«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе



бет47/71
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#54517
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған.
Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.
Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты.
Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.
Қазіргі мектепті жаңашаландыру, оқыту-тәрбие процестерін жетілдіру мұғалімдердің шығармашылығына тікелей байланысты. Педагогикалық шығармашылықтың бір ерекшелігі - мұғалімдердің білім, білік, дағды қорларын үнемі байытып, жаңартып отыруында. Ондай мұғалімдер ешқашан да жұмыстарына селқос, немқұрайлы қарамайды, бар нәрсемен қанағаттанып қоймай, керісінше кездесетін түрлі педагогикалық қарама-қайшылықтарды женудің жолдарын іздестіріп, табысты нәтижеге ұмтылады.
Педагогикалық шыгармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді.
Шығармашық мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, суретші де, декоратор да, костюмер де, визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы да, психолог та бола алуы керек.
Белгілі театр реформаторы К.С.Станиславскийдің теориялық мұрасында «шығармашылдық көңіл-күй» деген ұғым қарастырылады. Оның пікірінше актердің шығармашылдық көңіл күйі көрермендердің көңіл-күйін баурап алады. Сол сияқты шығармашыл педагог та әр оқушының ынта-ықыласын, көңіл-күйін, зейінін өзіне аудартып, тіпті олардың іс-әрекеттерін басқара отырып шығармашылыққа тәрбиелей алады.
Мұғалімнің негізгі мақсаты - жас ұрпақтың өмірге, әлемге, табиғатка, болашақка, адамдарға, еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, оңтайлы қатынастарын калыптастыру. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін педагогикалық міндет. Педагогикалық міндетті шешудің өзі шығармашылықты кажет етеді. Педагогикалық практикада кездесетін ең қиын міндеттер шығармашыл педагогтың қолында оңай шешімін таба алады.
Мектеп тәжірибесіндегі кездесетін көптеген педагогикалық міпдеттер Л.И.Рувинскийдің «Мамандықка кіріспе» атты оқу құралында мынандай үш топқа бөлініп қарастырылады:
1. Стратегиялық міндеттер- шешімі ұзақ уақытты қажет ететін ең ірі,үлкен міндеттер. Оларды шешу оқушылардың көзқарастарында, өзара карым-қатынастарында, елеулі өзгерістер туындатуы мүмкін. Мысалы, сынып жетекшісінің оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу міндеті.
2. Тактикалық міндеттер-стратегиялық міндеттерді нақтылайтын, шешілуін қамтамасыз етуге тиіс міндеттер. Мысалы, оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі мынандай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: тәртіп бұзушылыққа жол бермейтіндей етіп оқу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, жауапкершілік туралы әңгімелер өткізу, ата-аналар жиналысын өткізу, осы жұмыстарга оқушылардың өздері басшылық ету ролдерін арттыру жүмыстарын жоспарлау.
3. Оперативтік міндеттер-жоспарланған іс-әрекеттерді тікелей орындауға көшу, яғни жедел түрде, балалардың көз алдында, олардың белсене қатысуымен шешілетін міндеттер.
Осындай түрлі міндеттерді шешудің алдын ала дайын үлгілері, рецептері болмайды. Әр мұғалім кез-келген жағдайда өзінің шығармашылық қабілеттері,педагогикалық іскерліктері мен шеберлігі, психологиялық білімі арқылы жол тауып шыға алуы керек.
Педагогикалық шығармашылық бір неше кезеңдерден құралады.
1. Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау.
2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалау.
3.Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру. 4. Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау.
Ұстаз шығармашылығы сабақтың, дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде, және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде жан-жақты байқалып тұрады.
Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін баскалардың озык тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшіліктік болып бөлінеді. Көпшіліктік педагогикалық тәжірибе - оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен деңгейімен сипатталатын білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың жұмыс тәжірибесі.
Озық педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтың асқан шеберлігін атайды. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдык, бір қайталанбас ерекшелік қамтылған болса онда оны жаңашыл педагог-деп атауға болады.
Озық педагогикалық тәжірибенің теориялық негіздерін меңгеріп оны практикада қолдану ерекшеліктері қазақстандық педагог-ғалым Ш.Т.Таубаеваның еңбектерінде жан-жақты зерттеледі. Ш.Т.Таубаеванын монографиялық еңбегінде озык педагогикалык тәжірибені зерттеу, жалпылау, қолдану мұғалімдердін зертгеушілік мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде карастырылады. Мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесі көп жылдар бойы жинақталған, ұтымды, тиімді нәтиже беретін шығармашылық іс-әрекеті.
Белгілі қазақ педагогы Б.Р.Айтмамбетованың: «Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық даму деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, коллективпен педагогикалық ынтымақтастық орнатуга бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек» - деген пікірі педагогикалық іс-әрекетте табысты нәтижеге қол жеткізген озық тәжірибелі педагогтардың жұмысының жоғары бағасы деуге болады.
Б.Р. Айтмамбетова шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеяларды былайша жіктейді:
- ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру идеясы;
- әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз карым-катынаста болу идеясы;
- тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы;
- қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы;
- тірек сигналдары арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы,
- оқушылардың білім алуында және оны бағдарлауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы,
- оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы;
- ірі блоктар идеясы;
- оқушыларды өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау жасауға және бағалай білуге үйрету идеясы;
- сынып оқушыларының интеллектуалдық дәрежесін жетілдіру идеясы;
- коллективтік шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру идеясы;
- шығармашылык өнімді еңбекті ұйымдастыру идеясы;
- мұғалімдер ұжымымен, ата-аналар және жұртшылықпен ынтымақта болу;
- қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пеп қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы.
Бұл идеялардың барлығы Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, Қ.Н.Нұрғалиев. А.М.Ысқақов, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева, Е.А.Очкур сынды жаңашыл-педагогтардың тәжірибелерінде практика жүзінде қолданылып жоғары сапалы нәтиже бергені белгілі. Сондықтан осындай құнды идеяларды кәсіби іс-әрекетте қолдана алу үшін болашақ мұғалімдердің аталған жаңашыл-педагогтардың еңбектерімен тереңірек танысулары олардың шығармашылық әлеуеттерін жетілдіруге негіз болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет