Педагогикалық практика



Дата01.07.2022
өлшемі22,4 Kb.
#147235
түріСабақ
Байланысты:
Педагогикалық практиканы


Педагогикалық практика
Мен Жумабекова Перизат Болатқызы Педагогикалық практиканы 04.04.22- 09.04.22 аралығында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бижанов ауылы, «М.Мақатаев атындағы орта мектебінде» өттім. Мектеп директоры – Жаркынбекова Айгүл Бақтыбайқызы.
Тәжірибенің бірінші күні (04.04.2022ж) Мен мектеп әкімшілігімен, қызметкерлерімен таныстым, практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқаулар алдым. Мен білім беру мекемесінің ішкі тәртіп ережелерімен және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен таныстым. Маған жетекші ретінде қазақ тілі мұғалімі Манапова Айгуль Ашимовнаны бекітті.
1 сабағы: 9 «В» сыныбына қатыстым. Пән мұғалімі – Манапова Айгуль Ашимовна. Сабақтың басында оқушылар өтілген тақырыпты қайталады. Өткен тақырыпты оқушылар жақсы меңгерген. Содан кейін мұғалім сабақтың жаңа тақырыбын түсіндірді. Жаңа сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар.
Мақсаты: әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну. ал қалған уақытта балалар тестілік тапсырмалар мен жазбаша жұмыстарды орындай отырып, жаңа тақырыпты бекітті. Оқушылар сабақ барысында жаңа тақырыппен 2,3,4,5 тапсырманы орындады. Мұғалім жаңа тақырыпты «3-2-1» әдісімен қорытындылады.
«3-2-1» әдісі:
3 –маңызды ақпарат
2 – қиындық
1 – ең онай жұмыс.
Оқушылар «3-2-1» әдісін жақсы меңгерген.

2 сабағы: 11 «А» сыныбына қатыстым. Өткен сабақ Модуль тақырыбын қайталады.


Жаңа сабақтың тақырыбы: Толеранттылық-бейбіт өмір белгісі.
Мақсаты: ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала) құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдай алады. Ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жаза алады.
Сабақ кезінде 6 тапсырма – өздік жұмыс болды. Оқушылар мәтінді оқып топқа бөлініп орындады. 1 топ – жоспар
2 топ - мәтін бойынша 4 сұрақ құрастыру
3 топ – диаграмма
Оқушылар тапсырманы жақсы орындады. Топпен жақсы жұмыс істей алады. Келесі тапсырма 4 тапсырма берілді уақыттың аздығына байланысты тапсырманы аяқтап үлгермеді, үйде аяқтап келуге берілді.

3 сабағы: 8 «В» сыныбына қатыстым. Оқушылар саны -12. Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел идеясы» – болашағымыздың бастауы.


Сабақтың мақсаты: публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік ерекшеліктерін талдау арқылы мәтіндердің жанрын анықтай алады. Мәтін түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып талдай алады.
Мұғалім 9 тапсырманы орындай отыра жаңа тақырыпты тұсіндірді. Оқушылар жаңа сөздерді меңгерді. Сабаққа белесене қатысып отыр. Жаңа тақырыпты 3-2-1 әдісімен қорытындылады. Үйге тапсырма 7 тапсырма берілді.

Тәжірибенің екінші күні (05.04.2022ж)


5 «В», 6 «В», сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына қатыстым. Пән мұғалімі – Тоққожаева Гулжан Болатовна.
1 сабақ 5 «В» сыныбында өтті. Оқушылар өтілген материалды еске түсіріп, сабақтың жаңа тақырыбын зерттей бастады.
Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан ел.
Мақсаты: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне біледі және нақты ақпаратты анықтай алады; мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша жаза алады;
Сабақ барысында оқушылар белсенді жұмыс жасады, қойылған сұрақтарға жауап берді және тапсырманы тез орындады.
2 сабақ 6 «В» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қатыстым.
Сабақтың тақырыбы: Абай – лирик ақын.
Мақсаты: тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтай алады.
Ресурстар: слайд және аудиомәтін түрінде. Мұғалім Абайдың өмірбаяны, өлеңдері жайында мағлұмат берді. Оқушылар Абайдың 1 өлеңдерінен айтып берді. Оқушылардың бәрі Абайдың 1 шығармасын жатқа біледі екен. Оқушылар сұрақтарға жақсы жауап берді. Үйге тапсырма Абайдың «Күз» өлеңін жаттап келу.
3 сабақ 9 «В» сыныбына қатыстым. Пән мұғалімі – Манапова Айгуль Ашимовна.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы күні.
Сабақтың мақсаты: орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіреді. Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу.
Жаңа тақырыпты «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында түсіндірді. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойды. Оқушылар 1 тапсырманы тақтада орындады. Сұраққа зуылдақ әдісін қолданып жауап берді. 4 тапсырма топтық жұмыс.

  1. топ мәтін мазмұны бойынша «Ривинн кестесі» бойынша

  2. топ «Шындық па, жалған ба?» кестесі бойынша

  3. топ «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша тапсырманы орындады.

Сабақтың соңында «аяқталмаған сөйлем» әдісімен қорытындылады.(Бүгінгі сабақта мен нені түсіндім? Не білдім? Неге көзімді жеткіздім.) мұғалім оқушыларды «бас бармақ» әдісімен бағалады. Жарайсың! Жақсы! Талпын!
Үйге тапсырма: Ойтолғау: «Отан - отбасынан басталады».

Тәжірибенің үшінші күні (06.04.2022ж) Мен 8 «В» сыныбында қазақ тіліне қатыстым.


Сабақтың тақырыбы:"Мағжан – ұлы ақын". Ресурстар: слайд және аудиомәтін түрінде.
Сабақтың мақсаты: мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжай алады, прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдай алады. Мұғалім өткен тақырыпты қайталады. Жаңа тақырыпты «Миға шабуыл» әдісімен түсіндіреді. Оқушылар жаңа сөздермен танысады. 1 тапсырманы суретке қарап орындайды. Оқушылар тапсырмаларды жақсы орындады. 5- тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-топ блум түймедағы тәсілі арқылы мәтінді талдайды.
2-топ Ақын шығармаларының артықшылықтарына тоқталады.
Мәтін мазмұны бойынша «Сәйкестендіру кестесін» жасайды. Сабақ барысында 4-5 тапсырманы орындап тастайды.
Сабақтың соныңда «Бір ауыз сөз» әдісімен аяқтайды. Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша бағалайды.
2 сабақ 5 «В» сыныбына қатыстым. Пән мұғалімі Токкожаева Гулжан Болатовна.
Сабақтың тақырыбы: Маған қазақ әндері ұнайды.
Сабақтың мақсаты: қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала біледі, жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жаза алдаы; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдана алады. Мұғалім жаңа сабақты «миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау арқылы түсіндірді. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойды. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады. Оқушылар бір-бірінің пікірлерін толықтырады.
Оқушылар жаңа сөздермен танысты. Сабақ кезінде 2 тапсырманы орындады. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіріп береді, жаттығуларды орындайды.
3 тапсырма.
Бұл тапсырмада оқушылар суретке қарап, диаграмманы толтырды. Қазақтың қандай әншілері мен әндерін білесіңдер? Бірінші диаграммаға материалдық байлыққа байланысты сөздерді, екінші диаграммаға рухани байлыққа қатысты сөздерді жазады.
Оқушылар сабаққа белсене қатысып отыр. Сұрақтарға жылдам жауап береді. Сабақты кері байланыс арқылы қорытындылады. Үйге тапсырма «Атамекен» әнін жаттау.

Тәжірибенің төртінші күні (07.04.2022ж)


Бірінші сабақ 3 «В» сыныбында болды. Пән мұғалімі – Тоққожаева Гулжан Болатовна.
Сабақтың тақырыбы: Ағаш сумен өседі
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? Қай? Қашан? Қайда?) құрастыру және оған жауап беру.
Бірінші өткен тақырыпты 5 сұрақтан тұратын тест арқылы еске түсірді. Жаңа сабақты «Белгісіз ақпарат» әдісі арқылы өтті. Оқушыларды А және Б тобына бөлді. Б тобындағы оқушылар теріс қарап отырады, А тобындағы оқушылар слайдтағы суреттің біреуін мұқият қарап шығады да, Б тобындағы оқушысына суретті салдыртады. Ол үшін көргенін өз сөзімен сипаттауға тырысады. Сурет салуға 1 минут беріледі. Жұмыс аяқталысымен оқушылар түпнұсқасымен салыстырады. Осылай сабақтың мақсатымен таныстырды. Оқушыларды қызықтыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру. Оқушыларға жаңа сөздермен таныстыру. Сабақ кезінде 2 тапсырма орындады. 1 тапсырмада мәтін бойынша сұрақтар тақтаға алдын-ала жазылады. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды.

  • Мәтін не туралы?

  • Мектеп неше қабатты?

  • Мектептің айналасы қандай?

  • Мектеп айналасы кімге ұнайды?

Оқушылар мәтіннің негізгі ойын түсініп, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сабақта жақсы жауап берді. Тапсырмаларды тиянақты орындады. Мұғалім оқушыларды жауабына қарай бағалады. Сабақты кері байланыс әдісімен: не қызықты болды? Не қиын болды? Әдісімен қорытындылады. Үйге тапсырма 6-тапсырма сандықшаны жаттау.

Тәжірибенің бесінші күні (08.04.2022ж)


4 күн бақылап сабаққа қатысып, бесінші күні өзім сабақ бердім.
Мен бүгін 2 сыныпқа сабақ бердім, жетекшім артында қадағалап отырды.
Бірінші сабақ 8 «В» сыныбында болды. Оқушылармен амандасып, кезекшіден оқушыларды түгендеп, үйге берілген тапсырманы тексердім. Оқушылар үйге берілген тапсырманы барі жазбаша орындап келіпті. Өткен тақырыпты сұрақ- жауап ретінде сұрадым.
Жаңа тақырып өттім.
Сабақтың тақырыбы: «Менің тілім-мәңгілік тіл».
Сабақтың мақсаты: кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдай алады, баға береді;
Мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасай алады.
Оқушылардан бүгінгі жаңа сабағымызды қалай түсінетіндерін сұрадым. Олар өз ойларын айтты және олардың ойларын толықтырдым. Жаңа сөздермен таныстық, сөл сөздерге сөйлем құрады.
1 – тапсырманы ауызша орындадық.

  1. Тапсырма жазбаша тақтамен жұмыс болды.

  2. Тапсырма өздік жұмыс болды. Оқушыларға 5 минут берілді. 5 минуттың ішінде көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу болатын. Оқушылар тапсырманы жақсы орындады.

Сабақты 3-2-1 әдісімен қорытындыладым.
Үйге тапсырма бердім. Оқушыларға тіл туралы 5 мақал-мәтел жазып келу.
2 сабағым 7 «Г» сыныбында болды. Оқушылар саны 15.
Сабақтың тақырыбы: Мен жастарға сенемін.
Сабақтың мақсаты: қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердікесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсына алады; тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер) оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдана алады.
Жетістік кретерий: өлең мазмұнын түсінеді
Дара диаграммаға түсіреді
Күрделі сөздермен, жаңа сөздерді дұрыс жазады.
Оқушылардан кофе таяқшалары арқылы өткен тақырыпты қайталадық.
Жаңа тақырыпты мәтін бойынша оқып, өз ойларынмен түсінгендерін айтты. 1 тапсырмада Оқушылар «сенім» деген сөзді қалай түсінгенін айтып берді.
Жаңа сөздердің аудармасын айтты.
2 тапсырма жазбаша болды. Оқушылар «сенімді дос» сөзіне диаграмманы толтырды. Диаграмма бойынша шағын мәтін жазды.
«Кубизм» тәсілі арқылы қазіргі жастарға сипаттама береді.
3 тапсырма жеке жұмыс болды. Оқушылар мәтін бойынша жұмыс істеді.
Үйге тапсырма 4-тапсырма берілді.
Сабақты кері байланыс арқылы қорытындыладым. Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.
Осы бес күндік тәжірибе барысында мен көптеген пайдалы нәрселерді таптым. Маған оқушылардың сабақтағы белсенділігі ұнады. Сонымен қатар маған мұғалімдердің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушыларды қызықтыра білетіндігі ұнады. Өзімде сабақ беріп көрдім. Маған сабақ берген қатты ұнады. Менің жетекшім Айгүл Ашимовнаның сабақтары маған қатты ұнады. Сабақта өтетін әдіс тәсілдері маған қатты ұнады. Болашақта сол әдістерді қолданатын боламын. Тәжірибесі мол мұғалім екендігін көрініп тұр. Мен тәжірибені сол мұғаліммен өткізгеніме қуаныштымын. Бұл маған мамандық таңдауда қателеспегенімді көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет