Педагогикалык факультетінің деканы Ботагариев Т. А


Пәнді зерттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет6/9
Дата17.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#9788
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7. Пәнді зерттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар

Бұл пәнді оқығанға дейін студент ұлттық спорт түрін оқыту әдістемесін терең білуі қажет.

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі. Алынған практикалық дағдылар, түсініктер әрбір тақырып бойынша үйрену және жаттығу әдісін қолдану арқылы бекітіліп отырылады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, әр түрлі оқулық т. б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
I-ші апта
1 кредит сағат

1 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Палуанның дене дайындығы.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Палуанның сапта жүру және жалпы дене шынықтыру жаттығулары.

2. Палуанның арнайы дене шынықтыру жаттығулары.
Палуанның сапта жүру және жалпы дене шынықтыру жаттығулары.

Топты сапқа тұрғызу, есепке алу, кезекшінің жаттықтырушыға мәлімдемесі. Келгендерді тексеру. Сабақтың міндетін түсіндіру. Палуандардың сыртқы түріне зер салу.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Киім үлгісін, тырнақтарын тексеру керек.

Сапта жүру жаттығулары : оңға, солға бұрылу, айналу. Аяқтың ішкі ( сыртқы ) қырымен жүру, спорттық жүріс. Жүгіру : аяқты артқа қарай қатты көтеріп жүгіру, оң ( сол ) жағын алға қаратып, аяқтарын шалыстырып, шапшаңдата жүгіріп, бірте-бірте жүріске ауысу.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Денені түзу ұстауға көңіл бөлу. Денесін түзу ұстауы керек.

Уақыты : Әр жаттығу 25 м. бойы орындалады.

Тізені бүгіп, жүрелеп отырып жүру, әдеттегідей жүру, алға ( артқа ) қарай аунап түсу.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Кілем диагоналы бойынша бір-бірлеп орындау.

Уақыты : 3 минут.

Топты айнала тұрғызып, мына жаттығуларды жасау :

1. Бастапқы қалып ( Б.қ. ) – аяқтарының арасы иығы енінде ; 1, 2, 3 қолды жоғары көтеріп, артқа қарай үш рет жұлқу. 4 ( Б.қ. )

Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Қатты күш жұмсап, жұлқу керек.

Уақыты : 6 рет.

2. Б.қ. – қолдарын желкесіне қойып, шынтақтарын алшақ ұстап тұрады. 1, 2 – оңға иіледі, 3, 4 – солға иіледі.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Басын алға қарай еңкейту керек.

Уақыты : 6 рет.

3. Б.қ. – аяқтарының арасы иығы еніндей ; 1, 2, 3 – алға қарай серпіле еңкею. 4 – Б.қ.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Тізесін бүкпеу керек.

Уақыты : 8 рет.

4. Б.қ. – қолдарын желкесіне қояды. 1 – денесін солға бұрады, 2 – Б.қ., 3 – денесін оңға бұрады, 4 – Б.қ.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Шынтақтарын алшақ ұстау керек.

Уақыты : 8 рет.

5. Б.қ. – қолдарын беліне таянады. 1 – 4 денесін алға оңға айналдыра бұрады, 5 – 8 денесін алға солға айналдыра бұрады.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Орнынан қозғалмауы тиіс.

Уақыты : 5 рет.

6. Б.қ. – қолдарын тіреп жатады. 1 – 2 қолдарын бүгеді., 3 – 4 қолдарын жазады.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Денесін түзу ұстауы керек.

Уақыты : 10 рет.

7. Б.қ. – етбетінен жатып, қолдары мен тобығынан ұстайды. 1. Белін қайқайту. 2. Б.қ.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Б.қ. тек команда бойынша орындалады.

Уақыты : 5 рет.

8. Б.қ. – арқасымен жатып, қолдарын ұзынынан салып, 1 – 2 аяқтарын басынан асырып апарып, бақайларын кілемге тигізеді. 3 – 4 Б.қ.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Тізесін бүкпеуі тиіс.

Уақыты : 5 рет.

9. « Көпір » жасап жатып, алға-артқа қозғалу, басын оңға-солға бұрады.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Жаттығуды жасағанда қолымен көмектеседі.

Уақыты : 30 секундта 4 рет.
Палуанның арнайы дене шынықтыру жаттығулары.

1. Қозғалу, ұстау, ұстау үшін тайталасу.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Тепе-теңдігін сақтауы тиіс.

Уақыты : 5 – 7 минут.

2. Арттан шалып лақтыру қимылдарын жасау.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Оң ( сол ) жаққа қайталау керек.

Уақыты : 5 минут.

3. Арттан белбеуден және жеңінен алып, арттан шалып лақтыру әдісін үйрену.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : Оң ( сол ) жаққа қайталау керек.

Уақыты : 15 – 20 минут.

4. Үйрену айқасы.



Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау : 1 минут демалып қайталау керек.

Уақыты : 3 – 3 минуттан.

Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 82-84 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 78-82 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 39-42 беттер.



II -ші апта
2 кредит сағат

2 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Палуанның тактикалық дайындығы.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Барлау.

2. Қарсылас туралы мәліметтер.

Палуанның тактикалық дайындығы.

Жаттықтырушы палуандардың айқасты жүргізу және жарыстарға қатынасу жөніндегі білімін кеңейтіп, шеберлігі мен дағдысын арттыра түсуі керек. Палуанның спортта табысқа жетуі көбінесе оның тактикалық тұрғыдан қаншалықты терең әрі дұрыс ойлай алуына байланысты.

Тактикалық дайындық әдістері техникалық дайындық әдістеріне ұқсас ( қайталау, жағдайды өзгерту, көрсету, жарысқа қатыстыру, бақылау, бөліп-бөліп көрсету т.б.)

Барлау.

Жарысқа жақсы даярланып, табыспен күресудің негізгі шарттарының бірі сол жарыстың ерекшеліктерін, сонымен қатар болашақ қарсыластарының шеберліктерін жақсы білу болып табылады.

Қарсыластары және жарыс жайлы деректерді палуан алдын-ала және тікелей айқас кезінде жүргізетін барлаудың нәтижесінде алады.
Қарсылас туралы мәліметтер.

Осылар қарсылас болады-ау деген спортшылар жайында палуанға неғұрлым көбірек белгілі болса, жарысқа ол соғұрлым жақсырақ дайындала алады. Қарсыласы жөніндегі тіпті аз мәліметтің өзі де оның шеберлігі жайлы хабардар болуға мүмкіндік береді.

Қарсыласы жөніндегі мәліметті спортшы күні бұрын және тікелей жасау арқылы алады. Алдын-ала барлау жасау үшін баспасөзді оқиды, спортшымен кілемде кездесіп немесе бақылап, білетін адамдармен әңгімелеседі.

Болашақ қарсыластарының техникасы мен тактикасын алдын-ала зерттеудің маңызды құралдарына оның қатынасқан жарыстары кезінде түсіріп алынған кино, видео және фотоматеиалдар жатады.


Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 50-51., 77-82 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 267-268 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 108-111 беттер.




III-ші апта.
3 кредит сағат

3 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Қазақша күрестің техникасын үйрету.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Арқадан асырып лақтыру.

2. Шалып лақтыру.
Арқадан асырып лақтыру.

Жеңнен және белбеудің артынан ұстап лақтыруға ыңғайлы. Қарсылас қатты немесе аздап еңкейіп тұрғанда орындалады. Шабуылдаушы қарсыласын жеңінен және белбеуінің артқы жағынан ұстап, өзіне қарай тартып, оған арқасын бере айналып, жамбасымен санынан қағып, алға – солға – бір жағына еңкейіп лақтырады.

Жеңі мен жағасынан ; әр аттас иығы мен жеңінен ; аттас иығы арқылы белбеуінен ; әр аттас жағасы мен жеңінен ; белбеуінен бүйірінен қолтығына кіріп ; белбеуі мен аттас қолынан ; мойны мен жеңінен ; қолдарын айқастырып ; жағасынан айқыш-ұйқыш ; әр аттас қолы мен аттас жағасынан ; аттас қолы мен әр аттас жағасынан ұстауға болады.
Шалып лақтыру.

Арттан шалу. Белбеуінен ұстаған кезде қарсыласы оған жауап ретінде тұрған күйін өзгертіп және арқасынан асырып лақтырудан қорғану үшін, ұстауға еңкейіп, аяқтарын сәл бүгіп тұрғанда осы тәсіл қолданылады. Ең қолайлысы – орташа және жақын қашықтық. Тәсілді орындау үшін тізесі тізесіне келетіндей етіп қарсыластың аттас аяғын сырт жағынан орап, оны өзіне бір жанына, алға қарай тартып қалу керек. Дене салмағы есебінен тарту күшін арттыру үшін қарсыласты лақтыратын жаққа құлау қажет.

Арттан шалып лақтырғанда қарсыласын аттас жағасынан асыра белбеуінен ; қарсыластың ұстап алған қолдарын айқастыра ; жағасы мен аттас жеңінен ; әр аттас иығы мен басқа жеңінен ; белбеуінің бүйір жағы мен жеңінен ; иығының үстіңгі жағынан, мойын мен жеңінен ұстауға болады.



Алдынан шалу. Бұл үшін қарсылас оң жағымен тұруы керек. Қолайлысы – жақын және орташа қашықтық. Қарсыласты жеңі мен белбеуінен алып, өзінің бір жіліншігі оның аттас аяғының тізесіне тірелетіндей етіп қойып, оған арқасын қаратып, айнала беріп, сол кезде оны өзіне – алға – төмен қарай тартып, өзінің аяғынан асыра кілемге лақтыруы керек. Қарсыласы құлап бара жатқан соңғы сәтте палуан қары арқылы қимыл жасап, оның қос жауырынымен түсуін қадағалауы тиіс.

Қарсыласын жеңі мен жағасынан ; әр аттас иығы мен жеңінен ; аттас иығы арқылы белбеуінен ; аттас жағасы мен жеңінен ; ұстаған қолдарын айқастыру арқылы ; жағаларынан ; жеңі мен белбеуінің алдынғы жағынан ; тізерлеп құлай кетіп ( түрліше ) ұстауға болады.


Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 27-32 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.

IV –ші апта.
4 кредит сағат

4 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Қағып лақтыру

2. Еңкейіп, аяқпен көтеріп лақтыру
Қағып лақтыру

Қарсыласы тік тұрып, аяғын алға алшақ қойғанда, бір жағына қозғалғанда аяқтарын айқастырғанда немесе шабуылдаушыны айналып қозғалғанда жақыннан және иықтан ұстап алып орындалады. Қырынан, алдынан, арттан, іштен қағу болып төртке бөлінеді. Көбінесе қырынан ( бір жанынан ), алдынан қағып лақтыру қолданылады. Әдіс қарсыласының табанын бір қырынан, алдан жіліншігінен, өкшесінен және ішкі жағынан барынша шапшаң қағуға саяды. Оны екі жолмен орындауға болады. Біріншіде қарсыласы салмағын аяғына түсіріп, бірақ оны кілемге қойып болмаған кезде орындайды. Қолымен және денесімен жұлқып көмектеседі. Қарсыласынан соң құлайды. Екіншіде қарсыласы аяғын кілемге әбден қойғанда орындайды. Шабуылдаушы қолымен жұлқып, қарсыласынан бұрын құлайды.


Еңкейіп, аяқпен көтеріп лақтыру

Бұл тәсілдер алдан шалып лақтыру тәсілдеріне бірсыпыра ұқсас. Мұнда тек аяқ кілемге қойылмайды, онымен қарсыластың бір немесе екі аяғын қағу керек. Әдісті қарсылас еңкейгенде, тіреп тұрғанда және аяқтары бүгілмей тік тұрғанда қолданған ыңғайлы.

Жеңнен және белбеуден, жеңнен және киімінің қолтығынан, жеңнен және жағадан, жағадан айқыш-ұйқыш, аттас иығы арқылы белбеуден, жіліншіктің ішкі жағынан, мойны мен деңінен, әр аттас санның ішкі жағынан, қолды артқа салып, жеңнен, қарсыластың ұсталған қолдарын айқастырып, иықтын үстінен, белбеудің артынан, т.б. ұстауға болады.
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 34., 36-38 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.

V – ші апта.
5 кредит сағат

5 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Аяқпен жасалатын техникалық әдістер.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Іліп лақтыру

2. « Қырқа » шалу
Іліп лақтыру

Қазақша күресте бұл тәсіл өкшемен, аяқтың басымен, жіліншікпен, жең мен жағадан, жең мен белбеудің артқы жағынан, жеңнен қос қолдап, жағадан ұстап орындалады. Қарсыластың еңкейген, аяқтарын алшақ қойған, тізелерін бүккен сәтері қолайлы болады. Шабуылдауға орташа қашықтық жақсы. Бұл үшін ұстап, өзіне қарай жұлқып, аяғын оның екі аяғының ортасына апарып, әр аттас аяғын тізесінің астымен іліп алып, қолмен ілінген аяғына қарай алға – төмен айналдыра итеріп, ілінген аяғын өзіне қарай тартып қалып, жауырынымен түсіру керек.


« Қырқа » шалу

Иықтың сыртынан ұстап, « қырқа » шалу. Орташа қашықтықтан шабуылдаушы қарсыласын сол жағынан, ал сол қолымен жеңінен шынтақтан жоғары ұстап, еңкейіп, солға бұрылып, сол аяғын қарсыласының сол табаына ішкі жағынан ( егер ол аяғын алшақ қойған болса ) немесе оның сол табаның сырт жағынан ( егер ол аяғын алшақ қоймаған болса ) барынша жақын қоюы керек. Сол аяқты тіктеп, оң санының артқы жағымен қарсыластың сол санын іш жағынан тез қағып, солға – төмен қарай еңкейіп, солға бұрылып, жауырынына түсіру керек.
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 34-35., 38-41 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.


VI – шы апта.
6 кредит сағат

6 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Қазақша күрестің техникасын үйрету.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Кеудеден асырып лақтыру

2. Орап лақтыру
Кеудеден асырып лақтыру

Бұл тәсіл аяқты тіктеп, қарсыласты жоғары – артқа қарай жұлқып, шалқалап құлау арқылы орындалады. Ол үшін арқа және аяқ бұлшық еттері жақсы жетілуі тиіс. Мұны аласа қарсылас тіке тұрып күрескенде, сондай-ақ қарсылас шабуылдаушыға қарсы орындаған дұрыс.



Қолмен денеден ұстап, шалқалап лақтыру. Палуандар оң жағымен тұрады. Қарсыласты денесінен оның оң қолымен ұстап, екі қолының саусақтарын айқастырады да, өзінің арттағы сол аяғын оң аяғының қатарына алда тұрған қарсыласының аяғының сырт жағына қояды. Шабуылдаушының табандарының арасы шамамен 15-20 см. болуы тиіс. Аяғын қойғанда өзіне – жоғары қарай күш жұмсап, қарсыласын кеудесіне қысу керек. Шабуылдаушының жамбасы бұл кезде қарсыласының жамбасымен қатар немесе бірсыпыра төмен, басы қарсыласын өзі ұстаған қолы жағында болуы тиіс. Шалқалап, қарсыласын орнынан тайдырады да, ол тепе-теңдігінен айрыла бергенде, оны жамбасымен қағады. Сонда қарсылас шабуылдаушыдан аударылады. Шабуылдаушы ауада кеудесімен кілемге қарай бұрылады. Шапшаң аударылу үшін шабуылдаушы алдымен басын аударылатын жағына бұрып алуы керек. Қарсыласты осылай лақтырғанда ол әр уақытта кілемге бірінші түседі, бұл кезде шабуылдаушы кеудесімен бұрылып болып, оның жауырынын кілемге тигізеді.

Орап лақтыру

Бұл қазақша күрестің аса қиын әдістерінің бірі. Сондықтан палуандар жақсы даярлықтан өтіп, шалқалап лақтыра алатын болулары тиіс.

Орап лақтырғанда әр аттас қолы мен белбеуінің артынан екі қолмен белбеуден, аттас иығы арқылы белбеуден, жеңі мен денесінен, жоғарыдан әр аттас иығынан ұстауға болады.

Белбеуден және жеңнен ұстап орап лақтыру үшін шабуылдаушының қарсыласына оң жағымен бұрылып, оның сол аяғын іш жағынан оң аяғымен орап, сол аяғын өкшесін сыртқа беріп, тізесін сәл бүгіп қарсыласының екі аяғының ортасына қойып ( бұнымен қоса сол қолымен оның иығына жақын ұстап алуына болады ), қарсыласын өзіне қарай қысып, шалқалап құлай беріп, оны кілемнен көтеріп алу керек. Бұл тірейтін аяғын тіктеу және ораған аяғын өзіне – жоғары қарай көтеру есебінен орындалады. Құлап бара жатып, оң аяғын жоғары көтеріп, оңға бұрылып, қарсыласын өзінен асыра оңға қарай жауырынымен түсіруі тиіс.
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 32-36 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.

VII – ші апта.
7 кредит сағат

7 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Аяқпен көтермелеп лақтыру

2. Үйіріп лақтыру.
Аяқпен көтермелеп лақтыру

Екі палуан да белбеуден қоса ұстап алғанда жақыннан орындаған ыңғайлы. Қарсыласын қысып алып, көтеріп, шалқалай беріп, оның аяғын сыртқа жағынан ішке – жоғары қарай санымен көтермелеп, құлап, қарсыласын жауырынымен түсіреді.

Іштен, жіліншігімен алдыңғы жағынан, жіліншігімен ішкі жағынан аяқпен көтермелеп лақтыруға болады.
Үйіріп лақтыру.

Жақыннан орындаған ыңғайлы. Қарсыласы кеудеден асырып лақтыруға әрекет жасағанда шабуылдаушы оны өзініе тартып қалып, кілемнен көтеріп, айналады да оны жауырынымен түсіреді. Қазақша күресте қолы мен белбеуінен, сондай-ақ белбеуінен ғана ұстап, сыртқы жағынан жіліншігімен іліп, сырттан аяқпен көтермелеп, белбеуі мен жағасынан ұстап, үйіріп лақтыруға болады. Үйіріп лақтыру бірнеше тәсілден тұрады әрі палуанның әбден шынығуын қажет етеді.


Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 41 бет.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.

VIII – ші апта
8 кредит сағат

8 практикалық сабақ

Қазақша күрестен жарыс өткізу.

Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Палуандардың техникалық және тактикалық жеке сапаларын жетілдіру ; қарсыластың тапсырмасы бойынша жұпта жұмыс жасау ( тапсырма бойынша күресуге ұқсас )

2. Жай 2-3 минуттық күрес. Жіберілген қателіктерді түзеу арқылы өткізілген күресті талдау.
Әр палуанның салмағын өлшеп болысымен жеребе тартқызу арқылы кімдермен күресетіндігі анықталып, жұптар құрылады.

Палуандар бірін-бірі жауырынымен жерге құлатып жығуы тиіс, егер жыға алмаған жағдайда төрешінің ұпай беруі бойынша жеңімпаздар анықталады.

Күрес өткір шабуыл жағдайында өтуі тиісті.
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 99-100 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 299-302 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 80-81 беттер

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-47 беттер.
XI – ші апта
9 кредит сағат

9 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Тақта үстіндегі ойын күштеріне ( отаудағы құмалақтарға ) жауапкершілікпен қарау.



Практикалық сабақтың мазмұны :

а) оң жақ отаулардан бастап ойнау.

ә) отаудағы құмалақтарды өрістете білу.

б) жүрістерді есептеу.


Ойын күштеріне жауапкершілікпен қарау.

Бұл принцип бойынша – ешбір мақсатсыз, жоспарсыз, ойламай, өз жағындағы отаудағы құмалақтарды қарсыласына ұтқыза беруге және отаудағы құмалақтар санын азайтуға болмайды. Өз отауларындағы құмалақтар санын кеміту және ұтқыза беру оның күшін әлсіретеді, көбіне ол ойыншыны ұтылысқа әкеп соқтырады. Сондықтан отаудағы құмалақтар санына ойынның басынан жауапты қарау керек.

Көбінесе кейбір тәжірибелі ойыншылар да кездесудің басынан-ақ құмалақтарды көп ұтуға тырысып, немесе « тұздық » алу үшін өз құмалақтарын оңды-солды шашып ( ұтқызып ) ойнайды. Бұл өте қате. Егер оның қарсыласы күшті ойыншы болса, алғашқы ойыншы жеңіліп қалады.
Оң жақ отаулардан бастап ойнау.

Бұл принцип бойынша ойынды оң жақтағы отаулардан ( 6., 7., 8., 9 ) бастап жүріп, өрістету қажет те, сол жақтағы отауларға жиналған құмалақтармен қолайлы бір шабуыл жасау сәтін күту керек. Бұл әдіс әрі сол жақ отаулардағы құмалақтардың күшін сақтайды.

Егер оң жақтағы отаулардағы құмалақтарды жүрмесек, екі-үш жүрістен кейін ол отаулардағы құмалақтар саны көбейіп кетіп, тиімсіз боп қалады. Мысалға; 8-отауды алайық. Үш жүрістен кейін-ақ сегізінші отаудағы құмалақ саны 12-ге жетеді де ол қарсыласының отауларынан асып, өз отауларына келіп түсетін болады. Бұл тиімсіз сан құмалақ деп аталады. Енді 2-отауды алайық. Отауда 9 құмалақ бар. Егер оны жүрмей, сақтап отырсақ, осы отаудағы құмалақтар саны 17 болғанша қарсыластар отауларына шабуыл жасау күшін жоғалтпайды. Яғни бұл отауды сегіз жүріс бойы жүрмей отыруға болады екен. Ал оң жақтағы отауларды бірден жүріп, құмалақтар санын азайтып алсақ, ол отаулардағы құмалақ саны бір-екі жүрістен соң-ақ шабуыл жасауға тиімді болып шыға келеді. Мысалы, 8-отауда үш құмалақ болған сәттен бастап ол құмалақ саны 12 болғанша шабуыл жасауға тиімді болып тұрады. Мұнан шығатын қортынды : жүрістерді оң жақ отаулардан бастау тиімді. Бұл – біз айтып өткен принциптің бірі.


Отаудағы құмалақтарды өрістете білу.

« Тоғызқұмалақ » ойынындағы негізгі мақсат бірінші жүрістен бастап-ақ қарсы жақтың жүрістерін тарылтып, дұрыс позицияға ие болу. Бұған жетудің басты шарттарының бірі – тақта үстінен жақсы орындар « жаулап » алу, яғни құмалақтардың ойнау күшін дұрыс өрістете білу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет