Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементі ретінде “Технология”



бет7/10
Дата08.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#98752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
инклюзив 13

Дамыта оқыту технологиясы – оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға үйретеді.
Дамыта оқыту – бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоцкий, А.Дистервек, К.Ушинскиден басталған.
Бұл теорияны алғаш негіздеп дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Элконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б.
тәжірбиелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты.
Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Бұл технология ‹‹оқушы -мұғалімнің оқыту әрекетінің объектісі емес, оқудың өзін-өзі өзгерте алатын субъектісі болады›› деген қағиданы негізге алады. Субъектісі болу дегеніміз − ол өзін-өзі өзгертуге қажеттілік болу және оған оқу арқылы қол жеткізу. Яғни, оқығысы келу, оқуды ұнату және оқи алу. Бұл жерде білімді игеру, іскерліктері мен дағдыларының қажеттіліктері жоққа шығарылмайды, алайда тек мақсат ретінде емес, оқушыны дамытудың өзіндік құралы ретінде ғана қарастырады.
Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Дамыта оқытудың барысында оқушылардың:
Ойлау дәрежесі артады
Байқампаздық қабілеті дамиды
Ізденушілік, зерттеушілік қасиеі жанданады
Пікір алмасу мен өз тұжырымын жасауға ұмтылады
Тұлғаның өзіндік үні «менің ойымша», «егер мен болсам», т.б. қалыптасады
Өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылады
Шығармашылық қабілеті дамиды
Өзіне деген сенімі артады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет