4– сұрақ: Сыйымдылық бірлігі – литр.
Литр – таза судың бір килограмының ............. цельсий және 760 мм атмосфералық қалыпты қысымдағы көлемі.
Бұлайша анықтағанда литр бір куб дециметрдің көлемінен 0, 000028 куб дециметр артық болады. Практикалық өлшеулерде 1 л ≈1 дм3 деп алады.
Сыйымдылық бірліктері арасындағы қатынастар:
Килолитр кл – 1000 л
Гектолитр гл – 100 л
Денолитр дил – 10л
Децилитр дл – 0,1 л
Миллилитр мл – 0,001 л.
Тексеруге арналған сұрақтар: «Дененің көлемі» ұғымын анықтаңыз.
Көлемі табылатын қарапайым көпжақтарды атаңыз.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі формуласын жазыңыз.
Көлем бірліктерін атаңыз, олардың арасындағы қатынастарды жазыңыз.
Сыйымдылықтың негізгі бірлігін атаңыз.
Дәріс- 12 Тақырыбы: Бұрыш шамасы және оның шамасының өлшем бірліктері. Бұрыш шамасы туралы ұғым. Бұрышты өлшеу.
Бұрыш шамасының қасиеттері.
Бұрыш шамасының бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.