ІV. Кесінділерді және бұрыштарды өлшеп салудың негізгі қасиеттері Кез-келген жарты түзудің бойына оның бас нүктесінен бастап, ұзындығы берілген кесіндіні өлшеп салуға болады және ол тек біреу ғана болады.
Кез-келген жарты түзуден бастап берілген жарты жазықтыққа 180° -тан кем градустық өлшеуіші берілген бұрышты өлшеп салуға болады және ол тек біреу ғана болады.
V. Қарапайым фигуралардың негізгі қасиеттері 1. Үшбұрыш қандай болса да, оған тең және берілген жарты түзуге қатысты көрсетілген қалыпта орналасқан үшбұрыш бар болады.