6 апта
8 кредит сағат.
№6 дәріс.
Тақырып:Г.Шейнталь мен М.Лацарус- этнопсихологияның негізін салушылар.
Дәріс мазмұны:
1. Г.Шейнталь мен М.Лацарус- этнопсихологияның негізін салушылар.
2. Этнопсихология халықтық рух туралы ғылым.
Батыста 19 ғасырда этнопсихолгияның жеке дара ғылым ретінде теориялық және методологиялық негізін салған М.Лацарус және Х Штейнталь. Швейцар философы Лацарус алғашқыда тіл, әзіл-ысқақ т б құбылыстарды зерттеді. Оның үлкен үлесі ұлттар психологиясы теориясын ың негізін салды.
1859 ж бастап Лацарус Штейнтальмен бірігіп ұлттар психологиясы мен тіл білімі атты журнал шығарды. Штейнталь ұлт тілінің грамматикалық логикалық және психолгиялық өара үйлесімділігін зерттеді. Штейнталь әр этносқа өзіндік мәдениеттің тән екенін мойындай отыра, оларды бірлігі мен тұтастығын өз көрінісін тілден табатын психолгиялық байланыстармен түсіндірді. Лацарус пен Штейнталдың пікірлері бойынша ғылым саласы ретіндегі ұлттар психологиясының міндетті ұлттық рухтың психолгиялық сипатын танып білу, ұлттардың ішкі рухани іс-әрекеттерінің заңдылықтарын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |