Педагогикалық факультет


Психологияның философиядан бөлініп шығуы



бет12/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Психологияның философиядан бөлініп шығуы.


  • Ежелгі психология

  • Орта ғасырдағы жан туралы ілім.

  • Психологияның дербес ғылымға айналуы.

    1. Аль-фараби мұрасы зерттеушілер айтуынша,оның пәлсапалық концепциясы дүниені контеистік тұрғыдан түсіндіретін ,,Алла тағаланың ақыл парасаты,, дейтін ілімге негізделген.Ұлы ғұлама өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткенімен, оның еңбектерінде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қорытындылайтын материалдық, прогрессивті идеялар бар еді.Ол дүниенің мәңгілігін мойындап,табиғат құбылыстарын детерменистік принципі бойынша түсіндірді,жанның мәңгі бақи жасаймайтындығы,оның өшіп отыратындығын мойындады.Оның ғылыми материалдық теориялары,әсіресе,оның таным мәселесі мен логика ғылымы туралы айтқандарында,сондай-ақ адамның жан қуаттарының әр қилылығын түсіндіруде ерекшк байқалады.Кезінде ол болжам жасап, айтпаған ғылым,білім саласы кемде-кем.70 тілден аса тіл білген. Мыс,психология саласында ғана 7 еңбек ,,Жанның мәні туралы,, , ,,Түс көру туралы сөз,, , ,,Жан туралы,, , ,,Ақыл және ұғым,, , ,,Жасөспірімдердің ақылы туралы кітап,, , ,,Ересектердің ақылы туралы кітап,, , ,,Темпетамент туралы жазған екен,,.

    Психология үшін ірге асты мәселе болып табылатын жан мен тәннің арақатынасы , бұл екеуінің байланысы жайлы мәселеде Фараби ғылыми ой-пікірдің биігінен көріне білді.

    Платон пікірінше,жан мен тән бірге дамиды,тәнсіз жан жоқ.Адамда қатарынан екі жан болмайды.Адам жаны,тәні де өткінші деп көрсетті.Жанның да, тәннің де иесі – жүрек,бұған мидың да қатысы бар.

    Фараби адамның тану процестері екі басқыштан тұратын:

    1.Сезім /түйсік,қабылдау,ес./

    Түйсік дүниетанудың алғашқы көзі, баспалдағы, адамдардың есі мен елесінің сапалы және нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіне алуына байланысты.

    2. Ойлау дүниені әр қырынан тануға,мәселені тереңірек түсінуге мүмкінлік береді.

    Бұл танымның екі басқышы жан қуаттары туралы мәліметінде адамның ерік-жігер,қажыр-қайратында жек процесс ретінде қарастырылмайды.

    Фараби эмоция,сезім процестерін жан қуаттарының дербес көрінісі деп санамайды.Бұлар психиканың қалған дүниелеріне басу берді.Олар қозғалысқа итермелейді.Ұлы ойшыл еңбектерінде бала психикасының қалай дамып-жетілетіндігі жөнінде де қызықты мәліметтер көп.Бала жасы өскен сайын жаны мен тәні де бірге өсіп отырады.Мұның бәрі оның тіршілік қажеттілігінен туындайды.Мәселен, балада өсіп-өну қуаты пайда болады,бұл оның ден бітімі қалыптасуында үлкен роль атқарады.
    3. Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіл әлемдік ғылым мен біліммен мейлінше мол сусындаған,жан-жақты білімді,озат ойлы адам.Ол өзін терең тарихшы,озат этнограф,батыл саяхатшы,талмас географ,білгір әдебиетші,шебер суретші,жалынды публицист,жан сырын ұққыш нәзік психолог,тәлімгер,үлгілі ұстаз ретінде көрсетіледі.Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық.Олардың ішінде басқа мәселерге қарағанда көбірек сөз болғаны халқымыздың ұлттық санасы,оның ішінде өзіндік ерекшкліктері туралы мәселе еді. Шоқанның алдына қойған тағы бір мақсаты өзінің халқының өмірін жеке зерттеп,даласы мен халқын, бірін орыс,әрісі еуропа жұртшылықтарына таныстыру еді.Сондықтан ол өз еңбектерінде дала халқының қоғамдық өмірін жан-жақты зерттеді.Шоқан өз халқының тарихын,мәдениетін ерте дамыған елдермен сабақтастыра сипаттады.Біздің халықтың бай және поэзиялық құндылығы жоғары реалистік әдебиеттері бар деп ой түйіндей келе,ол қазақтардың рухани байлығын,цивилизациясы аса бай елдермен төркіндес түрде қарайды.ол қазақ ақындарының жырлау қабілетін,олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп қарады.күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық өнері айтыс,т.б.қабылдаудың үлкен тапқырлығын,қиыннан қиыстырған ерекше хас шеберлігін атап көрсетті.

    Өзіндік бақылау сұрақтары

    1. Психологияның философиядан бөлініп шығуы қашан болды?


    2. Ежелгі психология қалай қалыптасты?

    3. Орта ғасырдағы жан туралы ілім қалыптасуы туралы баяндаңыз?

    4. Психологияның дербес ғылымға айналуы қалай болды?

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

    2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

    3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

    4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
    4 дәріс

    Тақырып: Аңыз және халық фольклорындағы халықтық психология бейнесі.

    Дәрістің мазмұны


    1. Ежелгі түріктердің сенімдері мен дін жүйесіне сенерінің өмірлік көзқарасы мен психологиясына әсері

    2. Қазақ фольклорының жанры: тұрмыс салт жырлары, тарихи әндері, айтыс, лирикалық өлеңдер.
    3. Көшпелі тұрмыстық эпостық бейнесі.


    Мақсаты: Аңыз және халық фольклорындағы халықтық психология бейнесі туралы ежелгі ақпаратпен студенттерді таныстыру.

    ХV ғасырдың орта шегінен бастап қазақ елінің ішкі-сыртқы қал жағдайы көрші жұртпен арақатынасы жақсара түсті. Халық арасынан сауаттты, білімді адамдар бой көрсетті. Қазақ атымен аталатын қоғамдық ой пікірдің басшылары болған Асан қайғы, Қазтуған елге ұйтқы ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философтары еді. Жырау толғауларында табиғат аясында сәбидей пәк көшпелі халықтың тыныс тіршілігі, болмыс бітімі, өзіндік психологиясы, өзін қоршаған орта туралы түсінігі бейнеленеді.

    ХV ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Қазтуған. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жиген, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықыласпен, ар-намыс үшін күрес әділдікті туралылықты құдірет тұту олардың шығармаларының өзекті орын алды.

    Асан қайғы дүниенің төртбұрышын кезіп, «Жерұйықты» іздейді. «Жыраудың тыңдаушысыз сөз ғарып, замандассыз қария ғарып, қаз үйрексіз көл ғарып»

    Ешкімменен ұрыспа, жолдасыңа жау тисе

    Жаңынды аяп тұрыспа, ердің құны болса да

    Алдыңа келіп қалған соң, қол қусырып барған соң

    Аса кеште қоя бер, бұрыңғыны қуыспа – деп көпшіл, кешірім болуды үгіт насихаттайды. «Ұлық болсаң, кішік бол», «Көптен қол үзбе, асып таспа, көпке топырақ шашпа, қандай іс қылсаң да көппен кеңес»

    Асан қайғы сол дәуірдің аса көрнекті философтарының бірі болды. «Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол» деген тілек айтты.

    Ақын-жыраулардың көрнекті өкілдері Доспамбет пен Шалкиіз. Доспамбет Азау теңізі мен Еділ-Жайық арасын жайлаған көшпелі қыпшақ тайпаларының көсемі болғанға ұқсайды.Оны жыраудың:

    Азудың ер Доспамбет ағасы

    Азудың бір бұрышындай нарты екен!-

    деген өлең жолдарынан байқауға болады. Шашақты найза қолға алып, жарақты жауды жайратқан әрі батыр, әрі шешен ақын Доспамбет «Ту құйрығы бір тұтым, тұлпар міндім өкінбен, Туған айдай нұрланып, дулыға кидім өкінбен», - деп өзінің қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен болғаның, халқына аз да болса пайдасының тигенін мақтан етеді. Өмірде аз жасап, артына аталы сөз қалдырған, елінің ар-намысын қорғау жолында жаның пида еткен қас батыр, төкпе шешен жырау өстіп өкінбей өлген. XV ғ екінші жартысы мен XVI ғ бірінші жартысы аралығында өмір сүрген қазақтың жыраулық поэзиясының алыбы Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560). Жыраудың әкесі дала феодалдарының бірі. Әке-шешесінен жастай айырылған Шалкиіз Жайық өзенінің бойындағы дәшті-қыпшақ жерін жайлаған нағашы жұртының қолында өсіп, мұсылманша хат таниды. Жастайынан сөзге зирек, ақындық қабілеті күшті Шалкиіз ел билеу істеріне ерте араласады. 1490 жылдар шамасында Ноғайлы жұртыны ңәміршісі Темірдің белді билерінің бірі болады.

    Шалкиіздің өлең-жырларының мазмынына қарағанда жырау әскери

    жорықтарға қатынасып,әміршінің нөкерлерімен бірге Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын аралағанға ұқсайды. Шалкиіз ер жігіттің ерлікпен аты шығатынын, нағыз батыр туған ердің қиындық біткенге шыдап бағып, халық қамын жеуге, ел үшін белін буып, күреске шығуға керектігін айтады. Жырау өзінің осы ой-пікірін тереңдей түсіп:

    Ғаділ төре ел бастар. Шешен адам сөз бастар,-

    Аға жігіт қол бастар,

    деп жігіт «Сегіз қырлы бір сырлы» халыққа қамқоршы болса екен деген ойды топшылайды.

    Жақсының жақсылығы сол болар Жаманның жамандығы сол болар,

    Жаманмен бас қосып, Сөйлесе адам бетін қара етер,-

    Сөйлемекке ар етер,

    деп жақсы адаммен жаман адамның міне-құлқын сарапқа салады. Жырау өзінінің көп көлемінде жақсы дос, жақсы туыс қандай болмақ, жаман туыс, жалған достан шегер азап, өкінішті істер неге әкеп соғады деген мәселелер төнірегінде:

    Бір жаманға сөз айтсан

    Есікті кетер сарт ұрып...

    деп, «Опасыз жалған достан мың сақтан», «Жанындағы жау жаман» деп жастарды доспен қасты таный білуге, опасыз достан аулақ болуға шақырады. Кейіннен Шалкиіз нақылдары даналық ойдың мәегі ретінде мақал-мәтелдерге айналған:

    «Жаманға сырынды айтсан, жарға жығады», «Тақыр жерге су төксен жүруге тайғақ болар, жаманға сырынды айтсан, тар жерде айғақ болар», - деген пікірлермен ұштасып жатыр. Халық мақал-мәтелдерінде айтылатын үгіт-насихат, үлгі-өнеге, ақыл-нақыл сөздер Шалкиіз поэзиясынан кең орын алған.

    Мәселен Шалкиіз:

    Алып, алып, ал сақтан,

    Андып жүрген дұшпанынан жүз сақтан,

    Күле кіре күніреніп,

    Шыққан достан мың сақтан,-

    деп сөз маржанымен өрнектейді...

    «Ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды»,- деген күншілдікті әшкерлейтін халық мақалын жырау:

    Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса,

    Қоңқалаған көп жаман

    Сол жақсыны көр алмас.

    деп, керемет өлең өрнектерімен әшекейлеп бере білген.

    Жыраудың:

    Жапалақ ұшпас жасыл тау Ойлап тұрсам жаманның

    Жақсылардың өзі өлсе де сөзі сау. Жалаңдаған өз басына тілі жау...

    деген өлең жолдарынан;

    Жақсының өзе өлсе де сөзі өлмес.

    Жақсы байқап сөйлер,

    Жаман шайқап сөйлер...

    Жаман кісінің тілі ащы...

    деген мақал-мәтелдердің мазмұның байқаймыз.

    Жырау өзінің «Айырдан туған жампоз бар» деген өлеңінде:

    Жаманнан туған жақсы бар Күндердің күні болғанда

    Адам айтса нанғысыз, Бір аяқ асқа алғысыз,-

    Жақсыдан туған жаман бар

    дей келе, ақын адамның жақсы не жаман болуы шыққан тегіне байланысты емес, халқына тигізген пайдасына, халық үшін еткен еңбегіне байланысты дегенді айтады. Біз бұдан Шалкиіз өлеңдерінде асыл ойға құрылған афоризм сөздерге толы, өз заманының жастарына жалынды үгіт-насихат айтып, кеңес беруді мақсат еткен дидактикалық сарынды поэзия басым екенін байқаймыз.

    Шалкиіз «Құдай бір, пайғамбар хақ» дей отырып, «Алла тағаланың қарамағындағы халыққа рақымды болындар, әділетті тату өмір сүріндер» деп өсиет айтады. «Жығылғанды тұрғыссан, қисайғанды түзейсін», «Мекеге барып, қажы болмай-ақ жұрттың қамын ойласан, халық сыйлар беделге ие боласын»- дейді.

    Шеше жағынан қазаққа туыс, Шайбани руынан шыққан Әбілғазы Баһадұрхан (1602-1664) жазған «Түркпен шежіресінде» де дала халқының дәстүр салты мен әдет-ғұрпының психологиясын көрсететін деректер табылады. Мәселен, ол «Хан біреу болса ел түзелер, екеу болса ел бұзылар... Екі еркек бір қатын ала алмайды, бір төрге екі төре сыймайды... Он дәруіш бір кілемге сыйяды, Екі әкім бір елге сымайды... Тұман ұзақ тұрмайды. Тұманды күн серпілер. Тұманнан соң ашық күн тумай қоймайды...» Бұрынғылар айтады екен: Оғыз көшпеген жол бар ма. Оғыз жайламаған жұрт бар ма?.. т.б. Осы іспеттес айшықты нақыл сөздерді кейінгілерге өсйет ретінде қалдырған дала ғұламаларының бір туар өкілі Әбілғазының да рухани мұрасын бұл жерде атап өткеніміз абзал.



    Өзіндік бақылау сұрақтары

    1. Ежелгі түріктердің сенімдері мен дін жүйесіне сенерінің өмірлік көзқарасы мен психологиясына әсері қандай болды?

    2. Қазақ фольклорының жанры: тұрмыс салт жырлары, тарихи әндері, айтыс, лирикалық өлеңдер туралы хабарлаңыз?


    3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет