың қамтамасыздандырылуы.

2. Топтық жұмыстың белсенді әдістерін қолдану- интерактивті ойындар, топтық дисскусиялар.

3. Топ мүшелерінің арасындағы өзара құатынасқа акцент қою. Топ мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жүйесі топтық динамика деп аталады.

4. тұрақты топтың болуы. Кездесуге қатынаспай қалу, қолдау таппайды және кездесуде айтылғанды топтан тыс талқылауға болмайды. Өйткені ол жұмыс процессінде жұмсалатын эмоциялық энергияның жойылуына әкеледі.

5. Кеңестіктің ұйымдастырылуы.

6. Топ мүшелеріне психологиялық көмек көрсетуді мақсат ету, соған бағытталу. Тренингтің нәтиежесі қатынасушыларда білім және білік жүйесін қалыптастырумен шектелмейді, психикалық күйді жақсарту және келешекте өзіндік өсуді үшін импульс алуға үлкен мән беру.

7. Еркін қарым-қатынас, ашық , жағымды атмосфера.

2. Тренингтегі кері байланыс.

Кері байланыстың орындалуы үшін екі шарт орындалуы керек.

1. Адам туралы ақпараттың түсуі.

2. Сол адамның ақпараттарды қабылдауға дайындығы.

Кері байланыс келесі талаптар қатарына жауап беруі керек.



1. Бағалаушы сипатта емес , сипаттама беруші ретінде болуы керек.

2. «Осында және қазір » принципі бойынша жұмыс жасау керек.

3. Спецификалық болуы яғни қатынасушының тұлғасына емес нақты бір әрекетіне қатысты болуы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Психологиялық тренинг дегеніміз не?

2. Психологиялық тренингте қандай принциптер мен ережелер ұстанылуы керек?

3. Тренингтің маңызы неде деп ойлайсыз№

4. Психологиялық тренингке қатысты негізгі ұғымдарды атаңыз?
14 дәріс

Тақырып: Топтық психотерапия

Мазмұны:

1. Т-тобы

2. Т – топтарын қолдану аясы және оны кеңіту.

Мақсаты: Топтық психотерапияның теориялық негізі және оның жұмыс ережелері туралыы біліммен қаруландыру. Жұмыс жасау техникасымен қаруландыру.

1.Барлық Т – тобтарының мақсаты өзін - өзі және басқаларды тереңдете түсіну, сонымен қатар топта болып жатқан процестерді түсіну арқылы және тұлғаны дамыту болып табылады.Бұдан басқа Т – тобы жеке тұлғалар аралық өзара қатынасты жүзеге асыруға үйрету зертханасы ретінде де қолданулуы мүмкін.Бұл топтың мүшелері өздерінің сөйлеу тәсілдерін зерттей отырып, басқа топ нұсқаларын да қолдана алады. Т – тобында қалыптастырылып жатырған коммуникативтік дағдылар іс-әрекетті бейнелеуге, өзінің ойын айтуға, тыңдай білуге, қайта байланысты жасауға және пікірталасқа түсуге үйретеді. Осы дағдыларды жақсы меңгеру топ ішіндегі ұялшақтықты және бөлінушілікті жаяды, топтың мүшелерінің бірігуіне және алға қойған мақсатқа жетуіне әкеледі.

Іс - әрекетті бейнелеу дегеніміз – басқалармен жүзеге асырылатын нақты іс - әрекеттерді ауызша түсіндіру. Бұл нақты іс - әрекетті түсіндірудің ішіне бағалауды, мүмкіндіктерін салыстыру сияқты мәліметтер кірмейді. Осылайша, байқайқаушылыққа сүйенген кері байланыс жеке тұлғаның өз әрекетін түсінуге, оны түзетуге үйретеді.

Сезімді – беру бұл да бір құнды білік. Ол өзінің ішкі дүниесін нақты түсінуге және ол туралы айтуға бағыттайды. Адамның сезімі әр – түрлі болады, сондықтан басқа біреудің сезімін түсіну қиын болады, оны курыс түсіну де мүмкін. Топ мүшелері бір – біріне өз сезімдерін түсінуге көмектеседі, тек осы жағдайда ғана келесі жақтың пікірі дұрыс қалыптасады.Өз сезімі туралы хабар беруші «мен», «мені» деген есімдіктерді немесе метафораларды қолдануы тиіс: «Менің бетім қызарып кетті» сонымен қатар біз жие өз сезімізді түсіндірмейтін сөздерді де қолданамыз.

Көпшілік жағдайда сезімді оймен шатастыру кездеседі. Ой – бұл ішкі дүниенің жағдайына байланысты қотындылар мен шешімдер, бірақ оларды бейнелеу емес. Егер = «Мен сезінемін, Линдадан көмек аз» немесе «Мен сезініп тұрмын, бұны маған жасауға болмайды» - бұнын бәрі пікірлер, оны «мен ойлаймын» деп бастаған жөн.

Белсенді тындау – басқа адаммен айтылған ойды жауапкершілікпен түсініп қабылдау. Бұл жағдайда сөйлеуші адам сұрақ қояды, онымен айтыған сөздердің қаншалықты қабылданғанын түсінуге тырысады. Карл Роджерс және оның әріптестері анықтағандай өзара көмекті негізгі құрастырушы дағдаларына байланысты белсенді тындауға үйретуге болады.

Бұл түсініктің тұқ етері – тыңдауға және оны түсінуге үйрету. Бұл орайда «Эмпатия» түсінігі кен қолданылады. Қазіргі кезде «эмпотия» тиімді терапевтік қызметтің жағдайы емес, нақты байқалатын іс - әрекеті нысаны ретінде қолданылады. Нақты эмпотиялық түсінуге алдын – ала дайындалғанда оған тез уақытта үйренуге болатындығы туралы эмпотиялық куәгерліктер көп.

Конфрантация – бұл тек дамытуға ықпалдасып қоятын емес, оған нұқсан келтіретін коммуникацианың неғұрлым кездесетін нысаны. Конфрантация туралы әр – түрлі пікірлер кездеседі, оның ішінде адам басқа адамның іс - әрекетін талдай отырып, өзінің бойында кездесетін кемшіліктерді түзетуге тырысатындығы жөнініде айтылған. Егер ақылмен қолданса конфрантация адамдарды өздерінің іс -әрекеттерін тереңдеу зерттеуге және оны жақсы жаққа түзетуге көмектеседі. Конфрантация сол жағдайда жемісті болады, егер үміткер:



  1. Конфрантация бағытталған адаммен жақсы қатынастарды орнату, онымен неғұрлым жақын қарым – қатынасқа әзірлігін білдіреді.

  2. Конфрантацияны талап ретінде емес, өтініш ретінде көрсете білу.

  3. Әріптесінің жасырын әрекеттері туралы емес, оның нақты көрінетін іс - әрекеттері туралы айту.

  4. Бұрыс емес, дұрыс позитивтік конфрантацияға тырысу.

Топтық жұмыстың структуралы формасы. Қазіргі уақытта Т – топтпары өз жұмыстарының структурасын жасауға, мақсатын айқындауға кесте жасауға көп уақыт жібере алмайды. Сондықтан топ жетекшілері қатысушыны ролінде болып, көп жағдайларды топ мүшелерін байланыстыруы керек, топ өмір сүрген уақыт ішінде. Ең алдымен структуралы лабораториялық сабақтарында олардың спецификалық мақсаты айқындалып алынуы тиіс, содан соң оның тапсырмасы, әрекетімен жаттығуы мақсатқа жетудегі әрекет көзі анықталу керек. Топ арасындағы біріккен әрекетте әсіресе концептуалдық қатынас, топтық норма топ жұмысына қатысушылардың дәрежесі, топтағы атмосфера, жұмыс шешімінің процесі анықталады. Жетекші ортақ сұрақ қояды, топқа онын мақсатын білдіреді. Содан соң топ оны өзінше шешуге тырысады.

Арнайы дайындалған әрекет түрлерін анықтауға болады және әртүрлі жағдайға байланысты көмек, көшбасшылық функциасын басқару тәсілін ұсынуға болады. осындай тапсырмаларды шешуде топ мүшелерінің арасында байланыс туады, ал жетекші оларды сүйемелдеу үшін әрбір мүмкіндікті падаланады.

Мекемеге Т – топтарын пайдалану

Т – топтары алғашқы дабыл кезінде қоғамды өмір дағдысып үұйрету негізіндегі аз құрылымдық тенинг топтары негізінде қалыптасты. 60 – жылдардың аяғы мен 70 – жылдардың басында Т – топтары мен сензитивті даму топтары түрлі мекемелерде қолданыла басталады, жұмыс уақыты жағдайында конфликті жағдайларды шешуге және жана қызметкерлерге көмек ретінде тысшан кеңесші шақырылды. Бұндай шақырулардың нәтижесі кей кезде ойдағыдай болмады. Сензетивті тренингтер өте көп

Қазіргі кезде Т – топтары жұмыс уақытында ондай көп қолданылмайды. Олар жоспарлық реорганизация әдісінде қолданылады, ол «мекемелік даму» деген атпен белгіленген , бұл тәсіл арнайы дайындалған шаралар кезінде кадр ресурсын толық және эффиктивті пайдалануға арналған.

«Мемілекеттік дамудың» басты мақсаты бөлімшелер арасындағы конфликтіні шешу, бірігіп басқарудың әдісін дамыту және шешім қабылдау процедурасын жақсарту.

Суреттелген тәсіл, алынған тәжірибе негізіне сүйене отырып жағдайды алдын ала толық зерттеуден басталады. Жеке қызметкерлер туралы ақпарат алу, оларды қызметкерлерге жеткізу, қайта байланыс осы тәсілге кіреді. Осындай дәрежеде Т – топтары лабараториялық тренингте әдісті тар бағытқа ысырып «команда құру» деген атқа ие болады. бұл әдістердің басты идеясы жұмысшылардың қатынасын қаратпа сөз арқылы жақсарту емес, сол қатынастарға, мекемемен жұмыс топтарының қатынасына назар удару болып табылады. Леонард Бланк өзінің бір жұмысында өзіне ұнаған корикатураның мазмұнын бейнеледі. Екі әйел шаштаразда фена жасап отырып,өздерінің психокорекционерлік топтарындағы сабақтарынан алған әсерлері туралы сөз алысып отырып, біріншісі екіншісіне «білмеймін маған бұл топтың әсер тигізерін, бірақ басқалары туралы онда сондайды естідім !» Бұл ескерту кейбір Т – топтарының білім деңгейіне дәл көрінеді. Сонда да көпшілік Т – топтарында кейбір керекті көрсетулер жеке өзгерістер бойынша керекті шарттар таралады. Біріншіден қатысушылардың және олардың бірін – бірі түсінушілік процесінің коммуникативті дамуына топтар себеп болады. екіншіден , Т – топтары өзіне ұқсауға,жетуге көмектеседі және толық жетуге дегн бағытты ұстанады.

Т – топын зерттеу

2.Қазіргі уақытта бұл толық түсінікті емес, Т – тобы өзінің болатын өзгерістеріне әкеледі. Х.Эмпиден Тернер экзистенцианалды оқытудың жобасын және жеке дамуды ұсынды, оның ойы бойынша Т – топ мүшелерінің сана деңгейі, адамгершілігі және сыластығы топтын хабардарлығын бейнелейді, әр қатысушы қандай кері байланыста болатыны хабардар болу әсерін тигізеді, өз бейнесін бекіту процесінде басқалармен бірігіп іс - әрекет етеді. Ең алғашқы зерттеулер мынаны көрсетеді. Мысалы: жеке тұлғаның жоғарғы көрсеткіші басқалардан қажетті байланысты түсінгендігін мойындайды. Банкер сабақ курыстарында көптеген бағаны салыстырады тренингтің ұлттық лабараториясында өткізгенде, Т – тобы басқалардың сезімін түсінгіш болып табылады. Банкер және Вашке зерттеуі мынаны көрсетті, өзінің тәртібін Т – топ мүшелерін терең ұғына бастады, және өздерін түсіне бастады, өз бағасына байланыстылығы Аргирис шешімі бойынша зерттеу мына шешімге келді. Т – топ мүшелерінің адамгершілік және хабардарылық тураы ойлары жжақсара бастады дейді. Сонғы жылдары Т – топты зерттеуде топ процесін ің ерекшелігі, топ динамикасының байланыстылығы екпінді сұрақтарды жылжытып Т – тобы әдісіне қолданылатын аспектіні алды. Т – тобының кейбір тренерлері олардың жұмысының ғылыми обективті әдісі арқылы бағалауынан сақтыққа байланысты, оларға топпен жұмыс жасауға тиісті бағалау процедурасы әсер етеді, олармен гуманистикалық құру мүмкін емес.Кейбір империзмдік қорыту бір күнді сақтайды. Т – топтары бойынша Кэмпбел және Данетт 1968 жылы әдебиетке шолу жасағанда әдіскерлік принцепке сәйкес келген зерттеуге сену кепіл болды. Бірде бақылау топтарының қажеттілігінің барлығы қайтадан тест қосуға зерттеу схемасын және де ұзақ бақылау түрлерін қолданды.

Бірнеше жылдардан кейін Смит толық жоспарланған зерттеулерді пайдаланды. Смит мына түйінге келіп тоқталды: басқа психотерапиялық көрсеткіш және өзін - өзі бағалау деңгейінде топ мүшелері сабақ аяқталғанда өздерін жақсы түсіне бастайды, басқаларымен қарым – қатынастары жақсарады, және де жеке параметр бағалауында жоғарғы балл алады. Бұл өзгерістер ережі бойынша FIRO – B Шютце әдісінің көмегімен бағаланады. Т – топ трүлектерінің тәртібі топ жұмысына қатыспайтындармен қабылданды, жақсыға өзгеру және ғылымға қатысудың дамуына куәгер.

Т – тобындағы жұмыс шешімі жүргізуші тәртібінің ерекшелігіне жәнеде жеке ерекшеліктеріне , басқа топ мативациясына әсерін тигізеді.

Аз ғана еңбектерден адамның психокоррекциялық топта болуының нәтижесі зеріттелінген және реалды жағдайда отбасында немесе жұмыста тәрбиелеу нәтижесімен салыстырған топта менгерген тәжірибені үй жағдайында сәтті қолдану мынадай себептерге байланысты:

1. қатысушылардың қарым – қатынасына мәселе бар екендігін мойындады. Мысалы: мақтау сөз айта алмау немесе оған сәйкесті ққатынас жасай білмеу қабілеттілігі.

2. қатынасушының топта алған тәжірибенің шындық өмірдегі тәжірибемен ұқсастығын байқауы.

Т – тобы алған тәжірибені үй жағдайында қолданғанда тренинг топтың мүшелерінің алған тәжірибені шынайылық ортада қолданбағандарға қарағанда жақсы нәтижеге жететінін байқаған.

Т – топтарын қолдану аясы және оны кеңіту.

Т – топтарының жұмысы қоғамға жалпы әсер еткендігі сөзсіз. Осының салдары ретінде психологиалық терминдерді еркін қолданған қоғамдық өмірдің әртүрлі аясында көптеген уәкілдер пайда болды. Кейбір адамдардың пікірінше «егрде адам анда – санда психокоррекциалық топтарға бармаса, онда ол толық өмір сүре алмайды». Барғансайын көптеген адамдарда күнделікті өмірде психологиялық процестін үлкен орын алатынын ұғынуда. Лабаратоиялық тренинг өз өмірін қадағалау дәрежесін арттыру мүмкіндігінде жол ашады. әлеуметтік сілкініс немесе дағдарыс кезінде қоғамдық қатынастың сипатының өзгеруіне адамның бірнеше тақ қалуға болады. Т – топтарының тәжірибесі жаңа өзара қатынастырды жасау немесе мәнді шешімдерді қабылдауда кездейсоқтық сыни жағдайларды күтудің міндетті емес екендігін көрсетіп отыр.

Психологиялық көмек көрсететін мамандар тренинг – топтың қозғалысының әсерін сезген сайын адамдар да өзіндік санасын дамытуға деген ұмтылысқа үлкен мән берілген.

Мұндай өзгерістердің көрінісі ретінде АҚШ – та сензетивтілік триненгі терминінің кең өрістеуінен көруге болады. бірнеше жылға қарағанда қазіргі уақытта сензетивті тренингтің және тренинг – топтарға таза күйінде жие кездеспиді. Лабараториялық оқытудың ұстанымдары және әдістері негізінде 2 бағытта өзгереді.

Бірінші бағытта жекелеген тұжырымдамаларды түсінетін сәйкесті дағдыларды менгеруге ұмтылған топтардың пайда болу үрдісі байқалынды. НЛМ –ң бағдарламалық брашуралары, тренинг тобы орталықтарының тренингінің бағдарламалары отбасылық қатынастарда ер азамат пен әйелдердің оқытушылық, әкімшілік, жұмыстық тақырыптарына толы.

Тренинг топтарының дамуының басталуы 1946 жылы Курт Левинмен оның әріптестерінің кен спекторын береді, ал тұлғалар арасындағы қарым – қатынасқа, кішкене топтар арасындағы процесті бақылауға арналған.

Т- топтары өздерінің құрамына ғылыми тәсіл ережесі ретінде адамдардың және қоғамның іс жағдайын демократилығын, бір – біріне деген көмек беруін зерттейді.

Т – топтарымен мынадаы түсініктерге байланысты оқылатын лабаратория, қалай оқу керегін түсіну және «қазір және осында» принципі

Лабараториялық оқудың процесіндегі бір көрінісі Т – топтарындағы зерттеу процесі жаңа формада қауіпсіз жағдайда өткізіледі. «қалай оқу керектігін түсіну» циклінде жеке презентация, эксперемент кейінгі байланыс болады. Кейінгі байланысқа мысал: «Джогори терезесі» ал

Т – топтары әдістемесіндей ең кезегі түсінік.

Т – тобының жетекшісі топ мүшелеріне олардың қарым қатынасы мен іс - әрекетін зерттеу жұмысымен бірге айналысады. Т – топтарымен ұқсас Тэвистоп ұқсас оқу топтарында топтың танымы бүкіл мүшеге ортақ болып келеді. Кейбір - топтарында қатысушылар нәтижеге жету үшін спецификалық мақсатқа структуралы қадам жасайды.

Т – топтпарының зерттеулерінде екі бағыт бар:

1. Топтық процесті зерттеу

2. Оның қортынды эффектілігін бағалау.

Екінші бағытта нәтижені ұзақ күтуі мүмкін.Әсірсе топтың тәжірибесі оның өмірден алынатын жағдайда. Т – топтары психокоррекциялық топтармен психологиялық түсініктердің дамуына көмектеседі.Т – топтарына деген танымның көп бөлігінде, өзін және тұлғаның дамуын таным дегендерде бар. Кейінгі кезде Т – топтарын жеке әдістер тренингінде, жұмыс әдістерінде пайдалана бастады.

Жалпы айтқанда Т – топтары бір жерде, бір бөлмеде жұмыс істемесе ол сол «үйрету лабароториясы » болып саналады. Топтп әрбір эксперементтік қатысушы болып саналады, сонымен бірге барлық өзгерістердің қортындысын бақылайтын бақылаушы да бола алады. Топ мүшелері сол топтың мақсатын анықтайды, жұмыстардың жоспарын құрып қарытынды жасайды. Топ ол осы әлемді, өмірді кішіритіп тұрады. Топта кәдімгі өмірде кездесетін қиындықтар, келіспеушіліктер кездеседі. Т – тобының айырмашылығы өмірде кейбір шешім бермеейтін қиындықтарды, проблеммаларды шешу үшін жағдай жасады.

Қазіргі кезде вакуммен бұл топ туралы оның даму жолына танысып білеміз. Мұндағы басты мақсат председатель ретінде ұйымдардың нақты тәсілін ұсыну ғана емес, керсінше жинаған тәжірибелер арқылы оқуға көмектесу. Жұмыстың әдістері мен мазмұнын анықтап, өз ойларыңызша біршама табыс әкелу үшін жолды таңдап алу. әріқарай барлық топ мүшелерімен алдында белгіленген уақыт ішінде әлеуметтік құрлым құрып, оның әр дамуына көмектесу мәселесі туады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Топтық психотерапияның мақсаты?

2. Іс-әрекетті бейнелеу дегеніміз не?

3. Эмпатия дегеніміз не?


15 дәріс

Тақырып: Топтық психотерапия

Мазмұны:

1. Т-тобы

2. Кездесу техникалары

Мақсаты: Топтық психотерапияның кездесу техникаларымен таныстыру, олардың қолданылуы жөнінде теориялық түсінік қалыптастыру.

1..Кездесу тобы –бұл жалпы, дәл емес, өзіндік үлкен келген көзбейнелік формасы бар термин. Кейбір келген атауларын қарастырайық: адам потенциалың көтеру тобы, тренинг топтары,Т-тобы, сензитивтік топ, жеке тұлғалық өсу тобы, синанон, негізгі кездесу тобы, психологиялық каратэ, ақиқат лабораториясы, эмпирикалық топтар конфронтациондық топтар т.б. Осы топтарға жалпы танымалдылық бірнешеуі б.к.:



  1. Сондық құрамы 8 -20 адамға дейін болады . Барлық қатысушылар өзара әрекеттестікте болуға мүмкіндік беріледі.

  2. Уақыт бойынша шектелінеді,күн немесе сағаттар жиі көрсетіледі.

  3. Үлкен деңгейде «осында және қазір» шоғырландыру болады .

  4. Олар дәстүрлі қоғамдық көзқарастарды қолдайды және трансэтикетті келеді .

  5. олар жеке тұлғалық шындықты, зерттеуді,конфронтацияны, жоғары эмоциялық, экспрессивтілікті және өзін-өзі ашылуды жоғары бағалайды.

Топтың мақсаттары белгілі емес болып келеді.Кейде олар қуаныш және рахаттанумен қамтамасыз етеді , бірақ та жиі түрде тікелей және жанама бейнеде қандай ма болмасын деңгейде өзгертуге ұмтылады . 2.Мінез-құлықта,шарта құндылықта өмір стилінде ,өзін-өзі тарату,басқа адамдарға қатысының өзгеруі, қоршаған дүниеге өзінің турмыс әлемін өзгерту жолын өзгертуге бағытталады . Қатысушылыр пациент емес, өсу ретін қаралады.

Бірінші Т-тобы эмпирикалық топтан шыққан ең алғаш 1946 жылы жұргізілген эмпирикалық топтағы таяудағы термин кездесу тобы 60-шы жылдарда Карл Роджерс ойлауымен келген. Ең көп таралғаны Т-тобы (Т-бұл тренинг-адамдың қатынасқа оқыту үйрету. Т-тобы алғашқы күннен бастап мұқият зерттеуге ұмтылыс жасады .Әлеуметтік психологтар және ұлттық тренинг лабораториясының бірігуімен ұлкен ссанды дәл зерттеулер процесін жасады және Т- тобының нәтижесін көрсетті.

Кездесу № 1 Өзара танысу. Танысу. Жұмыс ережесін талқылау. Секіріп айналу.Дракон өз құйрығын аулаймыз.

Кездесу №2 Біз командамыз. Арқан тарту немесе циферблат.Түіншек. Біз туралы фактілер.Көзбе көз кездесу.

Кездесу №3 Біздің ұқсастықтарымызбен айырмашылықтарымыз. Шеңбер құру. Ұқсастық іздеу. Қалыпты есте сақтау.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Топтық психотерапияның мақсаты?

2. Іс-әрекетті бейнелеу дегеніміз не?

3. Эмпатия дегеніміз не?


16 дәріс

Тақырып: Топтық психотерапия

Мазмұны:

1. Т-тобы

2. Кездесу техникалары.

Мақсаты: Кездесу техникалалырының мақсаты жүргізілу ережелері туралы түсінік беру.

1.Кездесу №4 Ынтымақтастық және сенім. Скалолаз. Қозғалысты жалғау.Сенім шеңбері Маятник. Құзға құлау. Саусақта.

Кездесу№5 Қарым-қатынас және тыңдай білу.

Қарым-қатынас туралы психологиялық құбылыс ретінде түсінік қалыптастыру, бір адамнан екінші адамға берілген ақпарат мазмұнының бұзылу мүмкіндігін көрсету, қарым-қатынаста кері байланыстың және тәтиежелі тыңдау дағдысының маңыздылығын көрсету. Өз-өзіңе сәлем. Бұзылған телефон. Нұсқау бойынша сурет салу.

Кездесу № 6 Кездесу. Өзара түсінісуге үйренеміз.Әлеуметік бақылағыштық, вербальды өзара әрекеттесткті дамыту. Қимылды көшіру, Вавилондық башня. Қар.

Кездесу№ 7 Қатынас тәсілдері. Эффективті қатынас дағдысын дамыту. Баспа машинка Бұзылған теледидар. Қашқындар мен күзетші.

2.Кездесу№8 Сөзсіз қатынас.

Кездесу №9 Суретпен сөйлесейік. Арт-терапиялық әдісті қолдана отырып вербальды және вербальды емес өзара әрекет дағдыларын интегрциялау. Композицияны аяқтау. Тематикалық сурет. Топтық коллаж.

Кездесу№10 Біздің эмоцияларымыз бен сезімдеріміз. Жаттасу. Эмоцияны тап Скульптор және глина.

Кездесу №11 Қолдау көрсет немесе кедергі келтіру. Қыл көпір. «Қаржылық авантюристтер.»



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Т – тобына анықтама бер?

2, Қандай кездесу техникаларын атаңыз?

3 .Кездесу техникаларының ерекшелегі неде?


17 дәріс

Тақырып: Арт терапия

  1. Теориялық негізі.

  2. Қолданылу техникасы

Мақсаты: Психотерапиялық бағыттардың бірі Арттерапияның теориялық негізі, мақсат,міндеттері, қолданылу техникалары жөнінде түсінік қалыптастыру.

Арт терапея артықшылығы топтық психотерапияның тиімді әдістерінің бірі ретінде қолданылуы болып саналады. Өнер арқылы емдеу – бұл жаңа феномен ретінде 1938 жылы Адриан Хилл арт терапея терминін өзінің еңбегінде сипаттады. Ол туберкулезбен ауыратын адамдармен жұмыс істеу кезінде өнер сабағының барлығын қолдану адамның псыхыкалық жағынан үлкен мәнді болатындығын көрсетті. Егерде арт терапеяны дәлме – дәл аударсақ өнер терариясы деп аталады. Содан кейін бұл ауруханалар мен психологиялық орталықтарда қолданылды. Өнер арқылы терапиялық мақсаттарды қолдану адамның сезімдерін зерттеуге мүмкіндік береді. Арт терапея өзінің дамуының алғашында психоаналитикалық көзқарастарды сипаттады. Өнер терапиясы арқылы сурет құлыптас бұл адамның психикалық процестерін көрсетуін байқайды. Арт терапея методикасы «мен» деген сезім арқылы көрініс табады. Крейт өзінің тәжірибесінде сурет арқылы емдеуді қолданған мжоқ. Осы арт терапея мамандары психологтар мен психиатрларға емделіп жатырған балалар мен үлкендердің суреттерін негізінде талдау жасап, дәлірек айтқанда диагноз жасауға көмектеседі. Қазігі уақытта арт терапея мамандығының өзіндік тәжірибелері ұлғая түсті. Арт терапеяны жүргізу арқылы мына жағдайда мақсатқа жетеді.



  1. Дайын агрессивті, негативті сезімдерді шығару

  2. Емдеу процесін оңайлату. Түсініксіз ішкі коефликтілер мен уайымдарды вербальды емдеуші жөнінде көп ақпарат алынады.

  3. Диагностикалық қорытындыға және интерпретациаға арналған матириал алынады.

Мұнда суретші шешімі оның мазмұны мен стилінен емдеуші жөнінде көп ақпарат

алынады. Тек қана суретші емес сонымен қатар барлық шыармашылық қажетке ие адам,

фантазиясын жақсарту керек. Фантазияның динамикалық ойының бастамасы – тапсырма, балалық деп есептеледі, ол жұмысқа нақты әдіс керек. Бірақ осы фантазиясыз еш шығармашылық жұмыс бастамайды да жүрмейді де. Шығармашылық әрекетті суреттегенде субъектдамуға әрекет жасамай – ақ өзінің фантазиясының даму процесін бақылайды. Мұнда Юнг «активты сурет» деген тирменін пайдаланды. Спонтанды фантазияның жақсы мысалы болып арт терапиядағ жақсы әдісі болып табылады. Онда негізгі суретті емдеуші, карандаштан қолын үзбей қағазға сызық түрінде бейнелейді. Бұл жаттығудың мағынасы оның өтпелі уайымын бейнелеп көрсету. Психотерапиялық топтардың мүшелері каракул суретпен айналысқанда олардың әрқайсысының жан дүниесі ашылады. Бұл процес аяқталғаннан кейін емдеуші өзінің суретіне қарап бұл заттың немесе фигураның не екенін анықтайды. Осындай аналогиалық әдістерді Юнг өзінің «активті суреттеу» әдісін дамытуға пайдаланған.

Сублимация

Психоаналетикалық теорияда сублимация психолхологиялық қорғаныстың бірі механизм болып саналады. Сублимация процесінде ассоционалды импульстер өзгереді де басқалардың стимуляциясына беттейді де әлеуметтік әрекет формасына алғашқы қажеттілің компромисін қанағаттандыруға әкеліп соқтырады, ол импульстің соғу себебі болып табылады. Қоршаған механизмді тұлғаға қорқыныштан өтуге көмектессе де, бұл қатынастағы сублимация адавтивті ол әлеуметтік ризалық білдіретін нәтижеге әкеледі. Психоанализ теориясымен қатынаста сублимацияның тағы бір жағдайын шығармашылық деп қарауға болады осы жолда суретші тек өзінің қиялдағы сурет бейнесін өзгертеді.

Психоаналитикалық бағыттағы терапевтерге,арттерапияны қолданушыларға сублимация негізгі түсінік болып табылады.Ол өнер біруақытты сезімді, ашу, ауру, қорқыныш, қайғыны шығаруға көмектеседі. Өнер тарихы жағынан адамдарға тек конфлектіні көрсету үшін емес, сонымен қатар инстинкті импульстердің бір-бірімен соқтығысуына, әлеуметтік қысқартулардан сол конфлектерді көрсету үшін емес.Сазды компазия, арт-теропия тобы мүшесінің біреуінің спонтанды орындауында отыз жас кешенді үнсіз ер адам, ол свещеник болуға әзірленіп жүретін осы конфлектіні бейнелейді. Композизиядағы адамның бейнесі свещенникке тағым еткен. Свщенниктің бейнесінен кейін тағы бір ашулы шайтан өткір түсті, бүйірінде тағы бір фигурасымен бейнеленген. Онда баласын мейірімімен құшақтаған ана бейнесі бар.Бұлардың барлығы автордың шіркеуге деген екі түрлі қарама – қарсы қатынасын көрсетеді. Эдит Крамердің айтуынша: «әр өнер тундысы әдістер арасындағы конфлектіні бейнелейді, ол оның өмірлік және анық дәрежесі формасы мен мазмұнын анықтайды». Өнердің опстрактілігі мен синволдығына қарамастан, ол әлуметтік біздің инститі импульсімізді (жиелік) көрсетуге көмектеседі. Осының нәтежиесінің біз бірқатар дәрежеде олардан қутыламыз.
Негізгі шаралары.

Арт-терапея да қолданылатын психокоррекция топ басшысы, өзінің қатысушыларына әдеби-творчествалық жабдықтар мен құралдарды беру керек (олар): сыр, бояу, ермек, саз, табиғи, ағаштар, тастар мен мата құрақтары.

Олар өздеріне ұнайтын табиғи құралдарды алуға болады. Оларың жұмыс істейтін жерлері өздеріне ыңғайлы болу керек. Топ басшысы суретші болу қажет емес. Теропияны жүргізгенде суретшінің шығармашылығына назар аудару қажет. Теропивтің жұмыс техникасы толық арт-терапея – ол әдіс, осы тұйық емделушілермен емхана жағдайында жүргізіліді. Терапея жүргізілген кезде жайлап емделушілердің көңілдері басқа шығармашылықтарға назар аударады да жан – жақты бола бастайды. Осы шақта адамдар арт-теропияда білімге ұмтылады, неге десеңіз олар өздерінің шығармашылық жағынан шектеулі екендігін сезінеді.

Невроз ауруымен ауратын адамдар, олар өте ұстамды болып келеді. Олар сазбен, суретпен шұғылданған кезде,аурулары біртіндеп қоя бастайды. Арт-теропияны жүргізетін мамандар шизофрения ауруымен сырқаттанатын науқастарға іс барысында олардың «мен» концепция ұстанымына ұмтылу және де оларды мадақтап отыру қажет.

Арт-теропиядағы психодинамикалық бағыт.

Көптеген арт-теропия мамандары, психоаналитиканы практикада қолданады, Фрйд пен Юнг идеялары негіздеген олар әдеби шығармаларды символикалық түрде санасыз процестерді білдіреді деп айтқан.психокоррекцины топ жүргізуші олар өздері творчествалық қортындыны, олар тек көмектеседі, өздерінің салған шығармаларын жасырын түрде тұрған мәнін түсіндіру . осы мақсатпен жүргізулер топты достыққа шақырады, сонымен қатар олар қатысушыларды мадақтау қажет. Кейбір терапевтер өздері интерпретация жүргізеді, содан кейін қатысушыларға қортынды айтады. Мысалы: Бернард Леви айтқандай интерпретацианы жүргізіп отыратын терапев жәнеде қатысушылардың әдеби бейнелеуін бағалап олардың өз - өздерін түсінуді ұғындырады.

Адам өзін - өзі білуде көрермен образын шығарған. Көптен тараған арт-теропия тобы сурет арқылы тарады. әрбір қатысушы ойына келгенін жарға немесе плакатқа салады. әрбіреуі өзінің тақырыбына сай немесе топтың таңдауы бойынша салады. Терапевт қатысушыға бір – бірінің қарым – қатынасына көмектеседі. Төмен деңгейгі мысал: топ бөлімінің картинаға слғаны ішкі немесе жеке тұлғалық конфликті. Гари Сюзннің түрменің жоғарғы терезесінің ашық қалғанын көрсетеді, торғайдың ұшқысы келгенін «Тартқан сенде түрмеде қыстырылысып, сен қайғырып шыққың келеді, бірақ қанатың қиюлы» деп айтты. Маған ешкім көмек бергісі келмейді, өзім шығуға әлсізбін. Содан Сюзан сурет салуға кіріседі, кеңінен жасыл алаң немесе ашық үлкен көбелек, шөптің қасында қанат қағып жүргенін бейнелейді. Бұл психодинамикалық бағытталуы арт-теропия өзінің ойлау әдісі психокоррекция тобы Дж. Вассилиусон соны ойлап шығарған «синалактикалық әдіс топтың бейне құрылуы». Басты әдістің бөлімі мынада, барлық топ бөлімінің жұмысының біреуін қорыту. Гештальт терапия процесінде бейнелеу өнері арқылы нақты сатыларды қарастыруға болады. Сабақ басталмас бұрын оқушы қатынасушыларды өзіндік индинтификацға сурет немесе жапсырғыштар көмегімен қоздырады. Қорқыныш болмау үшін, ойлауды әмір ету үшін және қатынасушылардың ішкі түйсіктерін білу. Оқытушы ең қарапайым тапсырма береді. Топ мүшелері өз ішкі уайым – қайғыларымен сезімдерін зерттеу арқылы қарастырып, олар өздерін қоршаған ортаға, уақытша және басқалармен қарым – қатынасқа бейнеленеді. Сондықтан емдеу процесінің алғашқы сатысында топ әрбір топ мүшесі жалғыз жұмыс жасайды және оның жұмысының жеке индивидуалды мінездемесі бар. Топ жетекшісі қатысушыға басқа жұмыс беруі мүмкін. Мысалы: пластинадан өзі талдайтын жағымсыз жайларды, содан кейін өзі қоштайтын жағдайларды, содан кейін бейнелеуді береді.

Қатынасушылардын әртүрлі көңіл – күй туралы, сонымен қатар өзінің махаббат, жеккөрініштік, әдемілік, бостандық туралы фантазиаларын бейнелеуді сұрауға болады.

Осы тапсырманы орындағаннан кейін қатысушылар өзінің уайым – қайғыларын суреттеуіне болады. Сонымен бірге қатысушының ақыл – ой қиалы нені ойлап тұрғанын, содан әсер етуші эмоциялардың жоғарыға шығуын көрсетелді. Сол кезде ғана барлық топ сол адаммен жұмыс істеуге кіріседі. Таңдап алынған образдарды қорғау, интерпретация жасау, анализ жасау есептелмейді. Мысалы: бір жұпта ұялшақ жапондық ер адам мен пысық әйел. әйел адам ер адамға қарсы қарап қалың сызық сызған кезде, ер адам оған аздап көрінетін сызық салған.Алтернативті стратегия бұл жапсырғыш қолдану арқылы тұлға аралық қарым – қатынасты зерттеу. Топ мүшелері көздерін жауып, әркім көз алдына өздерінің тығыз қарым – қатынастағы адамдарын елестетіп, сол адамның образын жапсыру. Скульптурды бейнелеуді бұзып, агрессиға жол ашуға болады. Жұмыс аяқталған соң жетекші қатысушыдан жеке өміріндегі бейнеленген заттарды қанша жария салатынын, скульптура мен автордың арасындағы жеке ерекшеліктерін бөліп қарауға болатынын сұрауға болады. Сонымен қатар басқада барлық топқа арналған жаттығулар бар. Ройн жұпқа бөлініп, бір – бірінің портреттерін жасағанын және ол суреттерді ауыстырғанды ұнатады. Ауыстыру коментариямен жасалуы мүмкін. Оларда қандай символар, қандай жеке мінездемелерге қатысты жеке неге екендігін білдіреді.

Басқа жағдайда қатысушы өзінің автопортретін, басқа қатысушылар суретін, басқа қатынасушылар суреттегенмен салыстырады. Бұндай салыстыру қатынасушының өзінзік қабылдауымен және басқаларын қабылдауын көрсетеді. Мысалы: өзін,әдемі сүйкімді санаған әйел басқалар салған суретте үлкен ауызды болуы мүмкін, ол оның сөзімен, ұрысқақ екендігін көрсетеді. Гуманистік ыңғай арт-теропияға даму тобымен болып қабылданыды. Олардың мақсаты ойлаудың деңгейін терапевті сияқты, сонымен бірге клиенттер сиақты топ жетекшісі және қатысушылар сияқты қарау.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Артерапия дегеніміз не жәнк оның мақсаты?

2. Артерапияның негізін қалаған ғалым?

18 дәріс



Тақырып: Би терапиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет