Дәрістің мазмұны
Ерлік поэзиясындағы тарихи бейне.
Сәуегейлік саяси және мемлекеттік сұрақтарды шешу, ұлтты сақтау, өсиеттегі жыраудың қызметі. Аталық Салыра – жырау. Асан – қайғы, Қазтуған т.б.
Жас ерекшелік психологиясының мәселесі
Мақсаты: ХІІІ ғасырдың басы – ХІХ ғасыр аяғындағы қазақ ақындарының жырауларындағы психологиялық идеялар туралы студенттерді біліммен таныстыру.
ХV ғасырдың орта шегінен бастап қазақ елінің ішкі-сыртқы қал жағдайы көрші жұртпен арақатынасы жақсара түсті. Халық арасынан сауаттты, білімді адамдар бой көрсетті. Қазақ атымен аталатын қоғамдық ой пікірдің басшылары болған Асан қайғы, Қазтуған елге ұйтқы ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философтары еді. Жырау толғауларында табиғат аясында сәбидей пәк көшпелі халықтың тыныс тіршілігі, болмыс бітімі, өзіндік психологиясы, өзін қоршаған орта туралы түсінігі бейнеленеді.
ХV ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Қазтуған. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жиген, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықыласпен, ар-намыс үшін күрес әділдікті туралылықты құдірет тұту олардың шығармаларының өзекті орын алды.
Асан қайғы дүниенің төртбұрышын кезіп, «Жерұйықты» іздейді. «Жыраудың тыңдаушысыз сөз ғарып, замандассыз қария ғарып, қаз үйрексіз көл ғарып»
Ешкімменен ұрыспа, жолдасыңа жау тисе
Жаңынды аяп тұрыспа, ердің құны болса да
Алдыңа келіп қалған соң, қол қусырып барған соң
Аса кеште қоя бер, бұрыңғыны қуыспа – деп көпшіл, кешірім болуды үгіт насихаттайды. «Ұлық болсаң, кішік бол», «Көптен қол үзбе, асып таспа, көпке топырақ шашпа, қандай іс қылсаң да көппен кеңес»
Асан қайғы сол дәуірдің аса көрнекті философтарының бірі болды. «Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол» деген тілек айтты.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Ерлік поэзиясындағы тарихи бейненің маңыздылығы неде?
Сәуегейлік саяси және мемлекеттік сұрақтарды шешу, ұлтты сақтау, өсиеттегі жыраудың қызметі. Аталық Салыра – жырау. Асан – қайғы, Қазтуған т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002
2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г
3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997
4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
№7 дәріс
Тақырып: А. Құнанбаевтың психологиялық ой-пікірлері.
Дәрістің мазмұны
Абайдың психологиялық ой-пікірлерінің көздері (шығыстық және батыс еуропалық философия, орыс демократияларының ойлары).
Дүниетанымдық көзқарастарының қарама-қайшылығы: қоғамның тарихи санасының табиғаты, таным процестегі материалистік позиция, психологияның анатомиялық-физиологиялық негізі туралы көзқарастары.
Адамның психологиялық сферасының табиғаты: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, эмоциялық-еріктік сфера
Мақсаты: А. Құнанбаевтың психологиялық ой-пікірлерімен таныстыру
А. Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл. Адамдар жаратылысында екі түрлі мінезбен туады дейді. Бірі – үшсем, жесем, ұйықтасам деп айтады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу – жан құмарлығы. Адам бойына жанқұмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты – ақыл, ғылым. Ол ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі деген. Абай әйел қауымын кейбір нашар қасиеттерден (өсек, жалқаулық, еріншектік, шаруаға икемсіздік) бойына аулақ салуын тілеп, оларды ақылды, инабатты, ұятты, балаға-ана, еріне-жар, ата-енеге сүйкімді келін, отбасына береке-құт тудырар адам болуын аңсады. Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын материалистік тұрғыдан түсіндірді. Сезіну және түйсіну мәселелерін дәл осы бағытта талдады. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әртүрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс жақсы үн, күй ән ешбірінен ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес едік.
Ашу Абай түсінігінде негізінен жағымсыз сезім, олар ашуды екі тұрғыдан қарастырады: біреуі – оқыс қимылдармен ащы сөздер арқылы, сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі әлсіз, кісінің көңілінде дақ қалдырмай тез тарқап кетеді. Екіншісі – сыртқа шықпай жасырын қуатын ішке бүгеді.
Өзінің қадір – қасиетін, өмірдегі орнын білетін саналы адамның қай қайсысындада мақтаныш сезімі болады. Абай мақтанышты адамның ой көкіректік, мақтаншақтық сияқты мінезінің жағымсыз сипаттарына қарсы қояды.
Адамның көңіл көтеріп, бойына қуат беретін сезімдерінің бірі – қуаныш. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен күледі. «Әрбір жақсы адамның жақсылықы тапқанына рақаттанып күлесің, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибырат қылып күл» дей отырып, қуаныштың ғана шын көңілден күлкі шығаратынын меңзейді.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Абайдың психологиялық ой-пікірлерінің көздері (шығыстық және батыс еуропалық философия, орыс демократияларының ойлары).
Дүниетанымдық көзқарастарының қарама-қайшылығы: қоғамның тарихи санасының табиғаты, таным процестегі материалистік позиция, психологияның анатомиялық-физиологиялық негізі туралы көзқарастары.
Адамның психологиялық сферасының табиғаты: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, эмоциялық-еріктік сфера
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002
2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г
3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997
4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
№8 дәріс
Тақырып: Ы. Алтынсариннің психологиялық идеялары.
Дәрістің мазмұны
Ы. Алтынсаринның дүниетанымының философиялық негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |