Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементі ретінде
“Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos – оқу сөздерiнен шыққан. Технологияға В.Дальдың сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс” деп анықтама берiлсе, қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: “белгiлi әрекетте, өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң жиынтығы” деп көрсетiлген.
Ғылыми тұрғыда «технология» ұғымы
үлкен екі бағытқа жіктеледі:
Өндірістік
технология
Әлеуметтік технология -өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік технологияларға біршама жақын.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА – бұл мұғалімге өзін тереңірек, нақтырақ, талантты етіп көрсетуге, жұмыста ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін шеберліктер жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |