Педагогикалык факультетінің деканы Ботагариев Т. А



бет1/9
Дата17.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#9788
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін» Педагогикалык факультетінің деканы Ботагариев Т.А..

________________

қолы аты-жөні

«__»__________ 2009 ж.
Педагогикалык факультеті

«ДТТ мен АО» кафедрасы

кредиттік технология оқыту жүйесі бойынша

050108 -«Дене шынықтыру және спорт»

мамандықтары бойынша 4-курс студенттеріне арналған.


«Ұлттық спорт түрлерінің оқыту әдістемесі»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 4

Семестр – 7

Кредит саны –1

Дәріс – 15

Практикалық сабақ – 15 сағат

ОЖСӨЖ – 15 сағат

СӨЖ – 15 сағат

Емтихан – 7 семестр

Барлығы : 32,5 сағат.

Орал 2009 ж.

1. Пәннің оқу әдістемелік кешені ______________________________________

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.


Құрастырушы(лар): _____________________________________________

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

____“ _________ 200 ж. №__ хаттама

Кафедра меңгерушісі: Испулова Р.Н. ____________

(аты-жөні) (қолы )


Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі А.А.Какимова
Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

“ __“ _________ 200 ж. № хаттама


Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы

Иргалиев А.С.

________________ ___________


(аты-жөні) (қолы )

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)


    1. Оқытушы туралы мәлімет.

Оқытушының аты-жөні: Исмағұлов Қамеш Исмағұлұлы – доцент.

Офис: Спорт зал спорттық пәндер кафедрасы.

Жұмыс мекен-жайы: Спорт зал

Жұмыс телефоны: 117



    1. Пән туралы мәлімет.

Пән атауы: Күрес түрлерінің оқыту әдістемесі.

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада мысалы : 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады) әр кредит – сағат бір байланыс сағаттан ( дәріс немесе практика ) және оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



    1. Бағдарламалық мәлімет.

  1. Күрес түрлерінің оқыту әдістемесі.

бағдарламасының үлгісі оқу жоспарының «Дене тәрбиесінің мәдениеті және спорты» негізінде дене тәрбиелеу мәдениеті факультеттері мен академиялары студенттеріне арналған.

Бағдарлама мамандықты оқу бағдарламасында жаттығудың ілімі мен тәсілдемесін, спорттық мәре жайлары және оларды қажетті жаттығу құралдарымен қамтамасыз етуді оқытуды көздейді.

Оқу барысында дәрістерден семинарлардан әдістемелік және жаттығу сабақтарынан оқулық тәжірибелерден тұрады.

Дәрістерде студенттерге ұлттық спорт түрінің даму тарихынан, әдіс тәсілдерін, олардың бастапқы дайындау және ұлттық спорт түрінен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуден, ұлттық спорт түрінен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, өткізуден т.б. негізгі мағлұматтар хабарланады.


Пәннің мазмұны.

Дәріс пен практикалық сабақ атаулары, оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) және студенттердің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) сынақтық талап көлеміндегі сағаттан тұрады.


Әдістемелік шолу сабағы.

Жалпы дамыту және арнайы дамыту, жаттығуларын ұлттық спорт түрімен айналысушыларға бір орында және қозғалыста жүргізу, жүгіріп келіп биіктікке «аттау», тәсілімен секіру, ұзындыққа «аяқты бүгіп» тәсілімен секіруді жүргізу.


Оқу практикасы.

Топтарды сапқа тұрғызу, мәлімдеме тапсыру, саптағы жаттығулармен бұйрықтарды орындау, дұрыс түсіндіріп көрсету және жоспарланған жалпы дамыту және арнайы дамыту жаттығуларын орындау. Айналысатын топтарды керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, өткізетін сабақ орнын әзірлеу.

1.2. Кредиттің аптаға бөліну кестесі. (2-ші кредит).

Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты-1

(1 – дәріс)






ОЖСӨЖ; СӨЖ




Байланыс сағаты-2

(2 – практика)



50 минут

ОЖСӨЖ; СӨЖ

50+50 минут

Байланыс сағаты-3

(практика – 2)



50 минут

ОЖСӨЖ; СӨЖ

50+50 минут

1.2. Кредит саны – 1

Өту орны: спорттық алаң, спорттық зал.
Оқу жоспарынан көшірме.

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Практи-калық сабақтар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

3

7

1

15

15

15

15

32,5

емтихан


2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
Сабақ мазмұны мен кестесі
I-ші апта
1 кредит сағат

1 дәріс



Тақырыбы: Белдесудің тактикалық жоспары

Айқандасқа жақсы нәтиже көрсету үшін палуан алдын-ала (күрес басталмай тұрғанда) кездесу кезінде қалай әрекет ететінін жоспарлап алуы қажет. Мұндай тактикалық жоспарда күресті жүргізу тактикасының негізгі сәттері болуы тиіс.

Күресті жүргізудің тактикалық жсопарында мыналар міндетті түрде көзделеді: айналысудың мақсаты, оған жетудің жолдары мен әдістері, шешуші техникалық әрекет жасайтын жері, тактикалық дайындық әдістері және айқасқа күшті бһолу. Қажет болған жағдайда палуан қалай тұрып күресетінін, сондай-ақ қандай ара қашықтықта болатынын белгілейді. Айқастың сәтті аяқталуы көбінесе тактиканың дұрыс белгіленуіне байланысты. Тактикалық жоспарды жасаған уақытта күрестің ең мүмкін болатын варианттарын болжап, ол кезде өзінің не істейтінін ойластырып қоюы тиіс. Палуанның күрес кезінде алға қоятын міндеттері, оған жету жолдары мен әдістері өзінің мүмкіндіктеріне міндетті түрде сай келуі керек.

Белгісіз қарсыласымен белдесу жоспары күреске түсер алдында жасалды да, күресушінің өзінің мүмкіндіктеріне қарай құрылады, сондықтан жарыста орын алған нақты жағдайлар да ескеріледі.

Белгісіз қарсыласымен айқасудың алдын ала жасалған жоспары шындыққа сай бола бермейді. Сондықтан басты міндеттердің айқса кезінде тікелей барлау жанымен өзінің жақсы көретін әдістерін қолданудың ең қолайлы сәтін іздеу.

Таныс қарсыласымен кездесуге дайындық үстінде палуан күресті жүргізудің бірсыпыра дәл келетін жоспарын алдын ала жасап, оны орындап шығу үшін жаттығу жүргізе алады. Мұның алдындағы жағдайдағыдай палуан кілемге шығуға аз қалғанда өзін кездесуге дайындайды, сөйтіп бұл кезде ол жоспарының негізгі сәттерін ой-елегінен өткізеді.

Белгілі қарсыласымен кездесудің тактикалық жоспарын жасағанда өзінің физикалық деректерін қарсыластың ерекшеліктерімен дұрыс салыстырудың маңызөы зор. Оның тактикалық жоспарын ойлап табу керек, содан соң өзінің жақтарына сүйене отырып, қарсыласып басым түсуге қажет. Осы мақсатпен палуан өзіне қолайлы жағдай туғызуы керек және ол жағдайда қарсыласы сенімімен қимылдай алмайтын болғаны жөн.
1 практикалық сабақ

Практикалық сабақтың тақырыбы :

Палуанның дене дайындығы.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Палуанның сапта жүру және жалпы дене шынықтыру жаттығулары.

2. Палуанның арнайы дене шынықтыру жаттығулары.
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 82-84 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 78-82 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 39-42 беттер.



ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Қазақша күрес тәсілдерін классификациялау және күрес терминологиясы.


Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 9-12 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 30-31 беттер.

СӨЖ мазмұны :

1. Ұлттық спорт түрі « қазақша күрестің техникасы және әдістемесі » тақырыбына реферат жазу және қорғау.



II -ші апта
2 кредит сағат

2 дәріс



Тақырыбы: Белдесуде тактикалық жоспар жасаған кезде ескерілуі тиіс факторлар:
Белдесудің мақсатын анықтау, бұл үшін өзінің де, қарсыласының да мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Мысалы, өзінен гөрі әлсіздеу қарсыласымен күреске түскенде палуан алдына таза жеңіске жету міндетін қояды, алд күшті қарсыласымен күрескенде ұпай саны бойынша жеңіске жету мақсатымен шектеледі. Нақты белдесудің мақсаты жарыстың барысындағы жағдай, атапайтқанда, палуанның жағдайы мен оның негізгі бәсекелестерінің турнир палуанның тек қана таза жеңіске жетуін немесе басымдылықпен женуін қажет ете бермейді, кейде ол ұпаймен жеңсе де жетіп жатыр.

Осыған байланысты белдесудің жалпы бағытын күрестің алғашқы кезеңінде жеңіске жететіндей етіп немесе ұпай бойынша басым түсетіндей етіп құру қажет.

Егер палуан ұзақ уақыт шаршамайтын артықшылығын пайдаланғысы келсе, ол алдымен жалған шабуылдау арқылы қарсыласын әбден қалжыратуы керек те, содаң сон батыл қимылдауға көшуі тиіс.

Батыл қимылдау палуанның және оның қарсыласының психикалық ерекшеліктерінде да байланысты. Белдесудің барысында олардың мінез-құлқы едәуір өзгеріске ұшырайды.

Бірқатар спортшылар бір-екі артық балл алған соң психологиялық ерекшеліктеріне батылырақ болып, үрдіс қимылға көшеді. Ал бірақ қарсыласы алға шығуы-ық мұң екен, мұндай спортшылар өзінің жақсы қасиеттерін айрылып қалады. Мұндай қарсыласпен жарысқа түскен жағдайда палуан белдесудің басында ең болмағанда бір артық ұпай алу үшін барлық қабелітен жұмсауы қажет.

2 практикалық сабақ

Практикалық сабақтың тақырыбы :

Палуанның тактикалық дайындығы.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Барлау.

2. Қарсылас туралы мәліметтер.
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 50-51., 77-82 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 267-268 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 108-111 беттер.



ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Күрес техникасының жалпы негіздері.


Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 21-25 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.
СӨЖ мазмұны :

1. Қазақстандағы ұлттық күрестің даму тарихы.




III-ші апта.
3 кредит сағат

3 дәріс



Тақырыбы: Белдесудің қарқынын анықтау
Тек жақсы дайындалған палуан тез шаршайтын, бірақ одан күші де, техникасы да

артық спортшылар кездескенде ғана жоғары қарқынмен күресемін деп жоспарлауы тиіс. Әдетте кездесудің жоғары қарқыны қарсыласынан моральдық жағынан басым түсуі керек, сөйтіп оны жасыту мақсатымен ұйымдастырылады.

Күштің және ұзақ уақыт шаршамайтын, бірақ тез өзгере тиіс жағдайда жас тауын шыға бермейтін қарсыласымен күрескенде де палуан айқасты жоғары қарқында өткізуді көздеуі тиіс. Бәсеке кезінде жағдайдың қайта-қайта шапшаң өзгеріп тұруы қарсыласынан ұзаққа төзімділікті ғана емес, көзді ашып- жұмғандай уақытты амал табуды да қажет етеді.

Ара қашықтықтоы анықтағанда да қандай арақашықтық палуанның ойға алған техникалық әрекеттерін орындауға орындауына қиындық келтіретіндігін, ал қарсыласының ондай әрекеттерді орындауына қиындық келтіретіндігін ескеру қажет. Егер палуан қарсыласы өзінің жақсы көретін тәсілдерін қай жағынан жақсы орындай алатынын және қалай түру оған ыңғайсыз екендігін білетін болса, онда ол өзі қорғана алатындай, сондай-ақ қарсы тәсілдерді орындай алатындай болып тұра алады. Ұзаққа шыдайтын палуанмен күрескенде күшін сақтап сарқып алмай есеппен жұмсауы керек.


3 практикалық сабақ

Практикалық сабақтың тақырыбы :

Қазақша күрестің техникасын үйрету.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Арқадан асырып лақтыру.

2. Шалып лақтыру.
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 27-32 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.

ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Күрес тактикасының жалпы негізі.


Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 42-45 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 267-268 беттер

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. –113-117 беттер


СӨЖ мазмұны :

1. Қазақша күрес шеберлерінің республикалық және ірі халықаралық жарыстарға қатынасулары мен жеңістері.



IV –ші апта.
4 кредит сағат

4 дәріс



Тақырыбы: Қарсыласының тактикалық ойын ескеру

Жеңіске жетудің сенімді әрі тиімді жолын таңдап алу үшін палуан қарсыласының

тактикалық ойын біліп алуы, сөйтіп оны ескеру, оның әрекетінің алдын алуы тиіс. Сонда ғана ол қарсыласынан тактикалық жағынан басым түседі. Палуан сөйтіп қарсыласының көздеген әрекеттерін орындатуға, қарсы шаралар қолдануға сонымен қатар өзінің тактикасын орындауға, яғни қарсыласта күтпеген жерден тәсіл қолданып, жеңіске жетуіне тырысады.

Ең дәл жасалды деген жоспарды да жүзеге асыра білуі керек. Жекпе-жекке түскен кезде күні бұрын белгіленген тәсілдерді қолдануды қиындататын сәттер жиі болады. Өзіне өзі сенімі аз, әлсіз не тәжірибесіз палуан мұндай жағдайларда көбінесе белгіленген жоспарынан бас тартып, қалай болса солай әрекет етеді де, соның салдарынан қарсыласының еркіне көлдіру. Сондықтан барлық ерік күшін, табандылығымен палуан жарыс кезіндегі қимылын жеңуге жұмсап, ілгері ұмтылып, қарсыласынан өзінің тактикасын орындауға еріксіз көлдіруі тиіс. Бұл үшін ең алдымен көзделген техникалық және тактикалық әрекеттерді аса жетік меңгеру қажет. Күрес кезінде ақылмен қауіпті қимылға да барып, белсенді әрекет ету де керек. Әйтпесе қарсыласынан басым түскен көптеген қолайлы сәттерде айырылып қалып, сөйтіп белгіленген жоспардың орындалмай қалуы мүмкін.

Бәсекеге түскен екі спортшы да алдарына жеңіске жету міндетті қояды. Сондықтан бәсекеге түскен кезде олардың біреуінің жағдайы екіншісінен жақсырақ болып шығатыны табиғи нәрсе. Белдесудің бір кезеңінде жеңіске жету артықшылық алғаннан кейін жекпе-жектің тағдыры шешімді деп есептеп, арқаны кеңге салуға мүлде болмайды. Төрешінің финалдық ысқырығына дейін палаун жинақы, ықтияқты, абай болуға, қандай болса да, күтпеген жағдайда қалған қарсыласы әр уақытта күшін жинап, шабулға шығу үшіе сәл мүмкіндіктің күшін пайдаланып кетуге әзір жүретінін есте сақтап, палуан қапы қалмау үшін ерекше сақ болуы керек. Сонымен қатар қарсыласын иницатива алуға да мүмкіндік бере алмайды. Осы мақсатпен қарсыласы маневр жасайды, ұстау әдісін және айқас қарқынын өзгертеді, қарсыласын тұқырта ұстап, оның күш жинап, әдіс қолдануына, дайындалуына мүмкіндік бермейді. Бәсекелесінің инициатива алып кетуіне, сондай-ақ жалған шабуылдар да кедергі жасайды. Оны шын шабуыл ретінде көрсете жүріп палуан қарсыласын қорғауға көшуге мәжбүр ете алады.

Егер қарсыласы қорғанысқа көшкен болса, оны белсенді қималдауға мәжбүр ететін (адамдар) амалдар қолданған орынды.

Бәсеке палуанныңпайдасына шешілмейтін болған қиын сәттерде барлық күшін де, барлық шеберлігін де өзін жеңіске жеткізетін тәсілдерді орындауға жұмсағаны жөн.

4 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Қағып лақтыру

2. Еңкейіп, аяқпен көтеріп лақтыру
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 34., 36-38 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Жарыс ережелерін талдау.


Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 99-105 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 301-302 беттер

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. –70-72 беттер

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 30-32 беттер.
СӨЖ мазмұны :

Қазақша күрестен жарысқа қатысушыларға ережелерге сәйкес қойылатын негізгі талаптар.


V – ші апта.
5 кредит сағат

5 дәріс



Тақырыбы: Жарыстарға қатысу тактикасы
Жарыстарға тактика ең жақсы нәтижеге жету үшін палуанның барлық мүмкіндіктерін шебер пайдалануға салды.

Жарыс қарсаңында әрбір кездесудің мақсаты, жан-жақты, дайындықта, күрестің техникалық және тактикалық құралдарын барынша тиімді пайдалану жолдарын анықтайды. Сонымен қатар сол жарыстың ерекшеліктерін және нақты жағдайды ескереді.

Тіпті сипаты жағынан да бірдей жарыстардың өзінде де палуанның тактикасы әртүрлі болады, өйткені ол түрліше жағдайға қарай жасалады. Сонымен бірге палуанның тактикалық әрекеттерінде бірдей жағдайлар да болады.

Палуанның жарыста алға қойған мақсаты әрбір жеке айқастарда көрініс табуы тиіс. Сондықтан алдын ала жасалған жоспарында, жарысқа қатысудық тұтас мүддесіне орай, ол қандай айқасты таза жеңіспен немесе артықшылықпен аяқтайтынын белгілейді немесе ұпайымен жеңу міндетін алдына қояды.

Әрбір салмақ категориясындағы жарысқа қатысушы спортшылар саны көп. (шамамен 25 адам және одан да артық) жарыстарда палуанға финалға шығу үшін әдетте, кілемгі ең кемі алты рет шығуға тура келеді. Мұндай жағдайда қарсыластарына техника жағынан едәуір басым түсуге болады, бірақ белдесулерде тек қана ұпай бойынша жеңіске жету, бірінші орын ала алмай қалады. Сондықтан палуан ең кемі бір белдесуде басым түсіп, таза жеңіске жету үшін барлық мүмкіндігін пайдалануы тиіс. Егер палуан алдағы жекпе-жекке дейін бір немесе бірнеше кездесу өткізіп айып ұпай алып қалған болса, енді осы белдесуде жарыста қарай жалғастыруға мүмкіндік беретін нәтижеге жетуді жоспарлауы тиіс. Бес айып ұпай болса, палуан тек қана таза жеңіске жетуге ұмтылады. Бірақ бұл екі жағдайда да ерекшелік болуы мүмкін. Мысалы егер бәсеке финалға шығу үшін немесе турнир кестесіндегі жақсы орын үшін өткізілетін болса, палуанды жоғарыда айтылғандағыдай төмен нәтиже де қанағаттандыра алады.

Мачтың жеке біріншілік және командалық жарыстарда палуан жеңілетін жағдайда болса, ол барынша батыл және тайсалмастан шабуылға шығуы, өзіне қауіп төнетін қимылдарды да жасауы, жеіңске жетудің қандай мүмкіндігін болса да пайдалануы тиіс.



Сыр білдірмеу – сыр білдірмеу дегеніміз палуанның қарсыласынан өзінің шын пилығын жасыру үшін оның бармау жүргізуіне кедергі келтіріп, сөйтіп өзінің даярлығы жөнінде жаңылыста болуын қамтамасыз ететін тактикалық әрекеті.

Сондай-ақ қарсыласының алдында, ол соны пайдаланып кетпеуі үшін, өзінің қандай күйде екенін білдірмеуі керек. Жағдайдың және айқастағы тактикалық ойдың өзгеруіне байланысты өзінің шаршағанын сездірмей, күші әлі де мол екенін білдіретіндей сергектік көрсетуі немесе кез келген сәтте шабуылға шығатынын сездірмеу үшін сылбырлық танытып, тез шаршайтын болып, көрінуі қажет болады.



Барлау – жарысқа жақсы даярланып, табыспен күресудің негізгі шарттарының бірі сол жарыстың ерекшеліктерін, сонымен қатар болашақ қарсыластарының шеберліктерін жақсы білу болып табылады.

Қарсыластарды және жарыс жайлы деректерді палуан алдын-ала және тікелей айқас кезінде жүргізетін барлаудың нәтижесінде алады.



Жарыстың ерекшеліктері туралы мәлімет.

Алдағы жарыс туралы ережелермен алдын-ала танысып, палуан ошның мақсатын, масштабын, сипатын өткізу жағдайын, есеп жүргізу ерекшелігін, жарыс уақытын және өтетін орнын, жерін біледі. Осы деректерді білген соң палуан жарысқа мұқият даярлану жоспарын жасай алады. Мысалы, жарыс масштабын өткізу әдісін және оған кімдердің қатысуына рұқсат берілетінін білсе, жарысқа қатынасатындардың саны мен сапалық құрамын анықтап, ең қауіпті бәсекелестерінің ішінде кімдер болатынын болжауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет