Тексеруге арналған сұрақтар:
«Фигураның ауданы» ұғымын анықтаңыз.
Ауданды өлшеу үрдісінің мағынасын ашып көрсетіңіз.
Ауданның негізгі қасиеттерін тұжырымдап беріңіз.
Ауданның бірліктерін атаңыз.
Аудан бірліктерінің арасындағы қатынастарды жазыңыз.
Дәріс-11
Тақырыбы: Дененің көлемі және оны өлшеу.
Дененің көлемі ұғымы
Дене көлемінің қасиеттері
Көлем бірліктері және олардың арасындағы қатынастар
Сыйымдылық және оның өлшем бірліктері.
Дәрістің мақсаты:
Студенттерді дене көлемі ұғымы, оның қасиеттері, бірліктері және олардың арасындағы қатынастармен, сыйымдылық және оның өлшем бірліктерімен таныстырып, ал,ан білімдерін практикалық мәселелерді шешуде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрену.
Тірек сөздер: көлем, тең денелер, текше, текшенің өлшем бірлігі, текшенің қыры, сыйымдылық, сыйымдылық бірліктері, метр, гектометр, миллилитр.
Әдебиеттер.
1. 282-283 бет.
2. 5 тарау §21 п 5,6
5. §16
4. Қосымша 3 тарау §18.
1 – сұрақ: Жазықтықтағы фигуралар үшін аудан ұғымы қалай енгізілсе, кеңістіктегі денелер үшін көлем ұғымы соған ұқсас енгізіледі.
Қандай дененің болса да белгілі бір көлемі болады. Дененің көлемі деп кеңістіктің ол дене алып тұрған бөлігін атаймыз. Көлем куб өлшеуіштермен, яғни қырлары қандай да бір сызықтық бірлікке тең кубтармен (текшелермен) өлшенеді. Көлемі табылатын денелер көпжақтар мен айналу денелері болып бөлінеді. Қарапайым көпжақтардың екі түрі бар: призмалар және пирамидалар. Бұлардан басқа да көпжақтар бар. Призмалардың ішінде математиканың бастауыш курсында оқылатын тікбұрышты параллелепипед болып табылады. Оның бір төбеден шығатын үш қыры (ұзындығы, ені, биіктігі) үш өлшемі деп аталады. Сондықтан тік бұрышты параллелепипедтің көлемі осы үш өлшемнің көбейтіндісіне тең болады. Оларды а, в және с деп белгілесек,
V = a · b · c. Осы үш өлшем өзара тең, яғни a = b = c болса, онда ол куб немесе текше деп аталады да, текшенің көлемі V = a3 формуламен есептеледі.
2 – сұрақ: Қарапайым денелер үшін көлем – сандық мәні төмендегідей қасиеттерге не болатын оң шама:
1) Тең денелердің көлемдері тең болады.
2) Егер дене қарапайым денелерге бөлшектенсе, онда оның көлемі оның бөліктері көлемдерінің қосындысына тең болады;
3) Қыры ұзындық бірлігіне тең болатын текшенің көлемі бірге тең болады.
3 – сұрақ: Көлемнің негізгі бірлігі – куб метр немесе м3.
Көлемнің бірліктері ұзындық бірлігі арқылы былайша жасалады: егер текшенің қыры 1 м болса, онда оның көлемі 1 м3 болады, сол сияқты
1 дм - 1дм3
1см – 1 см3
1мм – 1мм3
1км – 1 км3
Көлем бірліктері арасындағы қатынас төмендегі кестемен сипатталады:
1см3 = 103мм3
1дм3 = 103 см3 = 106 мм3
1м3 = 103дм3 = 106 см3 =109 мм3
1км3=109м3=1012дм2=1015см3=1018мм3
Достарыңызбен бөлісу: |