Педагогикалық факультеттің деканы


КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)



бет2/55
Дата04.10.2020
өлшемі0,51 Mb.
#63961
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
1. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
1.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

оқытушы Доскалиева Р.Б.

Жалпы педагогика және информатика кафедрасы № 103 кабинет.
1.2 Пән туралы мәлімет

Этнопсихология пәні.

Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады.


Кредиттік аптаға бөліну кестесі (кредит бойынша)


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 1.

Өту орны: № 1,7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


3, 4

6, 7

1

15

0

15

15

45

емтихан


1.3 Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Этнопсихология – қазіргі психология ғылымының жас салаларының бірі.Ол адам психологиясының этникалық ерекшілігін, ұлттық мінезін, этностық сана- сезімің қалыптасу заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді т.б. зерттейді.

Елімізде қазақтармен бірге жүзден астам ұлт өкілдері тұрады, бұлардың бір- бірінен ұлттық айырмашылықтары болатыны белгілі. Қоғам өмірін тануда этнопсихологиялық факторлар үлкен мәнге ие. Іс- әрекеттің кез- келген саласында, атап айтқанда, құқық органдары, қарулы күштер, юриспруденцияның, өнер мен медицина, білім беру мекемелерінің мәні ерекше. Егеменді еліміз үшін этнопсихологиялық білімнің әр түрлі мәселелері үшін осы ғылымды білуміз қажет. Бұл ғылым студенттерге отандық және алыс, жақын шетелдегі әртүрлі әлеуметтік мәселелердің ұлттық псилогиялық аспектілерін табуға көмектеседі.

Осы оқу бағдарламасында жалпы теориялық сұрақтармен қатар, Қазақстандағы ұлттық- психологиялық мәселелерге байланысты аймақтық материалдар да көрініс тауып отыр.Ұлтаралық шиленістерден сақтандырудағы этнопсихологиялық мәселелер, этнос аралық конфликтілер мен ұлттаралық қарым-қатынастағы оң көзқарастар, мемлекеттік тілдің – этнопсихологиялық астарлары т.б. осы дәрісте қарастырылатын мәселелердің бір тобы.

Бағдарламада жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.Ол арнайы курс түрінде әл- Фараби атындағы ҚазГУ, Абай атындағы АлМУ, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академияда апробацияланған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет