Педагогикалық зерттеулердегі ұстанымдар мен әдіснамалық амалдар Дайындаған



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі119,45 Kb.
#94492
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Құзыреттілік тұғыр
«Құзырет» ұғымы лат. «competo» - қол жеткіземін, сәйкес келемін сөзінен шыққан. Тұлғаның терең, нақты білім мен практикалық қызмет тжірибесіне ие болатын білім мен тәжірибе саласын білдіреді.
Қазіргі маманның кәсіби құзыреттілігінің үлгісі үш құрамдас бөліктен тұрады:
  • Арнайы
  • Әлеуметтік
  • Жеке тұлғалық.

Арнайы құзыреттілікке арнайы БДҚ-тен басқа өзінің кәсіби қызметін жобалай алу, кәсіби БДҚ-ті жаңарту және кәсіби шешім қабылдау технологиясын білу қабілеті кіреді.
Әлеуметтік құзыреттілік тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдануға дайын болуы, тілдер бойынша БДҚ, топта жұмыс жасау қабілетін, әлеуметтік тұрғыдан жауапкершілікті қабылдауға дайын болу т.б.
Тұлғалық жеке құзыреттілік өзін-өзі тану бойынша БДҚ, өз ойын тәсілін меңгеру, тұлғаның өзін-өзі негіздеу, өзіне зейін аудару, өз бетінше даму қабілеті, өзін-өзі ұйымдастыру мен сауықтыруға дайын болу қабілеті.
Педагогикалық зерттеулер типологиясы
Педагогикалық зерттеулер оқыту мен тәрбиелеудің жаңа заңдылықтарын, құрылымы мен механизмдерін, мазмұнын, техникасын, принциптерін айқындауға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісі және нәтижесі.Оның 2 түрі бар:
  • Теориялық,
  • Тәжірибелік-эксперименттік

  • Бағыты жағынан педагогикалық әдістер үшке бөлінеді:
  • Іргелі
  • Қолданбалы
  • Өңдемелі

Іргелі зерттеулер
Педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорыта отырып, нәтижесінде жалпы тұжырымдамалар мен педагогикалық жүйелердің болашаққа бағыттарын, даму моделдерін ұсынады
Қолданбалы зерттеулер
Педагогикалық үрдістің кейбір элементтерін тереңдете отырып зерттеуге, педагогикалық практиканың заңдылықтарын жан-жақты анықтауға бағытталған зерттеулер болып табылады.
Өңдемелі зерттеулер
Бұған дейін белгілі теориялық қағидаларды ескере отырып, нақты ғылыми-практикалық ұсыныстарды жасауға бағытталған зерттеулер болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық параметрлері
мәселе
тақырып
объект
зерттеу пәні
мақсат және міндет
болжам
Қорғалатын жағдай
Зерттеудің сапасын бағалау критерийлері
өзектілігі
жаңалығы
теориялық мәнділігі
Практикалық мәнділігі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет