11 апта
17 кредит сағат.
№ 12 дәріс.
Тақырып: Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы.
1. Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы.
2.Қазақстанның ұлы ағартушышыларының этнопсихолгиялық ой пікірлері.
3. Қазақстанда этнопсихология саласының дамуы, қалыптасу жолдары.
Дәріс мазмұны:
Халық педагогика көтерген тәліми мәселелердің адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын қолданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы Халықтық психология деп аталады.Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып жүйеге түскен ұлттық дәстүрге, салт- сана , әдет- ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой , эстетикалық, еңбек дене тб таптаурында болған нормалар мен принципптер, яғни халықтың жан дүниесі , өзіндік мінез- құлық , іс- әрекеттің ішкі астарлары сөз болады. Ұлттық дәстүрмен салт- сана адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология- адамдарың қоғамдық және жеке тәжірибесінен өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл адам мінез- құлқының көптеген жақтарын қамтып,белгілі этностық өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология шұғылданады. Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол.Мәселен қазақ халқының аңыз- әңгімелерінде батырлық эпос жырларында , ертектері мен айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адамның жан жүйесінің небір түрлері әр қырынан көрініп жатады. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |