Педагогикалық шеберлік



бет1/7
Дата11.09.2023
өлшемі212,5 Kb.
#180673
  1   2   3   4   5   6   7

Педагогикалық шеберлік

  • Курсының мақсаты:
  • Болашақ педагог-психолог студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. Сонымен қатар, студенттің өз бойындағы осы жұмысқа бейімділігін, қызығушылығын байқату, әрі қарай шығармашылықпен іскерлік қабілетін дамытуға әрекет жасау.
  • Курстың міндеттері:
    • мұғалімнің жеке тұлғалық ерекшелігін, мұғалім бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерін таныстыру, еліктету;
    • мұғалім мамандығына қызығушылығын арттырып, оған деген бейімділігін күрделі істерге жалғастыру;
    • мұғалімнің білім беруді, мектепті, тәрбие жұмыстарын басқару шеберлігін, іскерлігін байқату, қызықтыру;
    • мұғалім еңбегінің қиыншылықтары мен жетістіктеріне байланысты, оқушы мен мұғалім, мұғалім мен ата-ана, мұғалім-оқушы-басшы арасындағы ынтымақтастық пен түсініспеушіліктің алдын алу шараларын ұйымдастыру.

Курстың мазмұны:

  • Жаңа адамды қалыптастырудың көпқырлылығы мен күрделілігі қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін педагогикалық біліктілік қажет. Педагогикалық біліктілік бір жағынан педагогтың педагогикалық мәдениетінің маңызды компоненті болса, екінші жағынан кәсіптік даму мен жетілдірудің алғы шарты болып табылады. Педагог білім мен дағдының, қабілеттің тұтас комплексіне (жиынтығына) ие болған жағдайда ғана маман бола алады. Педагогикалық процесс тұтастығымен және жүйелілігімен сипатталып, барлық педагогикалық құралдар қзара байланыста болса ғана тәрбие мен оқыту шындыққа айналады. Тәрбие, оқыту мен даму біртұтас болып біріккенде ғана шығармашылық, гармониялық жағынан дамыған тұлға қалыптасады.
  • Педагогикалық біліктілік-іс-әрекеттің барлық түрін тұлғаның әлеуметтік іс-әркетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыруға, жан-жақты дамуы мен жетілуіне бағыттау мен белсенділігін арттырудағы мамандық шеберлік. Қазіргі педагог икалық білім беру концепциясы болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, терең ғылыми кәсіптік-педагогикалық дайындыққа қол жеткізу үшін алғы шарт жасауды қсынады.
  • «Педагогикалық шеберлік» курсының мазмұны «Педагогика және психология» мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың жалпы педагогикалық жүйесіндегі орталық модулдердің бірі ретінде оқытудың объектісі болып табылады.
  • Курсты оқыту студенттің ойлау іс-әрекеттің арттырудың түрлі әдістері: проблемалық жағдай материалды баяндаудың диалогтық әдісі, және т.б. әдістері қолданылатын лекция, семинар және лаборатория сабақтары арқылы жүзеге асады. СӨЖ формалары: педагогикалық әдебиеттерді аннотациялау мен конспектілеу, педагогикалық сөздікті енгізу, рецензиялау, педагогикалық сөздік жасау, педагогикалық тренинг.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет