3 – дәріс
Тақырыбы: Бұрыштар мен түзулер.
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.
Параллель түзулер. Түзулердің параллельдік белгісі. Перпендикуляр түзу.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге сыбайлас және вертикаль бұрштар, параллель және перпендикуляр түзулер жайында мағлұматтар беріп, осы білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Әдебиеттер:
/4/ §1 п 6-7, §2 п 14-18, §4 п 29-36
/5/ §31
Қосымша /3/ 1 тарау §2,5,6
/4/ 3 тарау §19
Тірек сөздер: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, параллель, перпендикуляр, көлбеу, проекция, қиюшы, ішкі айқыш және тұстас бұрыштар.
1 сұрақ // Ан: Егер ені бұрыштың бір қабырғасы ортақ болып, ал қалған қабырғалары толықтауыш жарты түзулер болса, онда мұндай бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады.
Теорема: Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180 градусқа тең.
Салдар 1. Егер ені бұрыш тең болса, онда олармен сыбайлас бұрыштар да тең болады.
Салдар 2. Тік бұрышпен сыбайлас бұрыш---------- тік бұрыш болады.
Сүйір бұрышпен сыбайлас бұрыш – доғал, ал доғал бұрышпен сыбайлас бұрыш сүйір болады.
Ан: Егер бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш жарты түзулері болып табылса, онда мұндай екі бұрыш вертикаль бұрыщтар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |