Педагогикалық институтының директоры


Тексеруге арналған сұрақтар



бет19/36
Дата05.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12897
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Призма дегеніміз қандай көпжақ?

  2. Призманың бүйір қырларын, биіктігін, табандары көпбұрышты атаңыз.

  3. Призманы жазықтықта кескіндеңіз.

  4. Призманың түрлерін айтыңыз.

  5. Параллелепипед түрелерін атаңыз.

  6. Пирамида дегеніміз қандай көпжақ.

  7. Пирамиданың бүйір қырларын, биіктігін көрсетіңіз.

  8. Пирамиданы жазықтықта кескіндеңіз.

  9. Пирамиданың түрлерін атаңыз.

  10. Призманың, параллелепипедтің, пирамиданың толық беті мен бүйір бетінің формулаларын жазыңыз.



5 – дәріс
Тақырыбы: Айналу денелері

  1. Цилиндр, конус, шар және оларды жазықтықта кескіндеу.

  2. Цилиндр, конус және шардың бүйір және толық беттері.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге айналу денелері жөнінде мағлұматтар беріп, оларды жазықтықта кескіндеу тәсілдерін түсіндіріп, цилиндр, конус және шар биіктерінің формулаларымен таныстырып, есептер шығаруға қолдана білуге үйрену.
Әдебиеттер:
/1/ 269-271б.
/4/ §20 п 181-187
Тірек сөздер: Цилиндр, цилиндр табаны, жасаушысы, радиусы, биіктігі, диаметрі, осі, центрі.
Конус, конус табаны, төбесі, жасаушысы, биіктігі, осі, центрі, радиусы.
Шар, шар центрі, радиусы, диаметрі, шар беті – сфера.



  1. -сұрақ. Цилиндр деп бір жазықтықта жатпайтын екі дөңгелектен және осы дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын, параллель көшіргенде дәл беттесетін, барлық кесінділерден құралатын денесі атайды.

Дөңгелектерді цилиндрдің табандары деп, ал дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің жасаушылары деп атайды.
Егер цилиндрдің жасаушылары табан жазықтыөтарына перпендикуляр болса, онда оны тік цилиндр деп атайды.
Цилиндрдің радиусы – оның табандарының радиустары, цилиндрдің биіктігі деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды.Цилиндрдің осі деп табандарының центрлерінен өтетінін түзуді атайды.
Цилиндрді кескіндеу үшін тік төртбұрышты бір қабырғасынан осы қабырғаны ось ретінде алып, айналдырғанда жасалатын денені алады.
Конус деп дөңгелектен – конустың табанынан, бұл дөңгелектің жазықтығында жа------------------------------------- конустың төбесінен және конустың төбесін табандағы шеңбердің нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған денеі айтады.
Конустың төбесін табанындағы шеңбердің нүктелерімен қосатын кесінділер конустың жасаушылары деп аталады. Егер конустың төбесін табанының центрімен қосатын түзу табан жазықтығын перпендикуляр болса, ол тік конус деп аталады. Конустың биіктігі деп оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атайды.
Тік дөңгелек конустың осі деп оның биіктігін қамтитын түзуді атайды.
Тік дөңгелек конусты көрнекі түрде (кескіндеу) тік бұрышты үшбұрышты, оның бір катетін ось етіп алып, одан ------------------ пайда болатын дене деп қарастыруға болады.
Шар деп берілген нүктеден берілген қашықтықтан артық емес қашықтықта жататын кеңістіктің барлық нүктелерінен тұратын денесі айтады. Бұл нүкте шардың центрі деп, ал беілген ара қашықтықтың шардың радиусы деп аталады.
Шардың -------------- шардың беті немесе сфера деп аталады.
Шарды жазықтықта кескіндеу үшін жарты дөңгелекті осі ретінде диаметрін алып, айналдырғанда аламыз.



  1. сұрақ. Цилиндрдің беті табандарынан және бүйір бетінен құралады.

Цилиндрдің толық беті


S = S + 2S


Тік цилиндр үшін


S = P*H = 2ПRH


мұндағы H – биіктігі, R – радиусы.


S = 2ПRH +2ПR =2ПR(R+H)

Конустың беті табаны мен бүйір бетінен құралады.


Конустың толық беті


S = S +S
Тік конус үшін


S = ПRl – мұндағы R- радиусы, l – жасаушысы.

S=S+S=ПRl+ПR=ПR(R+l)


Шар беті, сфераның ауданына тең, яғни


S = 4ПR , R – радиусы.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет