Педагогикалық факультет



бет16/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Дәрістің мазмұны


  1. М.Әуезовтың ғылымға қосқан үлесі

  2. М.Әуезовтың психологиялық көзқарастары

  3. М.Әуезовтың педагогикалық көзқарастары

Мақсаты: Мұхтар Әуезовтың психологиялық көзқарастарымен студенттерді таныстыру.

Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары М.Әуезов баспасөз беттерінде пәлсапа, педагогика, методика ғылымдары мен халық ағарту ісінің толып жатқан проблемаларын көтергені белгілі. «Мәдениет һәм ұлт» атты еңбегінде ол ұлттың гүлденіп дамуы, оның өсіп-өрбуі мәдениет, ғылым дәрежесіне тікелей байланыстылығын айта келіп: «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр. Осы күнде ғылым мен мәдениет жерде, суда, ауада, аспанда ай-жұлдызды биледі» дейді.

М.Әуезов – Қазақстандағы жалпы педагогика теориясы мен тарихының салаларында арнаулы зерттеу еңбек жазбағанымен, оқу және оқыту әдістемесіне айрықша мән берген ғалым-ұстаз. М.Әуезов өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде ұлттық педагогика мен ұлттық психологияның жекелеген мәселелерін қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қарастырып ғылыми тұрғыда сөз етеді.

М.Әуезовтің психология мәселелеріне қатысты айтқандары оның әр жылдары әдебиет, мәдениет, өнер, білім, ағарту, мектеп мәселелері туралы жазған шығармаларында жиі ұшырасады. Бұларда адамның әр алуан көңіл күйлері, эмоция, сезім, ерік-жігер ерекшеліктері шығармашылық әрекет үстіндегі қаламгер шабыты, тәлімгерлік қасиет, қазақтың ұлттық психологиясы әр қырынан сөз болады. Оның пікірінше, шабыт тек өнер өкілдеріне ғана тән қасиет емес, ол кез келген мамандық иесінде де кездесетін ерекше психологиялық күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақын үшін өте-мөте қажетті сипат. Мұндай жағдай творчество адамында біріншіден, бойдағы күш-қуаттың зор өрлеуімен, екінші, шығармашылық соны туындыға құлшыныстың күрт артуынан, үшіншіден, көңіл күйдің шарықтап тасуымен сипатталады.

Ғұлама жазушының этнопсихология, ұлттық мінез туралы айтқан түйін-тұжырымдары да сапалығымен көзге түседі. Ғалым әр халықтың, не ұлттық өзіне тән мінез-құлқы, темпераменті, талғам түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы болатындығын әркез ескеріп отырған. Автор халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршіліктер ұлт психологиясының ерекшеліктерін танып білдіретін басты өлшемдер дейді. «Қазақ халқының, - деп жазды М.Әуезов, - ақындық қабілет дарыны өмірде ақынның ерекше типін туғызды»

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. М.Әуезовтың ғылымға қосқан үлесі қандай?

  2. М.Әуезовтың психологиялық көзқарастарына жасаңыз?

  3. М.Әуезовтың педагогикалық көзқарастарының маңыздылығы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

14 дәріс


Тақырып: Қазақ ғалымы М.Дулатовтың (1885-1935) психологиялық көзқарастары

Дәрістің мазмұны


  1. Ғалымның өмірі мен қызметі

  2. М.Дулатовтың өмірлік көзқарастары және қазақ халқының тарихы жайындағы философиясы

  3. М.Дулатовтың әлеуметтік концепциясы

Мақсаты: Қазақ ғалымы М.Дулатовтың (1885-1935) психологиялық көзқарастары туралы мәліметпен студенттерді таныстыру.

М. Дулатов екі жасында шешеден, 12 жасында әкеден жетім қалады. Ол 1897 жылы Торғайдағы қазақ-орыс мектебіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін ауылға барып бала оқытады. Ол 1920 жылдан бастап жаңа өкіметке қызмет етеді. 1922-26 жылдары Орынбордағы Қазақтың ағарту институтында оқытушы болып қызмет етеді. 1922 жылы «Есеп құралын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын бастырады. 1928 жылы зобалаңда бір топ қазақ зиялыларымен бірге тұтқынға алынады, осылайша 10 жыл өмірін абақтыда өткізеді. 1935 жылы тұтқында жүріп Балтық каналының бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады. 1988 жылы республика Жоғарғы сотының колегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан оны біржола ақтайды. Кейін оның «Оян қазақ», «Жастарға» , «Бақытсыз Жамал» деген шығармалары жарық көрді.Әмбебап ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, дәстүр- салты, жол- жоралғысы, тәлім-тәрбиесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам- талғамдары нақты деректерге толып баяндалған.

Табиғаттан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арастында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым- білімге , өнерге зерек балаларды оқытып- тәрбиелеудің мәне жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңілді. Бұны: «Туысында қанша зеректік болса, да-ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде- кім өзінің табиғатына не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді. ..Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

Ғалымның өмірі мен қызметі туарлы мағлұмат беріңіз?

М.Дулатовтың өмірлік көзқарастары және қазақ халқының тарихы жайындағы философиясы қандай болды?

М.Дулатовтың әлеуметтік концепциясының маңыздылығы неде?



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

15 дәріс



Тақырып:М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары

Дәрістің мазмұны


  1. М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары

  2. Жұмабаевтың шығармашылығындағы психологиялық ойлар

  3. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары

Мақсаты: М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастарымен таныстыру

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздардың бірі, текті ақыны. Ол 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниеге келді. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жж Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, белгілі татар зиялысы М.Бекишевтен дәріс алды. 1910-1913 жж Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жанторин мен тығыз қарым қатынас орнады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтың көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында «Шолпан» атты тұңғыш өлендер жинағы басылып шығады. 1913-16 жж Омбы мұғалімдер семинариясында оқиды. «Бірлік» ұйымы жұмысына белсене араласып, «Балапан» қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкенйханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді Алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, «Қазақ» газетіне өз өлеңдерін жариялады. 1917 жылы Ақпан төңкерілісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. 1919-23 жж Ақмола губерниялық «Бостандық туы», «Ақжол газеттерінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезде қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянды» жазып жарыққа шығарады. 1923-27 жж Мәскеуде Жоғарғы әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетімен , Батыс Елдер әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен достық қарым – қатынаста болады. 1927 – 29 жж Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқутышылық қызметін атқарады. 1929 жылы «Алқа» атты жасырын ұйымын құрғаны үшін Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1934 жылы М.Горький мен Е.Тешковтың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға оралады. 1937 жылы Мағжан Алматы қаласына келіп, аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайта қамауға алынып, ату жазасына кесіледі.

М. Жұмабаев қазақ психологиясының негізін қалаған ұлы ғұлама ғалымдардың бірі. М.Жұмабаевтың ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебап зиялы қайраткер болды. Мағжан поэзиясы адамның жан дүниесінің қыры мен сырына терең бойлайтыны, оның адамның жан сезімін дөп басып суреттейтіні көпшілік оқырманды сүйсіндіріп келді. Сонымен бірге ол тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болды. Мағжан өз еңбегінде психология пәнінін терең орын беріп, оның барынша зер сала қарастырады, ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен өзінің бұрынғы және заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын ұлттық психологиялық бояу, нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық..Жан көріністерін ол « білу яғни ақыл, сезім яғни көңіл, қайрат көріністері болып үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиғи үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстарып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөз қозғайды» Ол сыртқысезімдерді көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады.

Адам өміріндегі естің алатын орнын көрсете келіп авттор оларды есту, көру, қозғалу т.б. деп жеке-жеке қарастырады. Естің адам жасына байланысты өзгеріске түсетіндігі айта келіп баланың есін дамытудың жолдарына тоқталды.

М. Жұмабаевсұлулық сезімдері жайлы ғылыми ұғымдарды да әр қырынан ашып өнер адамына тән көрнекті сезімдерді түсіндірді. Кітапта ойлау ұғым, ой қорытындылары мәселелері ерік-жігер, қажыр-қайрат импулс, әдеп категориялары талдауға алынған. Бала темпераментін төртке бөліп бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндайды. Баланың жалпы жаратылысы табиғаты туралы түсініктеріде қазақ ұғымына жаттық түсінікті берілгендігі байқалады.

Автор қиялды ерікті және еріксіз деп екіге бөледі. Ақын тілдің адам өміріндегі маңызы жайлы ата келіп, оның ұлттық мәнін былайша жеткізеді: «Ұлттың тілі – кемей бастауы, - деп жазды ол, - ұлттық құри бастағанын көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде сол ұлттың жері тарихи тұрмысы, мінез айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары-сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей тұмық, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асқпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр.»

М. Жұмабаевтың мынадай еңбектері бар: «Ақыл көріністері», «Жантану негіздері», «Педагогика», «Сауатты бол» және т.б.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастарымен таныстыру

  2. Жұмабаевтың шығармашылығындағы психологиялық ойлар маңыздылығы неде?

  3. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары неде?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
17 дәріс

Тақырып: 30-50 жылдардағы жылдардағы психология ғылымының дамуы.

Т.Тәжібаев еңбектері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет