5ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 апта.
1 кредит сағат.
Дәріс № 1.
Тақырыбы:Этнопсихология пәні.
Дәріс мазмұны:
1 Этнопсихология пәні туралы түсінік.
2 Этнопсихология пәнінің міндеттері, заңдылықтары.
3 Этносихологиялық зерттеулердің әдіснамалық негізі.
Этнопсихология- психология, социология, мәдениеттанужәне этнография ғылымдарының ұштасуынан пайда болған әлеуметтік психология ғлымының саласы.Этнопсихологияның зерттеу пәні - түрлі этникалық қоғам өкілдерінің пчсихологиялық өзіндік ерекшеліктерін. Этнопсихология –нақты этникалық өкілдері ретіндегі адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Этнопсихологияның негізгі міндеттері
1. Этностардың өзара әрекеттесуінің әлеуметтік психологиялық мәселлерін зерттеу .
2. Жеке тұлғалық деңгейде этникалық ұқсастықтың қалыптасу ерекшелігін зерттеу
3. Сәтті мәдени аралық өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін әлеуметтік психологиялық әдістер мен бағдарламаларды қалыптастыру.
4. Адамның өміріне этникалық құбылыстар мен мәдениеттің әсер етуінің сихологиялық заңдылықтарын ұғыну мақсатында этнопсихологиялық теорияларды дамыту.
Этнопсихологияның методологиясы – танымның негізгі заңдылықтары және соның негізінде нақты этникалқ қоғам өкілдерінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерін ұғыну.
Этнопсихолгияның методологиясының 3 түрлі әдісі анықталды
1. Жалпы әдіс
2. Арнайы әдіс
3. Жеке әдіс
Достарыңызбен бөлісу: |