Педагогикалық практика күнделігі


Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбалар



бет4/5
Дата06.09.2023
өлшемі54 Kb.
#180365
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
кунделик Талшын Турсынбек

Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбалар



Күні мен айы

Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны

Жетекшінің қолы

29.05

Практиканың бірінші күні болғандықтан, мектепке университет мұғалімінің тағайындалған уақытында бардық. Кейін мектеп ғимаратымен танысып, практикаға қатысушы студенттермен және лагерь басшысымен бірігіп жиналыс аштық. Одан бөлек бізге бпрілген мақсат, міндеттерді айтып өтіп, жұмыс барысымен таныстырып шықты.




30.05

Практиканың екінші күні. Практиканттарды жинап, топ топтарға бөлді. Тізім бойынша өз тобымызбен жиналып, міндеттерімізге қайтара көз шолдық. Кейін бізге тобымыздың атауын айтып, серіктестерімізбен таныстырды.




31.05

Үшінші күн. Лагерь жұмыстарына қызу дайындалдық. Бәрін бастан аяқ ойластыруға көмектестік. Жаңа идеялар тастап, іске көштік. Сценарийді реттеп, жүйеледік. Түрлі анимация кейіпкерлерінің киімін жарыса алып алдық. Аниматорлар өз кезегінде өздеріне берілген міндеттермен танысты. Және сол бойынша әрекет еттік. Жұмыстарды өзара бөлісіп алдық.




01.06

Төртінші күн. Бөлінген міндеттерімізге сай әрекет етіп, жұмысқа кірістік. Кейінірек кабинеттерімізге барып топтың кабинеттерімен танысу жұмыстарын жүргіздік. Одан өзге топ жетекшілерімен таныстық. Топ жетекшілерімен шағын жиналыс жүргізіліп, атқарылатын қызметтерді түсіндірді. Шамалы ақылдасып, іске кірістік.




02.06

Бесінші күн. Ашылу салтанатына дайындық жұмыстарын жүргіздік. Практиканттармен қайтара дайындалып, бәріміз бірдей түстегі киімдерді киюді ұйғардық. Кабинетімізге барып, безендіру жұмыстарын жүргіздік. Ақылдасып топ жетекшілерімен бірге эмблема, ұран сынды топқа тән маңызды дүниелерді таңдап, ақылдастық.




05.06

Алтыншы күн. Ашылу салтанаты ойдағыдай өтті. "Достық" тақтайшасына өз тобымыздағы балалардың жиналуларын өтіндік. Топтың атымен таныстырып, ұранды да жаттатқыздық. Эмблемаларын мойындарына іліп, шешпеулерін сұрадық. Сценарий, ән-би, күй, аниматорлар жоғары деңгейде алып шықты. Кейін топтағы балақайлармен таныстық. Танысып болған соң, асханаға апардық. Кейін кабинетте қызықты ойындар ойнадық. "Телефон", "Крокодил", "Жалғастыр" ойындары. Ойыннан соң балалар дем алып, өз фантазияларынан сурет салды. Кейін мидағы нейрон жүйелеріне өте жақсы әсер етіп, белсенділік тудыратын ойындармен уақыт өткіздік. Кейін далаға шығып, бормен асфальтта сурет салдық. Біз достыққа қптысты суреттерді әдемі кескіндеп, бірінші орын алдық. Түскі тамақтарын ішіп, тағы да ойын ойнадық. Кейін көңілді уақыт өткізгеннен кейін үйлеріне шығарып салдық.




06.06

Жетінші күн. Таңғы 08:45 те мектеп алдына топтың атауы жазылған тақтайшамен балаларды жинап, кабинетке дейін шығарып отырдық. Бәрі түгел жиналған соң таңғы 9да есік алдына сапқа тұрып, жаттығу жасадық. Балалар жаттығу қимылдарын қайталады. Жаттығудан соң гигиеналық талапқа сай бірінші қолдарын жуып, кейін асхана үстеліне таңғы асқа отырды. Тамақтарын ішіп болған соң әдептілік ережесін ұмытпай, ыдыстарын апарды. Кейін балаларды жинап автобусқа сағат 10 да түгелдеп отырғыздық. Отырғызбас бұрын саптан шықпай, екіден жүріп, қауіпсіздік ережелерін естеріне түсірдік. Автобустан тиісті жерден балаларды түгелдеп түсіп, эко-музейге бардық. Музей қызметкерлері балаларға ғарыш тақырыбын түсіндірді. Балаларға астрономияға байланысты сұрақтар қойып, астрология жайлы ақпарат алмастық. Балалар экспонаттарды қолмен ұстап, қызықтап жүрді. Кейін далаға шығарып балақайларға "Ракета" эксприментін жасатқыздық. Аспанға шамамен 15-20м биіктікте ұшты. Бұл балаларға ұнап бірнеше мәрте қайталады. Бірақта қауіпсіздік ережесін ұмытпадық. Кейін уақыт тамамдап, автобусқа отырып, қайттық. Келіп қолдарын жуып, түскі астарын ішті. Кейін кабинетке барып, "Сақина" ойынын ойнаттық. Түскі 14:00де ата-аналар балаларын алып кетті.




07.06

Сегізінші күн. 08:45 топтың атауы жазылған тақтайшамен балаларды күтіп алып, кабинетке шығарып салдық. Таңғы 9да жаттығу жасап, дене қыздырды. Гигиеналық ережеге сай қолдарын жуғызып, таңғы асқа отырғыздық. Бүгін «Таныстырылым» сайысы топтар арасындағы. Плакат салып, әдемілеп боядық. Жалпы лагерьлік саптық жиналыста плакатымызды көрсетіп, қорғап, қандай мән-мағына беретінін түсіндіріп, топпен ұранымызды дауыстап салдық. Кейін бұл жарыстың нәтижесі І дәрежелі орын алдық. 10:50 де жолға шығып, автобусқа отырдық. Қауіпсіздік ережелерін қайтара еске салып, саптан шықпауларын өтіндік. 11:55те кітапханаға жеттік. "Қазақ мультфильмінің қарлығашы" атты Әмен Қайдаровты еске алу кеші болды. Бплаларға биографиясымен таныстырып, мультфильмды тамашаладық. Соның ішінде "Ақсақ киік", "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?". Одан кейін Әмен Қайдаров және мультфильмдері бойынша сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берді. Мысалы, кітап, тәттілер сияқты. Менің тобымдағы балалар ойынға белсенді қатысып, ұтқырлықтарын көрсете білді. Кеш аяқталарда қарлығаш құсының қағаз үлгісіндегі оригамиды сыйға берді. Бұл сол күннен ерекше естелік болып қалды. Тарихи тұлғаның қазақ экранында алғаш ойнаған төл мультфильмдерін тамашалап, балалық шаққа саяхат жасадық. Кейін түгенделіп, автобусқа отырып мектепке қайттық. Түскі ас уақытына түсіп, гигиеналық ережені ұмытпай тамақтарын ішті. Кейін кабинетке кеттік. 14:00ге дейін ойындар ойнадық. "Крокодил", "кто я?"сынды ойындармен уақытымызды қызықты өткіздік.




08.06

Тоғызыншы күн. 08:45те мектеп алдында балаларды ата-аналарынан табыстап алып, кабинетке шығарып салдық. 9да жаттығу жасап, қыздырындық. Асханаға барып, қолдарын жуып, үстелге отырды. Тамақтарын ішіп болған соң, әдеттегідей үстелдерін жинап, қоқыстарын өздерімен алып кетуді қадағаладық. Кейін шамалы ойын ойнап, уақыт өткіздік. Одан соң сыртқа шығып, автобусқа отырып театрға бардық. "Холодное сердце" мультфильмінің театрлық қойылымын тамашаладық. Балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Негізгі мәні: махаббатқа сену, достыққа адалдық. Тамаша қойылылым болды. Әртістер өте қатты ұнады. Қойылымнан соң балалар әртістермен ыотоға қуана түсті. Кейін ғимарат сыртында да түстік. Уақыт таяп, қайттық. Әдеттегідей түскі ас уақытына түстік. Келіп, қолдарын жуып, үстелге отырды. Тамақтарын асықпай ішіп, болған соң жинастыруларын қадағаладық. Кейін кабинетке кеттік. "Ойлан тап!", "Сиқырлы әріптер" ойындарын ойнадық. 14:00де балаларды ата-аналарға табыстадық.




09.06

Таңғы 08:45те топтың атауы жазылған тақтайшамен балаларды күтіп алып, кабинетке дейін шығардық. Таңғы жаттығу жасадық. Таңғы асқа отырып, кецін бірден автобусқа жөнелдік. Қауіпсіздік ережелерін еске салып, саптан шықпауын қадағаладық. 10:38 де жетіп, зоопарктың алдындағы шағын саябақта балалармен шамалы ойнадық та, 11:02 де зоопарк ішіне кірдік. Балаларға өте қызықты болды. Тордағы жануарларды алып қолымызға ұстадық. Балалар қорықпастан сипалап, ойнады. Енот, тышқан, қоян, шиншилла, кесіртке, жылан, өрмекші, хамелеон, теңіз шошқасы, тасбақа және т.б сынды жануарлармен уақыт өткіздік. Балалар фотоға түсіріп, қызықтап жүрді. Кейін зоопарктен шығып, автобусқа отырып, түскі ас уақытына түстік. Балаларды жинап, кабинетке апарып, "қатып қал", "ыстық орындық" ойындарын ойнаттық. 14:00 де лагерь уақыты аяқталып, ата-аналар келіп балаларын алып кетті.




12.06

08:45те мектеп алдында әдеттегідей топ атауы жазылған тақтайшамен балаларды күтіп алып, кабинетке шығарып салып отырдық. 09да таңғы жаттығу, жаттығудан соң қолдарын жуып, таңғы асқа отырды. Таңғы астан соң балаларға шығармашылығын арттыратын тапсырма бердік. Кейін тапсырмаларды сәтті аяқтаған соң, балалармен жоспар бойынша спорттық ойын сайысына қатыстық. Спортзалға барып, сапқа тұрып, қарсылас топтармен танысты. Түрлі жарыстар болды. Соның ішінде су-ли-фа ойыны арқылы алға жылжып, қарсылас командаға бірінші жету, одан өзге шеңберді айналу сынды, тағы да кедергілермен балаларға арнап ойластырылған жарыстар болды. Кейін арқан тартыс болды. Балалар бар күштерін салды. Жарыстар аяқталып, қорытындысы шықты. Біздің топ 3-ші орын алды. Кейін шамалы спортзалда ойнап, түс уақыты кеп қалды. Тамақтарын ішіп, кабинетке сап бойынша бардық. Балаларға аквариуммен сурет салу тапсырмасын бердік. Бплалар тапсырманы жақсы аяқтады. 14:00 де уақытымыз аяқталып, балаларды шығарып салдық.




13.06

Мектеп алдында әдеттегі уақытта балаларды күтіп алып, кабинетке шығарып салып отырдық. 09-да далаға жиналып, сапқа тұрып жаттығу жасадық. Одан кейін асханаға тамақтанды. Кейін кабинетке кіріп мидағы нейрон жүйелерін жаттықтыруға арналған ойындар ойнадық. Біраз уақыттан соң далаға шығып, автобусқа отырып, «Сарыарқа кинотеатрына» бардық. Қауіпсіздік туралы тағы бір мәрте естеріне салдық. Кинотеатр ішіне кіріп, балаларды орналастырдық. Құмтар туралы мультфильмды орыс тілінде қазақ тілінде жазбаша баламамен тамашаладық. Балаларға өте қатты ұнады. Мультфильм түйіні: "бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ" Әр істе ұйыммен ауызбіршілік керек екендігінде. Мультфильм мән-мағыналы. Кейін біз қайтарда автобусқа отырып, түскі ас уақытына түсіп, асханаға барып, тамақтандық. Кабинетке барып, уно ойнап, көңіл көтердік. Музыка қосып, би ырғағына сай қимылдар жасап, ән айттық. Кейін балаларды үйіне шығарып салдық.




14.06

08:45 балаларды күтіп алдық. Кабинетке апарып, киімдері мен сумкаларын ілгіздік. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты таңғы жаттығу спортзалда өтті. Жаттығудан кейін бірден асханаға барып тамақтандық. Кейін біраз балалармен ойнап, алдағы сайыстарға дайындалдық. Бүгін «Өнерлілер» сайысы болады. Екі кезеңнен тұрды. Бірінші «Биле, биле», екінші «Айгөлек». Залда би сайысы басталатыны хабарланып, топтағы қыздардың киімдерін дайындап, сәттілік тіледік. Би сайысында тамаша өнер көрсетті. Кейін әншілерге де арналған сайыс болды. Біздің топтан әнші қызымыз шығып, «Қуырмаш» әнін орындап, бірінші орын алды. Басқа топтың өнерпаздарын тамашалап, қолдау көрсеттік. Сайыс өте жақсы өтті. Түскі ас уақытында асханаға апарып, тамақтанды. Кейін қызықты сайыстардан бірге "Жалғастыр" атты ойынды ойнадық. Кейін бізге жиналысқа шақырту түсіп, практика мәселесіндегі толғандырып жүрген сұрақтарымызға жауап алдық. Кейін балаларды ата-аналарына табыстадық.




15.06

Балаларды әдеттегі уақытта күтіп алдық та, кабинетке шығарып салдық. Кейін далаға шығып, сергіп алу мақсатында жаттығулар жасаттық. Бірінші қабатқа асханаға саппен әкеп, таңғы астарын ұсындық. Сәлден соң кабинетте ойындар ойнадық. "Кім жылдам?" "Кто я?" сынды ойындармен уақытымыз қызықты өтті. Бізге автобус келіп тұрғаны хабарланып балаларды саппен автобусқа қатар-қатар отырғыздық та, кейін өзіміз отырдық. Балаларды бірінші орталық саябаққа апардық. Бір-бірімен ойнап, тәттілер жеп қуаныштарында шек жоқ. Кейінірек парк ішіндегі балаларға арналған теміржолға балаларды апарып, Гарри Поттер кейіпкерінің пойызына отырдық. Балаларға бұл қатты ұнады. Әдемі сәттерді бәрі суретке плып жатты. Кейін уақытымыз аяқталып, автобусқа отырып, мектепке түс уақытында жеттік. Түскі ас ішіп, кабинетте аквариуммен өз фантазиядарымен сурет салды. Кейін балаларға жеңіл тапсырмалар бердік. Сәлден соң уақытта таяп, балаларды ата-аналарға табыстадық.




16.06

Бірінші аусым лагерьінің соңғы күні. Жабылу салтанатына дайындық жүргізіп, балаларды таңғы жаттығуға, кейін таңғы асқа жинап апардық. Сәл уақыттан соң барлық лагерь топтары жиналып, спортзалға айнала сапқа тұрып, жабылу кешін салтанатты аяқтадық. Балалар өз өнерлерін көрсетті, лагерьге, жетекшілеріне деген қимастықтарын айтты. Топтар өз кабинеттеріне қайтып, бәріміз ойын ойнап, көңілімізді көтеріп алдық. Түскі астарын ішіп, кабинетте ойнап, бір-бірімізге жылы лебіздер білдірдік. Уақыт аяқталуына жарты сағаттай қалғанда балалармен қатты-қатты құшақтасып алдық. Кейін ата-аналарына балаларды табыстап, шығарып тастадық




19.06

Екінші аусым лагерінің ашылу салтанатына дайындалып, аниматорлардың киімін киіп, би билеп өнер көрсеттік. Ең басында топ атауы жазылған тақтайшаны ұстап, біздің топтың ата-аналарына жанымызға келіп тұруларын өтіндік. Балаларда өз өнерлерін көрсетті. Өлең айтқан балаларға шағын тәтті сыйлықтарымызды бердік. Жанымдағы серіктесім қалып, жетекшілерімізбен топтағы балалар ауысқан. Бірақ бұл қиындық тудырмады. Танысып, жетекшілерімізбен алдағы жұмыс жоспарлары жайлы ақылдасып алдық. Балалаларды асханаға апардық. Қайтара балаларға саппен тұруды еске салдық. Таңғы астарын ішіп, кабинетке апарып, таныстырдық. Үш жетекші, үш практикант болып есімдерімізді атап өттік. Таныстық барысында топ атауы жазылған лентаны мойындарына тағып, тастамауларын өтіндік. Таныстықтан соң ойындар ойнап, асфальтқа сурет салдық. Далаға шықпас бұрын балаларға күн өтіп кетпеуі үшін қалпақтары мен бас киімдерін киюді сұрадық. Суреттері өте әдемі шықты. Кейін балаларды саппен тұрғызып, асханаға апардық. Түскі астан соң, ойындар ойнадық. Нейрон жүйелерін жаттықтыратын ойындармен сағат 14:00ге де таяп, балаларды шығарып салдық





20.06

20-маусым
08:45 те балаларды мектеп алдында топ атауы жазылған тақтайшамен күтіп алдық та, кабинетке шығарып салдық. 09:00 де балаларды жинап, есік алдына сапқа тұрып, таңғы дене жаттығуларын жасадық. Кейін саппен асханаға барып, таңғы астарын іштіріп, кабинетке сол ретпен апардық. Шамалы сурет салып сағат 10-нан аса жолға шығып кеттік. Балаларға шықпас бұрын қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік. Қол ұстасып, екіден, сапты бұзбауын өтіндік. Автобусқа отырып, жол ақыларын төлеп, бір сағатта «Қарағанды облыстық өлкетану мұражайына» жеттік. Кірерде әдептілік ережелерін естерінде ұстауын сұрадық та, қалпақтарын шешкізіп, музей ішінде жүгірмей, тыныштық сақтауларын қадағаладық. Балалар музей ішін тамсана тамашалады. Музейдегі гидтің сөздеріне құлақ асып, қызығушылықпен сұрақтар қойып отырды. Мен өзімде, болашақ тарих мұғалімі ретінде балалардың сұрақтарына жауап бере отырып, қосымша ақпараттар бердім. Музей ішіндегі қызықты уақытымыз тамамдалып, автобусқа отырып, мектепке қайттық. Түскі ас уақытына түсіп, балаларды асханаға апардық. Кабинет ішінде бүгінгі барған мәдениет орнына байланысты "Жас археолог"ойынын ойнадық. Кабинет ішіне жасырынған қағаз қалдықтарын тауып, құрастырып, не зат екенін айту. Жас шамаларына байланысты оңай заттар болды. Қанжар, семсер, құмыра сияқты. Ертесі музейге баратынымызды ескеріп, ойынды үйден ұйымдастырып келген болатынмын. Сағат 14:00-ге жақындағанда жиналып, балаларды ата-аналарына табыстадық.




21.06

21.06
Таңғы 08:45. Мектеп алдындағы балаларды кабинетке ретпен кіргізіп жатырмыз. Кабинетке сумка, бутылкаларын тастап, далаға таңғы жаттығуға шықтық. Жаттығудан соң, асханаға саппен барып, таңғы ас іштік. Кейін кабинетке барып ойын ойнадық. "Кім жылдам?" ойынын ойнап, жылдамдықтарын анықтадық. Одан соң белгіленген уақытта балаларды кабинетке жинап, психологпен жұмыс жасадық. Психологиялық « Біз бәріміз достармыз» атты тренинг өткіздік. Балаларды түрлі өздеріне қатысты сұрақтар алды. Мысалы, "сен Ақботаны ойлағанда қандай түсті елестетесің?" сынды. Психолог балаларға түрлі психологиялық ойындар ұйымдастырды. Балалар жақсы нәтижемен ойнады. Ең соңында балалар психологқа кері байланыс жасады. Плакаттағы ағашқа стикерлермен жылы лебіздер, тілектер жазды. Соны жабыстырып, дауыстап оқыды. Бастысы балаларға өте қатты ұнады. Кейін түскі ас уақыты болды. Бәрін жинап, саппен асханаға бардық. Одан соң, бәрін жинап кабинет ішінде музыка қосып, би билеп өнер көрсетті. Тіпті ойын ойнап үлгердік. "Ыстық орындық" ойнадық. Кейін уақыт таяп, балаларды шығарып салдық.




22.06

Таңғы 08:45 мектеп алдында балаларды жинап, кабинетке шығарып салып, заттарын қойдырып, таңғы жаттығуға шығардық. Әдеттегідей одан соң, асханаға барып, тамақтандық. Кейін кабинетке кіріп, сурет салып уақыт өткіздік. Белгіленген уақытта мектептен шығып, аялдамадан автобусқа отырып, жол ақыларын төлеттік. Бір сағаттан кейін театрға келдік. Бүгінгі тамашалайтынымыз "Қуыршақтар театры". Шымылдық артындағы қуыршақтардың қимылдары балаларға күлкі сыйлады. Қуыршақтарда балалармен сөйлесіп, бірге дауыстауын өтінді. Балалар мәз болып, бірден қатты дауыстады. Қуыршақтар қойылымының түйіні: орман аңдарының достығы, ауызбіршілігінде болды. Балаларға бұл қатты ұнады. Жол бойы өз әсерлерімен бөлісіп келді. Солай мектепке қайттық. Түскі ас уақытына түсіп, қолдарын жуып, үстелдеріне отырды. Тамақтарын ішіп алып, кабинетке кіріп, бір-бірімен "Қатып қал!" ойынын ойнады. Кейін уақыт таяп, балаларды ата-аналарына табыстадық.




23.06

Таңғы 8:45. Мектеп алдындағы балаларды тосып алып, кабинетке шығарып салып отырдық. Кабинеттерге заттарын қойдырып, таңғы жаттығуға шығардық. Жаттығудан соң таңғы ас іштік. Асханадан саппен кабинетке апарып, ойындар ойнадық. "Ойлан, тап!" ойыны балаларға өте қызық болды. Белгіленген уақытта жоспар бойынша бүгін біз балалармен спорттық ойындар ойындар сайысына түсуіміз керек болды. Бізге жарыс басталатын уақыт хабарланып, балаларды спортзалға саппен апардық. Кейін топтар арасында қызықты тартыстар өтті. Жүгіріп келіп келесі адамға туды ұстатып кету, екі айналып жүгіріп, кейін жалғастыру, белгіленген жерден секіріп өту сынды жарыстар болды. Ең соңы топтарға арналған "Жылан" сайысы болды. Біздің топ аса ұйымшылдықпен бір-бірін жібермей топпен соңғы сайыста жеңіске жеттік. Жарыс нәтижесінде біз екінші орын алдық. Жетекшілер боп бәріміз топ атауы жазылған плакатпен "Алға!!" деп айғайлап, рухтандырып тұрдық. Мен өз тобымдағы балаларды мақтан тұттым. Жарыс бітіп, мадақтамамызды алып, кабинетте музыка қосып, би билеп, жеңісімізді атап өттік. Кейін балаларды шығарып салатын уақыт кеп, бүгін практиканың соңғы күні болғандықтан, балаларды қимастықпен шығарып салдық. Маған бұл практика өте жақсы әсер етті. Балалармен уақыт өткізгенім өзіме қатты ұнап, мамандығыма деген сүйіспеншілігім артып кетті. Осымен уақыт тамамдалып, лагерьдегі жұмыс жоспары жоғары деңгейде аяқталғанына 102 - мектеп ұйымының мұғалімдері мен лагерь басшылығына алғысымызды білдірдік











































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет