Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 42-45 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 267-268 беттер
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. –113-117 беттер
IV –ші апта.
4 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Жарыс ережелерін талдау.
Есепке алу сипатына қарай қазақша күрес жеке, командалық және жеке-командалық болып бөлінеді.
Жеке жарыстарда әр салмақ категориясы бойынша әрбір палуанның алған орны, командалық жарыстарда жарысқа қатысқан командалардың алған орны анықталады. Жеке-командалық жарыстарда әрбір жарысқа қатысушының да, тұтас команданың да алған орны белгілі болады.
Бір салмақ категориясында жарысқа қатынасатын палуан саны екіден асатын болса, жарысты өткізу әдісін анықтап алу қажет.
Жарыстан шығып қалу жүйесінде палуан ( команда ) ережеде көрсетілген айып ұпай санын, яғни 2 рет жеңілгеннен жарыстан шығып қалады. Жарыстан шығып қалу жүйесі бойынша жарыс өткізу үшін палуандарды ( немесе командаларды ) жұптаудың белгілі бір тәртібін пайдаланады. Әр палуанның салмағын өлшеп болысымен жеребе тартқызу арқылы рет санын анықтайды.
Жарыстың тәртібі
Қатысушы құжаты ( куәлігі )
Чемпионаттар мен біріншіліктерге, түрлі басқа да жарыстарға қатысушы балуандардың куәлік-рұқсат құжаттары болуы тиіс.
Таразыға тартылған кезде жарысқа қатысушы өз рұқсат куәлігін ҚКФ-ның өкілеттілігін алған ресми тексерушіге беруі керек.
Куәлік құжатқа ҚКФ-ның сол жылғы мөрі басылған жағдайда ғана күшін сақтайды.
Жасына қарай топқа бөлу, салмақ дәрежелері
а) Жасөспірімдер ( 14-15 жас ) :
1. 38 келіге дейін ;
2. 42 келіге дейін ;
3. 46 келіге дейін ;
4. 50 келіге дейін ;
5. 55 келіге дейін ;
6. 60 келіге дейін ;
7. 66 келіге дейін ;
8. 73 келіге дейін ;
9. 73 келіден жоғары ;
Белдесу мезгілі – 3 минут
ә) Ересек жасөспірімдер ( 16-17 жас ) :
1. 46 келіге дейін ;
2. 51 келіге дейін ;
3. 57 келіге дейін ;
4. 64 келіге дейін ;
5. 72 келіге дейін ;
6. 81 келіге дейін ;
7. 81 келіден жоғары ;
Белдесу мезгілі – 4 минут
б) Жастар ( 18-19 жас ) :
в) Ересектер ( 18 жастан жоғары ) :
1. 54 келіге дейін ;
2. 60 келіге дейін ;
3. 66 келіге дейін ;
4. 74 келіге дейін ;
5. 82 келіге дейін ;
6. 90 келіге дейін ;
7. 90 келіден жоғары ;
Белдесу мезгілі – 5 минут
Жастар тобындағы балуан өтіп жатқан жарысқа дейін 18-ге толған болса, ол ересектер арасындағы жарысқа қатыса алады. Жарысқа өз еркімен және жеке жауапкершілікпен қатысуға тілек білдірген әрбір балуан өз салмақ дәрежесі бойынша арнайы таразыға тартылған соң ғана белдесуге жіберіледі.
Бас балуан біріншілікке белдесем деушілерге 74 келі салмақ дәрежесінен жоғарылар қатыса алады.
Жарыс бағдарламасы, жеребе өткізу, өлшеу
Барлық салмақ дәрежесіндегі бәсеке бір күнде басталады да, жалғасы келесі күндерге созылады.
Жеребе өткізу қызметі салмақ өлшеудің алдында жүргізіледі.
Жарысқа қатысушылардың нақтыланған тізімін делегация басшысы жеребе басталғанға дейін ұйымдастыру комитетіне табыс етуге тиіс.
Салмақ өлшеу аяқталғанша балуан бір рет қана таразыға тартылады.
ТҮСІНІКТЕМЕ : Жарысты үш салмақ дәрежесіндегі белдесу өткізуге болады : « кіші балуан » – 60 келі салмақ дәрежесіне дейін ;
« орта балуан » – 74 келі салмақ дәрежесіне дейін ;
« бас балуан » – 74 келі салмақ дәрежесіне жоғары ;
Жарысты өткізудің әдістері
Қазақша күрес бойынша жарыстар белдесуден шығып қалу және қосымша күрестіру жүйесімен өткізіледі.
Салмақ бойынша 6 ( алты ) және онан да көп балуандар қатысқан барлық жекелей біріншіліктерде қолданылады.
Жарыстан шығып қалу және қосымша белдесулер жүйесі бойынша жұптастыру тәртібі :
а) салмақ кестесі бойынша балуандар екі топқа бөлінеді. Әрқайсысының реттік нөмірі жеребе арқылы анықталып, ол жарыс біткенше сақталады ;
ә) жеңіске жеткен балуан жарыстың келесі айналымына шығады ;
б) финалдық жұпта белдесетін екі балуан анықталғаннан кейін үшінші орын үшін қосымша белдесу өткізіледі. Оған финалға шыққан екі балуаннан ұтылғандар жіберіледі.
Финалға шыққан екі балуан ақырында 1-ші орын үшін күреседі. Қосымша белдесудің жеңімпаздары 3-ші орынға таласады.
Ал айналым жүйесі 5 немесе онан да аз балуан қатысып, әрқайсысы бір-бірімен кездескен жағдайда қолданылады.
Белдесуге шақыру
Балуандар кілемге дауыстап шақырылады.
Алайда кешірімді себептерге байланысты балуан бірінші айналымның бірінші жұбына кешігіп келетін болса, кездесу 2 минут уақытқа дейін шегерілуі мүмкін. Есімдері аталып, шақырылғаннан кейін әр балуан күртешесінің түсіне қарай кілемнің оң не сол бүйіріндегі өз орнына келіп тұрады.
Балуандар таныстыру кезінде оң қолымен сол кеудесін басып, төрешілер мен көрермендерге бас иіп, тағзым етеді.
Кілем төрешісі белгі берісімен балуандар кілем ортасына шығады.
Тоқтату және жалғастыру
Белдесу мынадай жағдайларда тоқтатылып, кілем ортасында жалғастырылуы керек :
– егер де балуандар кілемнен шығып кетсе ;
егер де балуандар сылбыр белдесіп, енжарлық танытса.
Ақталуы
Белдесу таза жеңіспен немесе айқын басымдылықпен аяқталғанда, төртінші ескерту алғанда не балуандардың біреуі жарыстан алынып шеттетілгенде не белдесуге берілген уақыт біткенде белдесудің аяқталу белгісі беріледі.
АНЫҚТАМА : Бір немесе екі балуанның белсенділікпен жан-жақты әдісті талап ететін күрестің табиғатына қайшы болып саналатын көрініс деп есептеледі. Солардың бірі :
рұқсат етілген әдістердің ешқайсысына қолдануға қауқарсыз ;
қара күш арқылы қарсыласының әрекетін тоқтатумен шектелу ;
әдіс жасамай, кілемнен шығып кетуі ;
әдейілеп төрттағандауы ;
әдіс қолданбай қарсыласын кілемнен тықсырып шығару ;
тепе-теңдіктен шығармай аяқпен тебу.
Ескерту
Егер балуандардың қимылы жан-жақты да, белсенді күрес тәсіліне қайшы келетін болса және қимылдары сылбыр деп анықталса, белдесу тоқтатылып, кінәлі балуанға ескерту жасалады.
Бұл оқиға назардан тыс қалмау үшін хаттамада (Е) түрінде жазылады.
Тиым салынған әрекеттер туралы жалпы ереже
Белдесу кезінде төбелесуге, баспен соғуға, қылқындыруға, қарсыласының өміріне қауіпті аяқ-қолды сындыратын әдістерді қолдануға болмайды.
Егер белдесу барысында балуан тиым салынған тәсілді қолданса, әрекет заңсыз деп табылып, белдесуден шеттетілінеді.
Жазбаша наразылықтар
Команда жетекшісі белдесу кезінде ереже бұзушылықты анықтау ретінде бас төрешіге ауызша наразылық білдіре алады.
Егер де наразылыққа жауапты түсініктеме берілмеген кезде қазақша күрес федерациясының ресми қызметкеріне жазбаша наразылық білдіруге құқылы.
Наразылық жасау ақшалай қосу бойынша жүргізіледі.
Белдесу нәтежелері және белгілері
а) « Бүк » – ішіне, тізеге, тізелеріне тиюі әсерінен болған әдіс-тәсілдері. Дауыстап « Бүк » – деп айтылады. Оң не сол қолын иығының деңгейіне көтеріп, алақанын төмен қаратып ұстайды ;
ә) « Жамбас » – О, бір немесе екі жамбасының тиюі әсерінен болған әдіс-тәсілдері. Дауыстап « Жамбас » – деп айтылады. Оң не сол қолын иығының деңгейіне көтеріп, саусақтарын жұмырып ұстайды.
б) « Жартылай жеңіс » – Ө, « көпірге тұру » және бір жауырының және бір жақ қырының тиюі әсерінен болған әдіс-тәсілдер. Дауыстап « Жартылай жеңіс » – деп айтылады. Оң не сол қолын иығының деңгейіне көтеріп, алақанының қырымен төмен көрсетіп ұстайды.
в) « Таза жеңіс » – О екі жауырынының тиюі әсерінен болған әдіс-тәсілі. Оң не сол қолын жоғары көтеріп, алақанын алдыға белгілеп ұстайды ;
г) « Ескерту » – О, сылбырлыққа қарсы қолданылатын белгі. Дауыстап « Ескерту » – деп айтылады. Оң не сол қолын балуанның иығына тигізіп ескерту беріледі.
д) « Белсенділік » – ОО, белдесу кезінде бір рет берілетін белгі. Негізінен « қоян-қолтық » көне күрестің жолында белсенді балуанды анықтауда негізгі уақыттан соң, қосымша уақыттың алдында беріледі.
Дауыстап « Белсенділік » – деп айтылады. Оң не сол қолын иығының деңгейіне көтеріп, саусағымен көрсетеді.
ТҮСІНІКТЕМЕ : Екі жамбас О , бір жартылай жеңіс Ө тең.
Екі жартылай жеңіс Ө таза жеңіске О тең.
Әрбір ескерту Е жамбас О тең.
Әдіс-амалдардың мәнін анықтау
Белдесу аяқталып, жеңімпаз анықталу рәсімі кезінде хаттамада келесі әдіс-амалдардың мәнін анықтау нышандары жазылуымен қоса айтылады.
а) аздаған басымдылықпен жеңу ;
Бұл жеңіс белдесу кезінде белсенділік ОО және бүк О белгісі арқылы жеңімпаз аталғанда ;
ә) басымдылықпен жеңу. Бұл жеңіс белдесу кезінде Ескерту ( Е ) жамбас О , жартылай жеңіс Ө белгісі арқылы жеңімпаз аталғанда ;
б) айқын басымдылықпен жеңу. Бұл жеңіс белдесу кезінде негізгі уақыт бітпей балуандардың бірі төрт ескерту « Е » немесе екі жамбас, бір жартылай жеңіс немесе екі жартылай жеңіске ие болған жағдайда ;
в) Таза жеңіс. Бұл жеңіс белдесу кезінде негізгі уақыт бітпей, балуандардың бірі екі жауырынына құлаған кезде ;
– жарыстан шеттетілген жағдайда ;
дәрігердің нақты шешімі жарияланғанда ;
жарақаттанып, көрсетілген үш минуттан уақыт асып кетсе ;
жіктеу жүйесінде белдесуден бас тартқан кезде ;
қарсыласы кілемге шықпаса айтылатын көрініс.
ТҮСІНІКТЕМЕ :
а) егер аты-жөні аталып шақырылған балуан кілемге шықпай қалса, онда ол жарыстан шығарылып, оған ешқандай орын берілмейді.
ә) бұл жаза дөрекілік пен тәртіпсіздік танытқан кез-келген балуанға да қатысты ;
б) қатты жарақат алған, жүре алмайтын немесе ауруханаға түскен балуан кілемге шығу мүмкіндігі болмаған соң жарыс дәрігерінің міндетті түрдегі келісімі бойынша бәсекеден шеттетілмейді. Дәл осы себепті және жарысты онан әрі жалғастыруға мүмкіндігі ескеріліп, орын берілмейді.
в) ең ақырғы финалға жетіп, бірақ дәрігерлердің арнайы қортындысы бойынша онан әрі белдесуді тоқтатуға мәжбүр балуан жарыс жағдайына сәйкес орынға ие болады.
г) егер екі балуан да финалдық белдесуден дөрекіліктері үшін шеттетілсе, оларға ешқандай орын берілмейді.
Ерекше жағдайлар
а) Тізерлеп отырып жасалған әдістер есепке алынбайды да, бағаланбайды ;
ә) құлап тастаған әдістер есепке алынады және бағаланады.
ТҮСІНІКТЕМЕ :
а) егерде кеудеге салып көпір арқылы құлап тастаған кезде қарсыласын табандылықпен жылдам аударып тастаса әдіс есептеледі ;
ә) егер де кеудеге салып, көпір арқылы құлап тастаған кезде қарсыласы қарсы әдіс арқылы немесе күтіп тұрып басып қалса, әдіс қарсыласына есептеледі.
б) егер де әлдебір құлап тастау әдістері сәтті болмаса, онда ешкімге ешқандай ұпай берілмейді.
« Қоян-қолтық » көне күрес
Белдесу кезеңінде балуандар әдіс қолдану жүйесіндегі тең жағдайда болса, жеңімпаз қазақтың көне « қоян-қолтық » – күресі арқылы қосымша 3 ( үш ) минуттық уақытта анықталады. Ол үшін :
1. белден ұстасу әрекеті, жеребе бойынша анықталған қызыл белбеулі балуанға беріледі.
2. Екі балуанның бірі белдесу алдында белсенділік белгісіне ие болу керек.
3. Бас балуандық сарапқа салғанда белсенділік салмағы жеңіл балуанға беріледі.
4. Қос қолмен белден қоян-қолтық ұстасу белдесудің негізі болып саналады.
Жеңімпазды анықтау
а) әдіс қолдану кезінде ;
ә) қолды белден босату кезінде.
ТҮСІНІКТЕМЕ :
Егер жоғарыда айтылған анықтаудағы себептер қолданылмаса, онда жеңіс келесі түрде анықталады :
а) ескерту алғанда ;
ә) белсенділікпен аяқталғанда.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 99-105 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 301-302 беттер
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. –70-72 беттер
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 30-32 беттер.
V – ші апта.
5 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Қазақша күресте төрешілік ету ережелері.
Төрешілер құрамы
Барлық жарыста әрбір белдесуге тағайындалған төрешілер тобына кілемдегі жетекшісі, кілемдегі төреші, қапталдағы төреші, яғни, үш ресми төреші енеді. Төрешілер тобын кездесу кезінде алмастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Тек қатты сырқаттанып қалуын дәрігерлік қортынды айғақтаған жағдайда ғана төрешілерді ауыстыруға болады.
Төрешілер құрамына бір ұйымнан екі бірдей төрешінің енуіне болмайды.
Өз ұйымының өкілі қатысатын белдесуге әділқазылық жасауына рұқсат етілмейді. Төрешілердің қара түсті костюм-шалбары және көк түсті көйлегі және қара түсті мойын жібі болуы шарт.
Жалпы міндеттері
а) Кілем жетекшісі, төреші, қапталдағы төреші әрбір қолданылған әдіске жеке баға бере отырып, түпкілікті шешім қабылдайды.
ә) Төрешілердің міндеттеріне жарыс ережесінде қаралған айыптау шаралары да кіреді.
б) Техникалық хатшы жазбалары екі қарсыластың барлық әдіс айласына берілген бағаның нақты көрінісі болып табылады.
Бас төреші
Бас төреші жарысқа басшылық жасайды және сайыстың Ережеге сәйкес өтуін қадағалайды.
Оның міндеттері :
а) жарысты өткізетін ғимараттың дайындығын және қажетті құрал-жабдықтардың талапқа сай болуын қадағалау.
ә) жарыс орнын қабылдау туралы құжат жасау ;
б) салмақ өлшейтін төрешілерді белгілеу ;
в) жеребе тастауды ұйымдастыру ;
г) төрешілерді топ-топқа бөліп, әр айналымның жұп құрамын тексеріп бекіту ;
д) арыз немесе наразылықтарға өз шешімін айту ;
е) төрешілер алқасының мәжілісін күнде жарыс басында, сондай-ақ қажет жағдайда жарыс кезінде өткізу ;
ж) белдесудің қортынды шешімін келесі айналым белдесулері басталғанша шығару ;
з) іс қағаздарын мен хаттамаларды белгіленген уақытта жарысты өткізген ұйымға тапсыру.
Бас төрешінің құқығы
а) жарыс өтетін орын бәсеке басталғанға дейін даяр болмаса, жарысты тоқтату ;
ә) жарысты қалыпты өткізуге кедергілер кездессе, жарысты доғару немесе уақытша үзіліс жариялау ;
б) өте қажет жағдайда жарыс күнтізбесі мен бағдарламасына өзгеріс енгізу ;
в) өрескел қателіктер жіберген немесе өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз атқара алмаған төрешілерді міндетінен босату ;
г) жарыс кезінде дөрекілік көрсетіп, төрешілер немесе жарысқа қатысушылармен жағаласқан команда басшысына ескерту жасау ( немесе шеттету ) ;
д) моральдық көзқарасы тұрғысындағы жат қылықтар көрсетіп, дөрекілік танытқандарды жарыстан шеттету ;
е) балуандардың әрекетін бағалауда төрешілердің пікірі бір арнадан табылмай жатса, қортындыны хабарлауды тоқтата тұрып, қосымша талқылаудан кейін кесімді шешім шығару ( талқылауға тек сол белдесуге қазылық еткен төрешілер қатысады ).
Бас төрешінің өкімдерін жарысқа қатысушылар, төрешілер, команда өкілдері мен бапкерлері бұлжытпай орындауға тиіс.
Бас хатшы
Бас хатшы төрешілер алқасы мәжілісінің хаттамасын жүргізеді, жарыс айналымы бойынша кездесулердің реттілігі мен жарыс тізбесін жасайды, бас төрешінің өкімдері мен шешімдерін әзірлейді, өтініш-тілек хаттарды тіркеп, оны бас төрешіге табыс етеді, барлық төрешілерге қатысты іс қағаздарын реттейді, жарыс хатшылығының жұмысын басқарады, бас төрешінің рұқсатымен хабарламашыларға команда өкілдері мен тілшілерге мәліметтер береді.
Кілем жетекшісі
Белдесуге жауапты кілем жетекшісі Ережелерді және барлық өзіне жүктелген міндеттерді орындайды :
а) кілемдегі төреші мен қапталдағы төрешінің жұмысын үйлестіреді ;
ә) белдесу барысын жіті бақылайды, Ережеге сәйкес белдесу барысында өз бағасын береді.
Кілем жетекшісінің құқығы :
а) Егер кілем жетекшісі, кілемдегі төреші және қапталдағы төрешінің қабылдаған шешімі нақты іс-әрекетпен сәйкес келмейді деп есептелсе, ол шұғыл түрде бәсекені тоқтатады. Бұл мәселе олардың қатысуымен талқыланғаннан кейін ( екі төрешінің бірінің келісімін алған жағдайда ) ол бұрынғы шешімді өзгерте алады.
ә) Егер кілем жетекшісі, кілем төрешісі және қапталдағы төрешінің арасында түсініспеушілік туса, онда кілем жетекшісі түпкілікті шешім қабылдау үшін жарыстың бас төрешісі және солардың команда өкілдерін шақырады.
Кілемдегі төреші
Кілемдегі төреші белдесудің Ережеге сәйкес өрбуіне жауапты қапталдағы төрешімен тығыз байланыста болады.
Нұсқау белгісімен белдесуді бастайды, тоқтатады және аяқтайды. Белдесу Ережесін сақтауына қатаң ден қойып, балуандарға өзінің нұсқау сілтемесіне тез арада мойын ұсынып, бағынуы үшін жеке абырой-беделімен ықпал етуі керек. Сырттан ешкімнің жөн-жосықсыз араласуына жол бермей, белдесудің әділетті өтуіне жауапты.
Кілемдегі төреші :
а) сылбырлық танытқан біреуін немесе екі балуанды да тартысқа шақырады.
ә) белдесуді ерте де кеш те емес, дер кезінде тоқтатады ;
б) кілем шетінде қолданылған әдістің есептелінетінін немесе есептелмейтіндігін анықтайды ;
в) балуандар шектеулі сызықтан сыртқа шығып кетсе, оларды кілем ортасына шақырып, бәсекені жалғастырады ;
г) төреші, кілем жетекшісінің талап етуімен бәсекені тоқтатып айқын басымдылыққа ие болған балуанды жеңіске жетті деп жария етуге міндетті.
Қапталдағы төреші
Қапталдағы төреші Ережеде қарастырылған барлық міндетті орындайды.
а) белдесу барысын мұқият қадағалап, сондай-ақ әдіс қолданған балуанға ұпай беруге және өз пікірін барлық жағдайда ашық айтуға тиіс ;
ә) сылбырлық танытқан балуанды ширақ күресуге шақырады және ескерту беруге белгі береді ;
б) таза жеңісті белгілейді ;
в) белдесу кезінде қапталдағы төреші аңғармай қалған немесе басқа да әрекетті тез ( рұқсат етілмейтін әдіс, теріс әрекет ) айту керек деп тапса, ол балуанның белбеу түсін көрсетіп, назарын аударуға тиіс ;
г) белдесуді мұқият бақылау кезінде, әсіресе ерекше жағдайда өзі отырған тұста жүріп-тұруына болады ;
д) қапталдағы төрешінің пікірі қандай-да екінші төрешімен бір жерден шықса, олардың шешімі нақты болып табылады.
Төрешілерге қатысты жазалар
Қазақша күрес федерациясы өз Ережелерінде көрсетілген тәртіп бойынша қателіктер жіберген төрешілер алқасының мынадай шаралар қолдануға құқықты :
1. Ескерту жасауға ;
2. Жарыстан алыстатуға ( шеттетуге ) ;
3. Уақытша шеттетуге ;
4. Төрешілер тобының мүшесін төменгі сатыға ысыруға ;
5. Төрешіліктен мүлдем алыстатуға.
Дәрігерлік қызмет
Жарыстың бас дәрігері, бас төрешінің орынбасары болып есептеледі. Дәрігер қызметкерлері жарыстың өту орны, делегациялардың жататын, тамақ ішетін орнын тексеріп, нақты шешім шығаруы қажет. Сонымен қатар нақты жарысқа қатынасушы балуандардың салмақ өлшеу мен белдесу барысын қадағалап отырады.
Өлшеудің алдында дәрігерлер балуандардың денсаулығын қарап бағалайды, егер балуанның денсаулығы дәрігердің көзқарасы тұрғысынан қалыпты болмаса, ол жарысқа қатыстырылмайды. Бақылап-тексеру кезінде әсіресе, жұқпалы ауруларға айрықша мән беріледі.
Жарыс барысында кез-келген уақытта сәтсіз жағдай орын алса, дәрігерлер оған араласа отырып, белдесуді онан әрі жалғастыруға, яки оны тоқтатуға шешім қабылдауға әзір болуға тиіс.
Дәрігерлік қызмет, егер олардың пайымдауынша белдесуді жалғастыру балуанның біріне немесе екіншісіне қауіп төндірсе, онда жарыс басшылығы арқылы кез-келген уақытта тоқтатуға құқылы әрі міндетті.
Сондай-ақ дәрігер балуанның біреуінің бәсекені онан әрі жалғастыруға әл-дәрмені, мүмкіндігінің жоқ екендігін айтып, тез арада доғара алады.
Балуандар жарақат алған жағдайда кілемнен шығып кете алмайды. Егер мұрнынан қан кетіп, әлдебір сәтсіздікке душар болса, дәрігермен пікір алысқан төреші белдесуді 3 ( үш ) минутқа ғана тоқтатады. Әрбір минутты диктор хабарлап отыруға тиіс.
Жарысқа қатысушы командалардың дәрігерлері өз спортшылары жарақаттанған жағдайда оларға ем-дом жасап, көмектесуге толық құқылы.
Төрешілер есебі
Бір кілемге қызмет көрсететін төрешілердің құрамы :
1. Бас төреші 1
2. Бас төрешінің орынбасарлары :
спорттық бөлім 1
бас дәрігер 1
3. Бас хатшы 1
4. Техникалық хатшылар 2
5. Уақыт бақылаушы төрешілер 1
6. Төрешілер 8
7. Хабарлаушы ( диктор ) 1
8. Медбике 1
9. Комендант 1
10. Хатшы 1
Барлығы : 20 адам
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 105-112 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 302-306 беттер
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. –59-62 беттер
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 44-47 беттер.
VI – шы апта.
6 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Палуанның жеке гигиенасы.
Қазақша күреске қойылатын гигиеналық талаптар оқу-жаттығу процесін дұрыс ұйымдастыруға ғана емес сонымен қатар спортшының ұтымды күн тәртібін ұдайы мұқият орындап отыруына да тығыз байланысты.
Егер жас палуан мезгілімен тамақтанбаса, ұйықтамаса, онда оның жаттығуынан күткендей нәтиже шықпайды. Оны былай қойғанда күн тәртібі бұзылған жағдайда жеткіншектің жүйкесі ( әбден титықтағандықтан ) немесе асқазан-ішек жолы ( дұрыс тамақтанбағандықтан ) ауруға ұшырауы ықтимал.
Алғашқы сабақтың өзінде жаттықтырушы күнделікті ертеңгі жаттығулар комплексін орындап ( дұрысы – таза ауада ) жүруді талап ету қажет. Ертеңгілік жаттығуларды аяқтаған соң міндетті түрде жақсылап жуыну керек. Мұның тек гигиеналық маңызы ғана болып қоймайды, ол сонымен қатар спортшы организмінің шынығуына да ықпалын тигізеді.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 93-99 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 175-177 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 57-59 беттер
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 13-14 беттер.
VII – ші апта.
7 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Жекпе-жек сайыстары белгілерімен жұптасып және командалық түрде ойналатын қимылды ойындар.
Тымақ ұру
Ойын көгалды алаңда өтеді. Ойынға қанша бала болса да қатыса беруге болады, олардың жас мөлшеріне де шек қойылмайды. Ең әуелі ойыншылар екі-екіден бөлініп жұп құрады. Ойынға ұлдар ғана қатысады.
Ойын ережесі. Көмбеден 20 адымдай жерге қағылған ат бойындай сырыққа тымақ кигізіледі. Ереже бойынша әр жұп бірінің-бірі мойнына мінеді де « салт аттылар » тобын құрайды. Ойын жүргізушінің әмірімен үстінде отырған баланың көзін орамалмен таңып, қолына қамшы ұстатады. Ойыншының міндеті – тымақты ұрып түсіру. Осындай тәртіппен тымақты қатарынан үш рет ұрып түсірген адам жеңген болады.
Достарыңызбен бөлісу: |