Педагогикалық тәжірибе шығармашылықтың бастамасы Мақсаты: жас



Дата10.06.2017
өлшемі56,22 Kb.
#18409
Педагогикалық тәжірибе шығармашылықтың бастамасы

Педагогикалық тәжірибе шығармашылықтың бастамасы

Мақсаты: жас мұғалімдердің практикалық қызметіндегі қиыншылықтарды айқындау; жас мұғалімдерге методикалық көмек көрсету; тәжірибеге педагогикалық жаңартпашылықтарды енгізу және меңгеру, жас ұстаздаға әдістемелік көмек көрсету

Ұйымдастыру бөлімі: Мұғалімдерді үш топқа бөлу (аға буын, орта буын, жас буын)

Конференцияның жүрісі:

1. Кіріспе сөз:

І – бөлім: Оқу процесі - сабақ

Сөз беріледі.



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

   Бүгінгі оқу саласындағы өзгерістер мұғалімдер қауымынан оқыту мен тәрбиелеуде асқан жауапкершілікті, еңбек белсенділігін, шығармашылық ізденіс пен іскерлікті талап етеді.    Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ тиімділігін арттыру болып табылады. Бүгінгі сабақтардың өзегі:


- Шәкірттердің алатын білім негіздерін интеграциялау, жан-жақты жарасымды дамыған жаңа адамды қалыптастыру;
- Жас жеткіншектердің жеке дамуына, қызығушылығы мен икем-қабілетін арттыруға жағдай жасау үшін білім беру жүйесін оқушы ұғымына түсінікті дәрежеде жеткізу. Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын.

І – бөлім бойынша мынадай сұрақтар ұсынамыз.

1. Сабаққа қандай мақсатпен кіресіз?

2. Өз сабағыңызға қоятын талаптар

3. Сабақ нәтижелі болу үшін не істеу керек?

4. Сабақ өткізуде болатын қиыншылықтар?

5. Қазіргі сабақтың негізгі компоненттері

6. Мұғалім міндеті.

7. Өз сабағыңызды талдайсыз ба?

8. Оқушыларды қалай бағалайсыз?

ІІ –бөлім. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы

ІІ – бөлім бойынша сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісіне береміз.

Сұрақтар:


  1. Сіз тәрбие сағатын неден бастайсыз?

  2. Ата-анамен қалай байланыс жасайсыз?

  3. Оқушы бірінші сабаққа келмей екінші сабаққа келсе әрекетіңіз?

  4. Мұғалімнің сыртқы бейнесі

  5. Сіз оқушылардың ерсі қылықтарына не істейсіз?

  6. Беделді ұстаз болу үшін не істеу керек?

ІІІ –бөлім: Шығармашылық жолы – ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы.

ІІІ бөлім бойынша сөз кезегін шығармашыл ұстаз, тәрбие ісінің меңгерушісі береміз

Сұрақтар:


  1. Оқушы бойындағы дарындылықты қалай ашуға болады?

  2. Мектепте шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдермен ой бөлісез бе?

Қорытынды сөз : Жас мұғалімдер жетекшісі: беріледі.

1. Сабаққа қандай мақсатпен кіресіз?

Сабақ оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы бола отырып, жекелеген бөліктерден – кезеңдерден тұрады. Сабақтың жүйе құраушы элементі мақсаттар болып табылады. Мақсаттар барлық білім беру міндеттерін, сол арқылы сабақтың негізгі кезеңдерін бүтін бір дүниеге – сабаққа біріктіреді.

Сабақ білім берудің нақты мақсаттарын жүзеге асыру формасы болып табылады. Ол әрдайым уақытпен шектеулі. Бұл жерде мақсат деп оқытудың жоспарланған нәтижелерін түсіну керек.

Сонымен, сабақ мақсаттары екі түрде беріледі:

-         Мұғалім іс-әрекетінің мақсаттары.

-         Оқушылар іс-әрекетінің мақсаттары.

Білім беру барысында мақсаттардың екі түрін бөліп көрсетеді: біріншісі – бала тұлғасын дамытуға бағытталған, екіншісі – пән мазмұнын игертуге бағытталған. Пән мазмұнын игертуге бағытталған мақсаттардың бала тұлғасын дамытуға бағытталған мақсаттарды жүзеге асыру құралы екенін ескеру керек.



  1. Өз сабағыңызға қоятын талаптар

  1. Тақырыпты жоспарлау

  2. Сабақ жоспары

  3. Өз білімін көтеру жоспары

  4. Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары

  5. Сабақтың мақсатын айқындай білуі

  6. Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті

  7. Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті

  8. Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы.

  9. Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті

  10. Пән аралық байланыс

  11. Сабақ кезіндегі тәртібі

  12. Мақсатына қарай бағалай білуі

  13. Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті

  14. Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі

  15. Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі

3. Сабақ нәтижелі болу үшін не істеу керек?

7. Өз сабағыңызды талдайсыз ба?

8. Оқушыларды қалай бағалайсыз?
Жауапқа «5» деген баға:


  • бағдарлама мен оқулықта қаралған материалдың көлемі мен мазмұнын толық ашса;

  • жауапқа сәйкес кесінді, сызба,суреттерді дұрыс орындаса;

  • теориялық жағдайды нақты мысалдармен, безендіріп, басқа жағдайларда, практикалық тапсырманы орындап, қолдана білсе;

  • бұрынғы оқыған ілеспелі сұрақтарды меңгергенін көрсетіп, жауап беруде білім мен біліктің беріктігінің қалыптасуын көрсетсе;

  • мұғалімнің жетекші сұрақтарынсыз өз бетімен жауап берсе;

Жауапқа «4» деген баға:

Негізінен «5» бағаның талаптарын қанағаттандырып, дегенмен төмендегі кемшіліктердің бірі болған жағдайда:



  • жауаптың математикалық мазмұнын бұзбай, жіберілген баяндаудағы елеусіз кемшілігі;

  • мұғалімнің ескертуімен түзеткен, жауаптың негізгі мазмұнын айтуда кеткен бір-екі кемшілік;

  • мұғалімнің ескертуімен жеңіл түзетілген, болмашы жауапта немесе есептердегі екеуден артық кемшілік немесе бір қате кеткен жағдайда қойылады.

Жауапқа «3» деген баға:

  • Оқушылардың белгіленген бағдарлама материалын терең игеруге жетерлік білімін көрсетіп, материал мазмұнын толық емес немесе жүйесіз ашып, жалпы сауалды түсінгенін көрсетсе

  • Түсініктерді анықтауда жіберілген қателер немесе қиындықтар туындап, математикалық терминологияны пайдалануда есептеуден, сызбадан, мұғалімнің бірнеше жетекші сұрақтарынан соң түзетулер енгізілсе

  • практикалық тапсырманы басқа жағдайда орындағанда теорияны қолдана алмаса, бірақ берілген тақырып бойынша күрделілігі міндетті деңгейдегі тапсырманы орындай алса;

  • теориялық материалды меңгергенін анықтауда негізгі білім мен біліктілігінің жеткіліксіздігін көрсетсе;

Жауапқа «2» деген баға:

  • оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаса;

  • оқу материалының көбін немесе ең маңызды бөлігін оқушының түсінбегені немесе білмегені анықталса;

  • математикалық терминологияны қолданғанда түсінікті анықтаудан қата жіберіліп,

  • мұғалімнің жетекші сұрақтарынан кейін де түзетілмеген, сызбалар мен суреттерде, есептегі кестеде қате кеткен жағдайда.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет