Жаяу көкпар
Ойын күні бұрын белгіленген жерде бозбалалардың қатысуымен өтеді. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Әдетте, бұл ойынды ұл балалар ойнайды.
Ойын ережесі. Балалар көмбедегі белгіленген түзу сызықтың бойына қаз-қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде тұра ұмтылған балалар 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қай бұрын жеткені алып қашады. Қолында көкпары бар бала арасы бір шақырымдай екінші көмбеге бұрын жетуге тиіс. Сөйтіп көкпарды ешкімге бермей әкелсе, сол ойыншының ұтқаны. Бұл ойында көкпардың орнына бөрік немесе басқа бір затты қолданады.
Салт аттылар
Ойын көгалды алаңда не болмаса төсеніші бар спорт залда өтеді. Ең әуелі ойыншылар екі-екіден бөлініп жұп құрады. Бұл құрылған жұптардың өзі тең екі командаға бөлінеді. Ойынға ұлдар ғана қатысады.
Ойын ережесі. Ереже бойынша әр жұп бірінің-бірі мойнына мінеді де « салт аттылар » тобын құрайды. Себебі, күш сынасатын аттылардың астыңғысы « аттар » да мойында отырғандар « аттылар » болып саналады. Енді ойын басқарушының берген белгісімен ойын басталады.
Ортаға екі командадан бір-бір « салт-атты » шығады. Ойын шарты бойынша « аттылар » бір-бірін аттан түсіріп тастауы керек. Ойын барысында қай топтың « аттылары » көп құласа, сол команда жеңіліс табады. Соңынан ойын басқарушы жеңген топты жариялайды.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 66 бет.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 159-168 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 69-70 беттер
VIII – ші апта
8 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Өткен жадығаттарды жетілдіру. Күрес тәсілдерін қайталап шығу және осы тәсілдерге қарсы амалдарды үйрену.
Арқадан асырып лақтыру.
Қарсы амалдар : кеудемен лақтыру ; аяқтың басына көтеріліп арттан шалу.
Шалып лақтыру.
Арттан шалу.
Қарсы амалдар : арттан шалу, қолтығынан алып лақтыру, босанып шығу.
Алдынан шалу.
Қарсы амалдар : кеудемен лақтыру, арттан қағу, аяқтың басымен арттан шалу.
Қағып лақтыру
Қырынан қағып лақтыру.
Қарсы амалдар : қырынан қағу ; қарсыласы осы әдісті қолданғанда оның қағатын аяғынан аттап, өзіне тартып қалып, осы тәсілге салады.
Алдынан қағып лақтыру.
Қарсы амалдар : арттан шалу.
Еңкейіп, аяқпен көтеріп лақтыру
Қарсы амалдар : кеудеден асырып лақтыру.
Іліп лақтыру
Қарсы амалдар : іштен ілу, сырттан аяқпен көтеру, сырттан ілу, аттас аяғымен ілу, іштен көтеріп, жұлқып тепе-теңдігінен тайдыру.
« Қырқа » шалу
Иықтың сыртынан ұстап, « қырқа » шалу.
Қарсы амалдар : жеңінен және бүйірінен ұстап арттан шалып лақтыру ; қарсыласының қашықтау тұрған аяғын іліп тайдыру.
Кеудеден асырып лақтыру
Қолмен денеден ұстап, шалқалап лақтыру.
Қарсы амалдар : жеңінен және бүйірінен ұстап арттан шалып лақтыру ; қарсыласының қашықтау тұрған аяғын іліп тайдыру.
Орап лақтыру
Белбеуден және жеңнен ұстап орап лақтыру.
Қарсы амалдар : аяқпен көтермелеп, кеудеден асырып лақтыру ; кеудеден асырып лақтыру. Қарсыласты денесінен ұстап, шалқайып, оң аяғын дереу жазып, сол санымен шабуылдаушыны жоғары итереді де бір мезгілде қолдарымен артқа – жоғары, жоғары – солға қарай жұлқып, шалқая беріп, солға бұрылып барып, жауырынымен кілемге жығады. Өзінің оралған аяғымен қарсыласының сол аяғынан іліп құлатады.
Аяқпен көтермелеп лақтыру
Қарсы амалдар : іліп лақтыру ; қағып лақтыру.
Үйіріп лақтыру.
Қарсы амалдар : шалқалап лақтыру, іліп лақтыру.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 25-41 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 78-80 беттер
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 30-47 беттер.
XI – ші апта
9 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойын стратегиясы.
Ойын стратегиясы.
Бұл есеп ойыны, творчестволық ойын екенін естен шығармай, қалай болса солай бастап, отаудағы құмалақтарды мақсатсыз жүре беруден сақ болу керек. Жүріске мән бермеу ойынның сапасын төмендетеді, оның нәтижесіне, ойыншының көңіл-күйіне де кері әсерін тигізеді. Ойынға творчестволық тұрғыдан қарау қажет. Сонда ғана аса күрделі де, қызықты ойынның табиғатын терең түсінеміз.
Ойыннан шығатын нәтиже ең алдымен сайысқа түсіп отырған екі адамның ақыл-ойымен, творчестволық ізденімпаздығымен, тәжірибесімен тығыз байланысты. Сондықтан ойынды байыпты түрде бастап, әрбір жүрістің алдына белгілі мақсат қойып, қарсы жақты өздері жақсы білетін позицияларға тарта ойнау керек. Алға қойған мақсатты жүзеге асырудың жоспары болады. Осындай жоспарлы ойынның әрбір кезеңдеріне сай, жасалған тартыстың жалпы барысын, негізгі бағытын – стратегия деп атайды.
Яғни, стратегия « Тоғызқұмалақ » ойының негізгі принциптерімен, айла-тәсілдерімен де тығыз байланысты екен. Ал « тоғызқұмалақ » ойынын жаңадан үйренуші адам әрбір ойынды бірінші жүрістен бастап-ақ өзінің алдына айқын стратегиялық жоспар қойып ойнауды дағдыға айналдыру керек.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 54 бет.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 39 -40 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
X – ші апта
10 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. « Тоғызқұмалақ » ойынының тактикасы.
Ойын тактикасы.
Ойын тактикасы – деп, қолданылған жеке айла-тәсілдерді атайды.
Жалпы стратегия мен тактика бір-бірімен тығыз ұштасып, әрі бір-бірін толықтырып тұрады. Сондықтан ойын кезінде бірнеше тактикалық әдістерді қолдана біліп, стратегиялық жоспар құрған ойыншы тек спорттық нәтижеге ғана ие болып қоймастан, үлкен творчестволық өсу жолына түседі. Демек, талапкер « мүлдем жоспарсыз ойнағаннан, жаман болса да жоспар құрып ойнау жүз есе артық ! » деген қағиданы есте ұстауға тиіс.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 72 бет.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 32-34 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
XI – ші апта
11 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойын ережесі.
Ойын ережесі.
Ойын басында әр ойыншының тоғыз отауында әрқайсысы 9-дан, барлығы 81 құмалағы болады.
Ойынды солдан оңға қарай жүріспен кез келген отаудан бастауға болады. Ол үшін ойыншы ( ақ жағы яғни төменгі жағы ) жүріс жасалатын отауда бір құмалақ қана қалдырып, басқаларын түгелімен қолына алады да, келесі отаудан бастап, әрбір отауға өз жағының да, қарсыласының да жағына қолындағы құмалақтары біткенше бір-бірден салып шығады. Сонда ең соңғы салынған құмалақ қарсыласының ішінде тақ санды құмалағы бар кез келген отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса, ( 2.,4.,6.,8.,10 т.с.с ), бұл жүріс табысты болып саналып, сол отаудағы барлық құмалақтарды өзқазанына салып алады.
« Тоғызқұмалақ » ойынында қарсыластар алма-кезек жүріп отырады.
Егер жүріс кезінде ойыншылардың ең соңғы құмалағы қарсы жақтың кез келген бір отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар санын тақ жасаса ( 1., 3., 5.,7.,9.,11.,13 т.с.с. ), немесе, өз жағының отауларының біріне тақ-жұбына қарамай келіп түсіп жастса, жай жүріс жасалды деп саналып, ол отаудағы құмалақтар ешбір қазанға алынбайды.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 19-24 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 14-15 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
XII – ші апта
12 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. « Тоғызқұмалақ » ойынының ілімі.
Ойын ережесі.
« Тоғызқұмалақ » ойынының басталар алдында екі жақтың отауларында артық-кемі жоқ тоғыз-тоғыздан яғни әрқайсында 81 құмалақтан жатады да, екі жақтың күштері өзара тең болады. Құмалақтарды жүру арқылы біз отауда жатқан құмалақтардың күшін, сапасын өзгертіп отырамыз. Әрбір отауда жатқан құмалақтар бір-бірімен байланыста болса, олардың қорғанышы да сөзсіз мықты.
Отауда жатқан құмалақтардың күші олардың атқаратын міндетіне де байланысты. Сондықтан әрбір ойыншы, ойынның басынан-ақ әрбір жүрісінің алдына міндет қоюды үйреніп, ойынды қай жүрістен бастау керек екендігін, оның қолайлысын шешіп, отаудағы құмалақтарды ойынға дұрыс қатыстыра білуі қажет. Бұл, әрине, заңды нәрсе. Себебі, ойынды дұрыс бастау, оның орта, аяқ кезеңдерінің табысты, ұтымды ойналуына жағдай туғызады.
Тоғызқұмалақ ойынын үш кезеңге бөлуге болады.
а) ойынның басы ( дебит ) ;
ә) ортасы ;
б) аяқ шені.
Осы үш кезеңнің тәжірибе жүзінде тұрақталған көптеген заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтар « Тоғызқұмалақ » ойынының іліміне жатады. « Тоғызқұмалақ » ойынының ілімі - өзіміз талдаған « Тоғызқұмалақ » ойыны негіздерінің тікелей жалғасы. Ойын барысында кездесіп тұратын және көп жылдар бойы қалыптасқан ойналу жолдары, жүрістер тәртібін «Тоғызқұмалақ » ойынының ілімі деп түсіну керке. Демек, бұл ілім ойынның басынан аяғына дейін жазылып алынған жеңіске жеткізетін тиімді жүрістердің тізімі емес, ол талапкер білуге тиісті жол-жобалр.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 96-98 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 38-39 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
XIII – ші апта
13 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойын құралдары.
Ойын құралдары.
« Тоғызқұмалақ » ойынының арнаулы тақтасы болады , оны симметрия құрай , тең екіге бөліп , ағаштан ойып немесе пластмассадан құйып жасайды. Әр бетінде тоғыз-тоғыздан екі жаққа бөлініп орналастырған 18 отауы ( кесіндісі – трапеция сияқты өзекше ұя ) және екі жақта бір-бірден көлденең орналасқан құмалақ жинайтын қазаны бар. Ойын кезінде пайдаланылатын 162 құмалақ болады. Екі жақтың отаулары солдан оңға қарай сандармен белгіленеді. Әр отаудың өзінің аты бар. Мысалы : белбасар, қаңдықақпақ, көкмойын т.б. Бұл отауларда тұздық жасай алған ойыншының артықшылығы болады, өйткені жүрістің көпшілігі осы отаулар арқылы өтеді. Сондай-ақ, таңдық және көпшілік аталатын отауларға құмалақты көп жинаудан аулақ болуы керек, өйткені ол отауларды қарсы жақ ұдайы шабуылдап отырады.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 15-19 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 14-15 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
XIV – ші апта
14 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойынды жазып жүру тәртібі.
Ойынды жазып жүру тәртібі.
Жүрісті жазу үшін, ең алдымен, жүріс жасалатын отаудың рет санын, оның қасына сол отауда жатқан құмалақтың санын көрсетіп цифр жазылады. Мәселен, 39 – үшінші отауда 9 құмалақ бар деген сөз. 315 – үшінші отауда 15 құмалақ бар деген сөз. 712 – жетінші отауда 12 құмалақ бар деген сөз. 11 – бірінші отауда 1 құмалақ бар деген сөз. т.с.с. Бұдан кейін жүріс жасау белгілері – сызықша (– ) немесе қос нүкте ( : ) қойылады да, соңғы құмалақ барып түскен отаудың рет саны мен сол отаудағы құмалақ санының қанша болғанын көрсетіп цифр жазылады. Ойын кезінде 39-215 деген жазу жазылды дейік. Яғни тоғыз құмалағы бар үшінші отаудан жүріс жасалып, қарсыласының 14 құмалағы бар екінші отауына түседі де, құмалақ санын 15-ке жеткізеді. Бұл жай жүріс. Ойын кезінде 412 : 614 деген жазу болады. Яғни 12 құмалағы бар төртінші отаудан жасалған жүріс қарсыласының 13 құмалағы бар алтыншы отауына жетеді де, құмалақ санын 14-ке жеткізіп, ол құмалақтарды ұтып алады. Міне, осындай жүрісте қос нүкте ( : ) қойылады.
Ойын кезінде « тұздық » алынса, Х белгісі қойылады. Мысалы, 513 : 83 Х ( 5-отауда жатқан 13 құмалақтарды жүріп, қарсыласының 8-отаудағы құмалақтарды үшеу етіп, тұздық алғандықтан жазылады ). Егер ойын барысында жүрістің соңғы құмалағы « тұздық » алынған отауға тап келсе, отаудың рет санынан кейін тағы да Х белгісі жазылады. Мысалы, 414-8Х. Яғни, төртінші отаудан жүрген жүріс « тұздық » алынған сегізінші отауға тап келді деген сөз.
« Тоғызқұмалақ » партияларын жазғанда мынадай негізгі шартты белгілер пайдалану керек :
– жай жүріс ;
: – табысты жүріс ;
Х – « тұздық » белгісі ;
! – күшті жүріс ;
!! – өте күшті жүріс ;
? – әлсіз жүріс ;
?? – өте әлсіз жүріс ;
00 – қайда жүрсе де, басқа жүріс жүрсе де бәрі бір деген ұғымды береді.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 29-32 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 26-30 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
XV – ші апта
15 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
Комбинация жасау.
Комбинация жасау.
Ойынның басталуы да, өрбуі де қарсы жақтар үшін ойдағыдай өтіп жатады. Төніп тұрған қауіп те білінбейді. Ал бір сәт ойыншы екінші қарсыласының өте күшті жүрісінен соң құтылуға жол таппай, аңтарылып қалады. Мұнан соң қарсыласының әр жүрісі тақтадағы позицияларды өзгертіп, күштердің ара салмағын да өз жағына бұрып алады. Міне, комбинациялық жүріс дегеніміз осы. Ал екінші ойыншы : « Менің тақтадағы жағдайым жақсы еді, комбинацияны байқамай қалдым.... » деп өкінеді. Міне, комбинацияның күші де осында. Ол аңысын-аңдап тап береді.
Осы айтылғандай, комбинация жоқ жерден тумайды. Бұл есептеу ойынының заңды өріс алуы.
Тактикалық тәсілдердің ішіндегі ең күрделісі және маңыздысы да осы комбинация жасау болып табылады. Комбинация дегеніміз – көздеген мақсатқа жылдам жеткізетін бірнеше ойлы жүрістердің нәтижесі.
Комбинация екі кезеңнен тұрады.
1. Әзірлік кезеңі. Бұл кезеңде комбинацияны жасауға қажетті позиция дайындалады немесе тақтадағы дайын позициядан комбинацияның жолдары іздестіріледі.
2. Мақсатқа жету кезеңі.Бұл кезеңде мақсатқа жету үшін ойын барысындағы тактикалық тәсілдерді ( « байлау », « айырбастау » ) қолдана отырып, қарсы жақтың немесе жағының отауларында жатқан құмалақтардың санын өзгерту қажет. Бұл әрекет көбінесе отауда жатқан құмалақтарды беру арқылы жүзеге асады. Белгілі бір отауда жатқан құмалақтарды жеуге берген кезде отаулардағы құмалақтардың саны өзгереді, осыдан барып комбинация жасауға қолайлы жағдай туады.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 79-92 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 46-47., 60-62 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
8. Типтік есептеулер, курстық жобалар бойынша әдістемелік нұсқаулар
Бұл пән бойынша мұндай жұмыстар қарастырылмаған.
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
I-ші апта
1 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Ұлттық спорт түрі « қазақша күрестің техникасы және әдістемесі » тақырыбына реферат жазу және қорғау.
II -ші апта
2 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Қазақстандағы ұлттық күрестің даму тарихы.
III-ші апта.
3 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Қазақша күрес шеберлерінің республикалық және ірі халықаралық жарыстарға қатынасулары мен жеңістері.
IV –ші апта.
4 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
Қазақша күрестен жарысқа қатысушыларға ережелерге сәйкес қойылатын негізгі талаптар.
V – ші апта.
5 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Палуандардың қимылдап жүріп күшті дамыту әдістеме негіздері.
VI – шы апта.
6 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Палуандардың иілгіштігін дамыту әдістеме негіздері.
VII – ші апта.
7 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Палуандардың ептілігін дамыту әдістеме негіздері.
VIII – ші апта
8 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Палуандардың төзімділігін дамыту әдістеме негіздері.
XI – ші апта
9 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Ұлттық спорт түрі « тоғызқұмалақ » ойынының даму тарихы тақырыбына реферат жазу және қорғау.
X – ші апта
10 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Ұлттық спорт түрі « тоғызқұмалақ » шеберлерінің республикалық және ірі халықаралық жарыстарға қатынасулары мен жеңістері.
XI – ші апта
11 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Ойын және математика.
XII – ші апта
12 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. Ойын және компьютер.
XIII – ші апта
13 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. « Тоғызқұмалақ – ертедегі ойын » тақырыбына реферат жазу және қорғау.
XIV – ші апта
14 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. « Тоғыз құмалақ ойынның ілімі » тақырыбына реферат жазу және қорғау.
XV – ші апта
15 кредит сағат
СӨЖ мазмұны :
1. « Ұлттық спорт түрілері және ойындары » тақырыбына реферат жазу және қорғау.
10. Оқу, өндірістік және дипломалды практикадан өту бойынша әдістемелік нұсқаулар
Бұл пән бойынша мұндай жұмыстар қарастырылмаған.
11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Курс бойынша бағалау дәріс және практикалық сабақтар кезіндегі өтілген материалдарды дәрежесіне, үй тапсырмаларын орындау сапасына, емтихан кезінде әрбір тақырыпты меңгеру дәрежесіне байланысты қалыптасады. Әрбір тақырып материалын толық қабылдап, түсініп білсе, көрсеткіштерді есептеу әдісін және есептерді шешуде формуланы қолдана білсе, жұмыстың барлық түріне ең жоғарғы баға қойлады.
Барлық бұл талаптарды орындау үшін сабақтарға міндетті түрде қатысу қажет. Оқытушының сабақ жүргізуіне әңгімемен, тәртібімен кедергі жасаған студенттер аудиториядан шығарылады. Курс материалын меңгеру үшін әрбір студенттің кітапхана қорымен жеке жұмыс жасауы қажет, яғни курстың көлемділігіне байланысты, есептер шешу және коллоквиум жүргізу кезінде талап етілген материалды жете меңгеру үшін оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді қосымша өз бетімен қолдана білуі қажет. Білімдерін ағымдық бақылау сұрақтар мен есептерден құралған тест тапсырмалары түрінде жүзеге асырылады.
Бағалау саясаты
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7 аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 баллдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелері шығарылады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау баллдарының сомасы көрсетіледі.
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:
№
|
«Статистика» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Апта
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Дәріске қатысу
|
0,7
|
10,5
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Үй тапсырмасы
|
0,5
|
7,5
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+3
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі
|
0,8
|
12
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
4
|
Коллоквиум
|
15
|
30
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
...
|
т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7 және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Емтиханға дайындық сұрақтары.
1. Жарыс өткізу үшін керекті құжаттарды атаңыз.
2. Арқадан асырып лақтыру әдісін түсіндіріңіз.
3. Қазақша күрестегі төрешінің міндеттерін атаңыз.
4. Жарысқа қатысар алдынғы қатысуға керекті іс қағаздары атаңыз.
5. Күреске керекті киімдер қандай болады.
6. Шалып лақтыру әдісін түсіндіріңіз.
7. Бас төрешінің міндетерін атаңыз.
8. «Кеудеден асырып лақтыру » әдісін үйрету жолдары
9. Палуаннын жеке басының тазалығы
10. Көпжылдық әзірлік дегеніміз не ?
11. Қапталдағы төрешінің міндеті.
12. Күрес сабағының өткізу кезінде пайда болатын қабілет және әдет.
13. Ескерту және жазалау
14. Жарысты ұйымдастыру және өткізу
15. «Іштен шалу» әдісін үйрету жолдары
16. Жарысқа әзірлену кезіндегі массаждын атқаратын орны
17. Дәрігердің жарыстағы міндеті
18. Іштен орау әдісін үйрету тәсілі
19. Команда жайықтырушысың міндеті
20. Кілем размері
21. Жарысты өткізу және ұйымдастыру тәсілдері
22. Тазалық гигиена дегенеміз не?
23. Мектепте күрес сабағын ұйысдастыру жолдары
24. Тазалық гигиенасы дегенде қалай түсінесіз
25. Әділқазылар алқасын міндеттерін айтыныз
26. Қазақша күрестің атасы кім?
27. Қанша ескертуден кейін палуан белдесуден шеттеледі
28. Орал қаласында қанша халықаралық төреші бар (күрестен )
29. Ойынды қалай бастау керек ?
30. Қай жүріске және не үшін артықшылық беру қаралған ?
31. Тақтадағы құмалақтарды отауларда қалай орналастыруға тырысу керек ?
32. Аиналмалы әдіспен хаттама жұргізу.
33. Ойынның басында ғана ма, әлде ойынның соңына дейін үздіксіз есептеп отыру қажет пе ?
34. Комбинация дегеніміз не ?
35. Комбинация шынында да жоқ жерден туындайды ма ?
36. Комбинациялардың қанша түрі болады ?
37. Комбинация қандай кезеңдерден тұрады ?
12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). Бұл пән бойынша мұндай жұмыстар қарастырылмаған.
13. Арнайы аудиториялардың тізімі.
№ 7 оқу ғимараты, спорттық зал
Достарыңызбен бөлісу: |