Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:
педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары және себепті - салдарлы байланыстарына орай жасалады әрі дамиды;
даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
сынақталушыға білім-тәрбие үрдісіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Білім беру мен педагогикалық ізденістерде әдіснамалық ұстанымдардың болжамдарын жасаушы ғалымдар көп. Мысалы, Б.С. Гершунский “әдіснамалық ұстаным” ұғымын теория мен практикада мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттің қалыпты басқарушысы деген өз ойын ұсынады.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде тарихи- педагогикалық зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарының нақты ортасын көруге болады. Атап айтқанда Г.Б. Корнетов және И.А. Колесникова педагогиканың өркендеуі мен даму кеңістігінің өткені мен бүгінгі жағдайының жан-жақты даму тұғырларын ұсынған. Олар: табиғи педагогика, өндірістік педагогика және креативті педагогика. Сонымен қатар үш педагогикалық кеңістікті анықтаған: ғылыми - технократикалық, гуманитарлық, эзотериялық. Ал Г.Б. Корнетовтің пікірінше тарихи – педагогикалық процесс – бұл ойлау мақсатының жолы мен құралы, механизмі, шарты, жеке тұлғаның табиғи жаңаруының нәтижесі, қамтамасыз етілетін педагогикалық анализ феномені олардың ойлау мәнерінің бірлестігінің жалпы адамзаттықтан даму деңгейіне дейін.
Зерттеу көздерінің нәтижесі көрсетіп отырғандай әдіснамалық ұстанымдарды әдіснаманың тұғырлар ұғымынан кейін қарастырады. А.М. Столяренко “салыстырмалы педагогика” саласы бойынша әдіснамалық ұстанымдар мен тұғырлардың мынадай түрлерін ұсынады: нақтылық, кешендік, жүйелілік, педагогикалық тәжірбеге нақты – тарихи тұғырдың қарама-қайшылығы.
Г.К. Нұрғалиева, А.Қ. Құсайынов, Н.С. Мусина секілді отандық ғалымдардың пікірінше жоғарыда атлған ұстанымдардың үшеуімен ғана шектелуін ұсынады. Өйткені төртіншісі салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің тұғрына жатады. Бұл авторлар салыстырмалы педагогиканың тұғырларын әлемдік тәжірибеге сай анықтады. Олар: өлкетанымдық, индуктивтік, дедуктивтік, әлеуметтік, экономикалық, тарихи және этномәдени тұғырларын анықтады.
Қорыта келгенде ғылыми педагогикалық ұстанымдар біріншіден – зерттеудің негізгі мәселесі мен стратегиясын анықтап, оны шешудің негізгі жолдарын көрсетеді; екіншіден – барлық білім беру мәселелеріне талдау жасауға және мағынасын жүйелі орнатуға; үшіншіден – жалпы нақты жобалауға мүмкіндіктер береді.