Педагогикалық институтының директоры


Дәріс – 14 Тақырыбы: Уақыт және оның өлшем бірліктері



бет31/36
Дата05.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12897
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Дәріс – 14
Тақырыбы: Уақыт және оның өлшем бірліктері.

  1. Уақыт аралығы ұғымы.

  2. Уақыттың екі тұрғыдағы түсіндірмесі.

  3. Уақыт бірліктері және олардың арасындағы қатынас.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді уақыт аралығы ұғымы, оның екі тұрғыдағы түсіндірмесі, бірліктері және олардың арасындағы қатынастармен таныстырып, алған білімдерін практикалық мәселелерді шешуде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.


Тірек сөздер: Уақыт, уақыт аралығы, ұзақтық, хронологиялық уқаты, санақ басына дейінгі немесе одан кейінгі өтетін уақыт, уақыт-дата, аудиктивті скаляр, шама, секунд, минут, сағат, тәулік, ай, жыл, апта, ғасыр.
Әдебиеттер.
1. 283-286 бет.
2. 5 тарау §21 п 8
3. 5 тарау §16 п 111
1-сұрақ. Уақыт аралығы ұғымы, ұзындық, аудан және масса ұғымдарына қарағанда анағұрлым күрделірек ұғым. Күнделікті өмірде уақыт деп бір оқиғаны басқасымен бөліп тұратынды түсінеді.
Уақыт аралықтарын өлшейді. Алайда, уақытты өлшеу үрдісі ұзындық, аудан, масса сияқты шамаларды өлшеуден өзгешелеу. Мәселе мынада: бірлік ретінде алынған уақыт аралығы бір ғана рет қолданылуы мүмкін. Сондықтан уақыт бірлігі ретінде жүйелі қайталанатын үрдіс алынуы қажет болады. Осындай бірлік, бірліктердің халықаралық СИ жүйесінде, секунд деп аталған.
1960 жылға дейін секунд тәуліктердің 1 бөлігі ретінде, яғни секунд
86400
Жердің өз өсінен айнала қозғалуы бойынша анықталған болатын. Бұл анықтамаға сәйкес тәулікте 86400 с, 1440 мың немесе 24 сағат болады.
1960 жылы өлшем мен салмақтың бос конференциясы Жердің орбита бойынша Күнді айнала қозғалуына негізделген уақыт бірлігіне көшу жайында шешім қабылдады.
Секунд жылдың 1 бөлігі ретінде анықталады.
31556325,9747


2-сұрақ. Жалпы алғанда «уақыт» терминімен шын мәнінде екі әр түрлі шамаларды белгілейді. Қандай да бір үрдіс немесе құбылыстың ұзақтығы ретіндегі уақыт және хронологиялық уақыт, яғни қандай да бір белгіленіп алынған санақ басына дейінгі немесе одан кейінгі өтетін уақыт.
Уақыттың екі тұрғыдағы түсіндірмелері арасында тығыз байланыс бар: әрбір уақыт кесіндісі, яғни әрбір уақыт ұзақтығы екі датаның айырмасы.
Екінші жағынан, уақыт ұзақтығы ретінде, уақыт-дата не бола алмайтындай аса маңызды қасиетке, атап айтқанда адуктивтілік қасиетке ие болады. Уақыт – ұзақтықтың адуктивтілігі мынаны білдіреді: егер үрдіс жекелеген преиодтарға бөлшектенсе, онда оның ұзақтығы жекеленген периодтар ұзақтығының қосындысы болып табылады. Хронологиялық уақыт адуктивті емес немесе екі датаның қосындысының ешқашан мағынасы болмайды. Сондықтан уақыт – ұзақтық адуктивті скаляр шама, ал уақыт дата тек скаляр шама болып табылады.
Біз уақыт – ұзықтықты (яғни, уақыт аралығын) ұзындық, аудан, масса және т.с.с. шамалардың қасиеттеріне ұқсас қасиеттерге ие болатын аддиктивті – скаляр шама ретінде қарастырамыз. Сондықтан, уақыт аралықтарын салыстыруға, қосуға, азайтуға, оң нақты санға көбейтуге болады.
3-сұрақ. Уақыттың негізгі бірлігі – секунд. Қалған бірліктері: сағат, минут, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр. Жыл – Жердің Күнді айналып шығу уақыты. Тәуліктер – Жердің өз өсінен айналып шығу уақыты. Уақыт бірліктері арасындағы қатынас төмендегі кестемен сипатталады.
1 ғасыр /ғ/ = 100 жыл
1 жыл – 365 1 тәулік /365 және 366/
4
1 жыл – 12 ай
1 апта – 7 күн /тәулік/
1 тәулік – 24 сағат
1 сағат = 60 минут = 3600 секунд
1 минут = 60 секунд


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет