Деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқыту технологиясы дегеніміз – әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрі. Деңгейлеп оқытуда мұғалім ақпарат беруші және ұйымдастырушы, кеңес айтушы қызметін ғана атқарады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - оқытуды оқушының әр түрлі топтарына, ерекшеліктеріне сай бейімдеу, ыңғайлау. Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |