Педагогикалық факультет


Гуманистік идеялары. Психолого - педагогикалық зерттеулердің бағыттары: Халықтардың ұқсастығы, ерекшеліктігі, салт-дәстүрі туралы этнопсихологиялық идеялар



бет15/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Гуманистік идеялары. Психолого - педагогикалық зерттеулердің бағыттары: Халықтардың ұқсастығы, ерекшеліктігі, салт-дәстүрі туралы этнопсихологиялық идеялар


  • Ы. Алтынсариннің психологиялық көзқарастары

    Мақсаты: Ы. Алтынсариннің психологиялық идеяларымен таныстыру

    Ы. Алтынсарин қазақтың көрнекті ағартушы педагогы. Ы. Алтынсарин артында арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған. Алайда, сан алуан ойға толы шығармаларынан психологиялық астарларды байқауға болады. Ы. Алтынсарин тәрбиеші, ұстаз, мұғалімдік өнер жөніндегі айтқан психологиялық ойлары бар. Ол оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім роліне айрықша маңыз берді. Мектеп ісінің сан саласындағы жетістіктері мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз жұмысын жан тәнімен сүйе білуіне байланысты деп түсіндірді.

    Ы. Алтынсарин өз халқының жарқын келешегі үшін бар өмірін сарп еткен халыққа қызмет етуден артық ісі жоқ деп түйген туған халқын , ел-жұртын шексіз сүйген нағыз отаншыл азамат. Сондықтан да оның көптеген шығармаларында қазақ халқының өзіндік психологиялық қасиеттері, салт-санасы, әдет-ғұрпы жайлы айтқандары ерекше назар аудартады.

    Психология ғылымы адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін, істеген істің, жүріс-тұрыстың, демалыстың, яғни өмірдің сан алуан саласының қай қайсысы да біртіндеп ұнамды және ұнамсыз әдетке айналып отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды, жақсы әдеттермен қатар жарамсыз жаман әдеттер де болатынын ескертті. Мысалы, салақтық жаман әдет, одан тәнге де, жанға да пайда жоқ. Оның салақтық атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиянды екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты болғанмен, жуынып таза жүруді білмейді. Ақыры сол таза болмағандықтан ауырып, қайтыс болады.



    Өзіндік бақылау сұрақтары:

    1. Ы. Алтынсаринның дүниетанымының философиялық негіздерінің маңыздылығы неде?
    2. Гуманистік идеялары. Психолого - педагогикалық зерттеулердің бағыттары: Халықтардың ұқсастығы, ерекшеліктігі, салт-дәстүрі туралы этнопсихологиялық идеяларының құндылығы неде?


    3. Ы. Алтынсариннің психологиялық көзқарастарының маңыздылығы неде?

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

    2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

    3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

    4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
    9 дәріс

    Тақырып: Ш. Уәлихановтың психологиялық көзқарастары

    Дәрістің мазмұны


    1. Ш. Уалиханов –материалист және философ ретінде

    2. Ш. Уалихановтың Орта Азия халықтарының өмірі мен тұрмысын ғылыми зерттеуі

    3. Ш. Уалихановтың қазақтар психологиясы туралы айтқан көзқарастары

    Мақсаты: Ш. Уәлихановтың психологиялық көзқарастарымен таныстыру.

    Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғыоым –білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Отыз жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.

    Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны - халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді.

    Шоқан қазақ ақындарының құйылдыра жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық психологиясынан елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның құйылдыра жырлау, суырып салма сияқты ой қабілетінің үлкен тапқырлығын, қиыннан қиыстырар хас шеберлігін ерекше қажет етеді.

    Ғалым қазақ халқының ұлттық психологиясын мына төмендегі пікірлерінде жеріне жеткізіп сипаттаған: «..қазақ барлық сенім, әдетімен де, - деп жазды ол, - ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған адамдардың тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең-жыраулар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, полициялық шаралармен де , ең ақылдылардың қатарына қосылады». өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, әдет-ғұрпы мен психологиясын осыншама жоғары бағалаған Шоқанды қайтып қана қадір тұтпасың!

    Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі – сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөнінде толғаныстарымен астарласып жатады. Ағартушы ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғанын айтады. Ол қазақ даласында кейінірек тараған шаман дінінің пайда болуының да белгілі себептері бар дейді.



    Өзіндік бақылау сұрақтары:

    Ш. Уалиханов –материалист және философ ретіндегі маңыздылығы неде

    Ш. Уалихановтың Орта Азия халықтарының өмірі мен тұрмысын ғылыми зерттеуінің нәтижесі?

    Ш. Уалихановтың қазақтар психологиясы туралы айтқан көзқарастары қандай болды?



    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

    2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

    3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

    4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

    11 дәріс



    Тақырып: Ж Аймауытов шығармашылығындағы психологиялық көзқарастар

    Дәрістің мазмұны


    1. Ж Аймауытов шығармашылығындағы психологиялық көзқарастары

    2. «Жан жүйесі мен өнер таңдау» еңбегіне психологиялық сараптама

    3. Ж.Аймауытовтың еңбектеріне психологиялық сараптама

    Мақсаты: Ж Аймауытов шығармашылығындағы психологиялық көзқарастарымен таныстыру.

    Ұзақ жылдар бойы «Ұлтшылдық» әдебиетінің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартып, құнды – құнды ғылыми-зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құқралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.

    Ж Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық «Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Осы журналдың 1918 жылғы 1,2 сандарында Ж Аймауытовтың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.

    Ж Аймауытов «адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі – түрлі болуынан .... Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақыларды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі жәнежан (рух) тәрбиесі болып бөлінетінін атап көрсетті.

    Ж Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды. Ол психология саласында да өндіре еңбек етіп, артына көп мұра қалдырып кетті. Оның екі кітабы: «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» осы ғылым саласынан жазылған тұңғыш төл туындылар. Ж Аймауытов «Тәрбие жетекші», «Комплексті оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» дейтін еңбектерінде психологиялық мәселелерге ерекше мән берген.

    Ж Аймауытовтың психология саласында жазған төл еңбегі «Жан жүйесі және өнер таңдау» ерекше назар аудартады. Мұнда автор ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау әдістері арқылы кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қыр қазақтарының ұлт, әлеумет ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын тәжірибе арқылы анықтағысы келген. Зерттеудің басты мақсаты: Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа заманның кезінде жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жәрдемдесу.



    Өзіндік бақылау сұрақтары

    Ж Аймауытов шығармашылығындағы психологиялық көзқарастары қандай болды?

    «Жан жүйесі мен өнер таңдау» еңбегіне психологиялық сараптама жүргізіңіз?

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

    2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

    3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

    4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
    13 дәріс

    Тақырып: Мұхтар Әуезовтың психологиялық көзқарастары



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет