Педагогикалық факультеттің деканы



бет33/55
Дата04.10.2020
өлшемі0,51 Mb.
#63961
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
2 апта.

2 кредит сағат.

Дәріс № 2.

Тақырыбы:Этнопсихологияның даму тарихына қыска шолу.

Дәріс мазмұны:

1. Ежелгі және орта ғасырлардағы этнопсихологиялық түсініктер

2Кеңестік республикаларда этнопсихологиялық зерттеулердің өріс алуы.

3Қазіргі кездегі этнопсихология ғылымының дамуына Л.Н.Гумилевтің

энтогенез және этностың биологиялық-географилық концепциясы.

Геродоттан бастап ежелгі ғасыр ғұламалары барлық елдердің ұлттарының тұрмыс салттарына, ұлттық ұстанымдарына үлкен назар аударды. Халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы білімдер елдер арасында тиімді жолмен сауда саттық және мәдени қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік беріп отырды. Тайпалар мен ұлттардың бет пішіндеріндегі, салт-дәстүрлері мен мәдениеттеріндегі айырмашылықтарды қарастыра отырып ғұламалар сол айырмашылықтардың табиғатын анықтауға тырысты. Гиппократ (б э д 460-370ж ) ұлттардың физиологиялық және психологялық айырмашылықтарын географиялық орналасу және климаттық жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндірді.

Гельвеций өзінің «Адам туралы » деген еңбегінде ұлттардың мінез- құлық ерекшеліктерімен оған әсер ететін факторларға үлкен тарау арнаған Оның пікірінше әрбір халық оның мінез- құлық ерекшелігін анықтайтын өзінше ойлау және сезіну қабілетіне ие. Барлық халықта бұл мінез- құлық өзгеріп өшіп отыруы мүмкін. Ғұламаның пікірі бойынша мінез- құлық бұл қоршаған ортаны қабылдау әдісі. Философ, тарихшы Шарль Монтескье қоғамды – ұлттың рухынан көрінетін заңдылығы бар әлеуметтік ағза ретінде қарастырды.

Этнопсихология ғылым ретінде Ресейде 19 ғасырда қалыптасты. Н.Г Чернышевскийдің пікірінше әрбір халықтың өзінің патриотзмі, психолгиясы бар және ол нақты істермен көрінеді. Оның этнопсихологияның дамуына қоскан үлесі - ұлттық жән әлеуметтік рухани өмірдің өзара сәйкестігін талдауы.Оның айтуынша ұлттық мінез- құлық ұлтың түрлі сапаларының бірлігі және ол ұрпақтан- ұрпаққа берілмейді , ол тарихи дамудың нәтиежесі. Оның пікірінше ұлттық мінез- құлық құрылымына адамдардың тілдерінің алуан түрлілігіне байланысты адамдардың интеллектілік және моральдық ерекшеліктерін қосу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет