Практикалық сабақтың мазмұны :
1. Палуандардың техникалық және тактикалық жеке сапаларын жетілдіру ; қарсыластың тапсырмасы бойынша жұпта жұмыс жасау ( тапсырма бойынша күресуге ұқсас )
2. Жай 2-3 минуттық күрес. Жіберілген қателіктерді түзеу арқылы өткізілген күресті талдау.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 99-100 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 299-302 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 80-81 беттер
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-47 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Өткен жадығаттарды жетілдіру. Күрес тәсілдерін қайталап шығу және осы тәсілдерге қарсы амалдарды үйрену.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 25-41 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 78-80 беттер
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 30-47 беттер.
СӨЖ мазмұны :
1. Палуандардың төзімділігін дамыту әдістеме негіздері.
XI – ші апта
9 кредит сағат
№ 9 дәріс
Тақырыбы:Қазақша күрес үйрету методикасы.
Қазақша күреске оқытып үйрету оқытушылар мен үйретушілердін қызметіне салды. Жаттығу процесі арқылы оқушылардың білімді игеруіне, дағды алуына жағдай жасалады, олардын көзқарасы қалыптасып, одан әрі руына қабілеті артады. Қазақша күреске үйретудің де тәрбиелік мәні бар. Палуанды оқытып, шеберлігін шыңдауда, тәрбиелеуде ұстау жетекші орын алады. Үйрете жүріп ол жас спортшыны коммунистік рухта тәрбиелейді. Жаттықтырушы оның советтік патриотизм, еңбек сүйгіштік, социалистік Отанға берілгендік, жігерін жанады, батыл өжет, табанды болуға үйретеді, принципшіл, қиындыққа төзімді, қарапайым болуға көмектеседі.
Жаттықтырушы палуандардың саналы тәртәптә болып, спорттың режимді сақтауын талап етеді. Ол қазақша күрес жөніндегі оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын семьямен, мектеппен, партия және комсомол ұйымдармен тығыз байланыс жасай отырып істейді.
Жаттығу процесі меңгерілетін материалдардың ерекшеліктеріне, оның мақсаты мен міндетіне, оқытушылардың жасы мен квалификациясына сай келетін арнаулы методикалық амалдар қолданыла отырып, педагогикалық негізінде жүргізіледі.
Жаттығу мақсаты мен міндеті:
Қазақша күрестегі оқу жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты – спорттызң
Көрсеткіштері жоғары моральдың қасиеттері биік, Отанын қорғауға әзір спортшыны даярлау. Палуандардың жасына және даярлық дәрежесіне қарай оқыту мақсаты нақтылана түсіп, белгілі бағытта болуы мүмкін, мысалы, қазақша күрестен разряды бар спортшылар, жаттықтырушылар немесе төрешілер даярлау. Бұл мақсатқа жету үшін даярлық кезінде мынадай міндеттер орындалады: денсаулықты нығайту, ерік күшін тәрбиелеу және физикалық даярлық, қазақша күрес жөніндегі теориялық білімді игеру, техника мен тактиканы игеру, төрешілік етуді үйрену т.б.
Жаттығу принциптері: Қазақша күреске үйреткен кезде жаттықтырушы саналық, белсенділік, ұдайылық, көрнектілік, түсініктілік, білімді терен меңгеру сияқты дидактикалық принциптерді пайдаланады.
Жаттығу мақсаты мен міндеті: Қазақша күрестегі оқу – жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты – спорттық көрсеткіштері жоғары моральдық қасиеттері биік, Отанын қорғауға әзір спортшы даярлау. Палуандардың жасына және даярлық дәрежесіне қарай оқыту мақсаты нақтылана түсіп, белгілі бағытта болуы мүмкін, мысалы, қазақша күрестен разряды бар спортшылар, жаттықтырушылар немесе төрешілер даярлау. Бұл мақсатқа жету үшін даярлық кезінде мынадай міндеттер орындалады: денсаулықты нығайту, ерік күшін тәрбиелеу және физикалық даярлық, қазақша күрес жөніндегі теориялық білімді игеру, техника мен тактиканы игеру, төрешілік етуді үйрену т.б.
Жаттығу принциптері: Қазақша күреске үйреткен кезде жаттықтырушы саналық, белсенділік, ұдайылық, көрнектілік, түсініктілік, білімді терең меңгеру сияқты дидактикалық принциптерді пайдаланады.
Саналылық:
Қазақша күресті оқыту жемісті болу үшін онымен айналысам деушілер оған міндетті түрде қызығуы керек. Сондықтан жаттықтырушы жаттығу процесінде әрбір спортшы саналы түрде, әрі белсенді қатысатындай етіп өткізуі тиіс. Бұл үшін олардың алдына міндет қойып, оны орындағанда не нәрсеге қол жететіндігін түсіндіру керек. Әдістерді үйреткенде оның қашан және қандай жағдайда орындалуы мүмкін екендігін, оны орындағанда не нәрсеге қол жететіндігін түсіндіру керек. Әдістерді үйреткенде оның қашан және қандай жағдайда орындалуы мүмкін екендігін, оны орындағанда қандай нәтижеге жетуге болатындығын айтуы қажет. Сонымен қатар спортшының алдына қойылған міндетті қайткенде орындап шыға алатындығын көрсетіп беруі керек.
Оқыту әдістері
Оқыту әдістері дегеніміз жаттығушылардың алдарына қойған міндеттерін
ұстаздың орындатқыза алатын жолдары. Палуанға әдісті орындауына көмектесуге және оның ақырғы нәтижеге жетуіне ықпал етуіне бағытталған оқытушының әрекеттері методикалық амалдар деп аталады. Оқу процесін ұйымдастырғанда оқытушы сөзбен жеткізу, көрсету, жаттығу, ойын әдістерін қолданады. Бұл әдістер жеке-жеке барлық жағдайда да қолайлы бола бермейді, сондықтан оқытушы оларды ұштастырып пайдаланады. Қай әдісті таңдап алу оқу материалының мазмұнына (теориялық немесе практикалық) педагогикалық міндетке (үйрену немесе жетілдіру) палуанның даярлық дәрежесіне (жаңа бастап жүрген немесе разряды бар) оқудың жағдайына байланысты.
Сөзбен жеткізу. Лекция, әңгімелесу, түсіндіру, қазақша күреске ауызша оқытудың негізгі түрлері болып табылады.
Лекция.
Қазақша күрес программасының теориялық материалдарының маңызды тақырыптарын ауызша баяндау үшін қолданылады. Белгілі бір тақырыпқа лекция оқу үшін жоспар жасалады: түсіндірілетін негізгі мәселелер белгіленеді, лекцияның тезисі – палуандарға айтылатын негізгі мәселелер мен ойлардың қысқаша анықтамасы жасалады. Лекциянын басында негізгі ойлар айтылынып, оларды оқушылардын жазып алуларына мүмкіндік беріледі. Лекциянын соңында айтылған ойлар мен мәселелер тұжырымдалып, осы тақырыпты палуандар терең оқып-үйрене алуы үшін қажетті әдебиеттін тізімі беріледі.
Көрсету әдістері.
Қазақша күрес әдістерін көрсету үшін спортшыларды пайдаланады. Бір жағдайда ұстаз қандай да болмасын әдістің қалай орындалатындығын өзі көрсетсе екінші жағдайда жаттығушының өзі арқылы көрсетіп, оны орындауды денесімен сезуіне мүмкіндік береді. Мұндай көрсету техникалық жағынан палуан әдіс туралы толық түсінік алғаннан кейін онынан жақты оқып, үйреніп, жетілдіре түсуге кірісуіне болады.
3. Әдістерді күрес жөніндегі әдебиеттерден оқып үйренуге, қазақша күрестен өткен жарыстарда қарап білуге болады. Бұл кезде палуандар әдіс жөнінде түсінік алады. Сонымен қатар палуандар өздері үйреніп жатқан әдістерге саналылықпен қарау үшін оларды бұның алдындағы сабақтарда үйреніп, жетілдірген таныс әрекеттерменг байланыстырып отыру қажет.
Еліктеу жаттығулары мыналар деп есептеуге болады: тіке тұрған кезде аяқты оңға әрі алға қарай созып, кеудемен құлау.
Бір әдісте бірнеше үйлесімді қимылдар жасауға тұра келетін жағдайда ол әдіс бөліп-бөліп (элементтері бойынша) үйретіледі.
№ 9 практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы :
Ұстасу және арақашықтық сақтау.
Практикалық сабақтың мазмұны :
1.Ұстасудың алдындағы арақашықтық.
2. Алыс арақашықтық.
3. Орта арақашықтық.
4.Жақын арақашықтық.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 56-72 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 41 бет.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойын стратегиясы.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 54 бет.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 39 -40 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
СӨЖ мазмұны :
1. Ұлттық спорт түрі « тоғызқұмалақ » ойынының даму тарихы тақырыбына реферат жазу және қорғау.
X – ші апта
10 кредит сағат
№ 10 дәріс
Тақырыбы: Балаларды және жасөспірімдерді жаттықтырудың ерекшеліктері
Қазақша күрестен жеткіншектер 12 жасынан бастап айналыса алады. Бұл олардың организмі мақтан өсетін кезі және оргондарды жеке-жеке емес, барлығы бірдей бірыңғай процесс ретінде дамиды.
Күреспен айналысатын жасөспірімдерді төрт топқа бөлген дұрыс болатындығын практика көрсетті. Ол топтар жеткіншектер – 12-13 жас, жасөспірімдер 12 - 13 жас, жасөспірімдер кішіректері 14 - 15, жасөспірімдер ересектері 16-17 жас.
12 – 17 жастың арасы жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілген уақыты. Ал 12 – 15 жас арасында жасөспірімдердің бойы мықтап өседі, ол бір жылда 10 сантиметрге дейін жетеді. Бірақ буындары мен сүйектері әлі де әбден жетіліп қатаймайды. Осы ерекшеліктерді ескеріп, жасөспірімдердің күші мен икемділігін арттыратын жаттығуларды аса сақтықпен жасату қажет. 16-17-де баяулайды да жылына 2-3 сантиметр ғана болады. Сүйектерінің ұзынынан өсуінің баяулап, олардың қатая бастауы едәуір салмақ түсетін жаттығуларды да орындауға кірісе беруге мүмкіндік туғызады. Бұлшық ет тканьдері де мықтап өсіп, 15 жасқа толғанда жалпы салмағының 30-35 процентіне дейін жетеді. Сондықтан 15 жасынан бастап біртіндеп спортшының күшін арттыратын жаттығулар жасата бастауға рұқсат етіледі. 16 - 17 жаста бұлшық ет жалпы салмағының 40 - 45 процентіне жетеді. Осыған байланысты жан - жақты дайындықты сынайтын күрес техникасын үйрену басталады.
Спортшылар мына қағидаларды әрқашан білуге тиіс:
белдесу кезінде бір кілемнің үстіне бірнеше жұптың бірдей күресуіне рұқсат етілмейді;
үсті-басы кір және терісінде жарасы бар палуандар жаттығуға жіберілмейді;
салмағы мен разрядына үлкен айырмашылығы бар спортшылардың екеуара белдесуіне, бәсекелесуіне рұқсат етілмейді.
аяқ киімсіз немесе тақасы бар аяқ киіммен сабаққа қатысуға тиым салынады;
дене қалпын сақтап қалу техникасына және әсіресе, акробатикалық жаттығуларды үйренген кезде бір жерін зақымдап алмайтындай басып құлауға үйренгенше күрделі жаттығуларды жасамайды;
спортшының мойнын қатайтатын арнайы жаттығуларға ерекше көңіл аударып, оларды жаттығу сабақтарына енгізеді және массажды қолданады;
спортшы өзінің жаттығу киімдерін таза ұстауға, тырнақтарын алып жүруге, кілемге шыққанда аяғын сүртіп жүруге міндетті;
спортшыларға сабақтарға арнайы аяқ киіммен ғана қатысуға рұқсат етіледі. Күрес әдістерін тек бойжазбадан кейін ғана үйрене бастауға болады. Бұл кезде тек бір бағытта ғана (кілемнің арқасынан шетіне қарай) қозғалуға рұқсат етіледі;
қорғану және қарсы амал жасау әдістерін үйренген кезде жаттығушылар кілемге құлағанда қолын созбауды үнемі есте ұстауға тиіс;
қазақша күрестің әдістерін орындағанда спортшыларға бірге жаттығып жүрген палуанмен қосарлана құлау қажеттігі міндетті;
қарсыласын құшақтап ұстағанда саусақтарын айқастыруға тиым салынды.
№ 10 практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы :
Тепетеңдіктен шығару әдістері.
Практикалық сабақтың мазмұны :
1. Жұлқу әдісі.
2. Тарту әдісі.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 72-78 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 41-42 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. « Тоғызқұмалақ » ойынының тактикасы.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 72 бет.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 32-34 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
СӨЖ мазмұны :
1. Ұлттық спорт түрі « тоғызқұмалақ » шеберлерінің республикалық және ірі халықаралық жарыстарға қатынасулары мен жеңістері.
XI – ші апта
11 кредит сағат
№ 11 дәріс
Тақырыбы: Жас палуандармен тәрбие жұмысы
Балалармен жаттығу өткізудің өзіндік ерекшеліктері мол, сондықтанда
балалармен айналысатын ұстаздар олардың физиологиялық, анатономиялық, психологиялық өзгешіліктерін жақсы білуге тиіс. Мұнда бір ескеретін нәрсе 12 - 15 жасар жеткіншектерде қосу процесі тежелу процесінен басым болады.
16 - 17 жасар жасөспірімдердің орталық жүйке жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырайды, олар ұстамдырақ, салмақтырақ болады және санасы өседі. Бұл оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді оңайлатады. Жасөспірімдердің осы айтылған ерекшеліктерін ескерген жағдайда мұның өзі жаттықтырушыларға палуандарды жақсы даярлауға ғана көмектесіп қоймай, олардың организмін қалыптан тыс өзгерістерге ұшыратпауға да әсер етеді.
Жасөспірімдерді қазақша күреске үйретіп, жаттықтыру балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бекітілген программаларына сәйкес жүргізіледі.
Қалай оқытқан күнде де жастарға күреспен айналысудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, оған жетудің жолдары мен амалдарын көрсетіп кемшіліктер мен табыстардың сырын талдап ашып, көмектесіп отыру қажет. Мысалы, жаттықтырушы спортшының алдына қандай болмасын әдістің техникасын үйренуді жақын арадағы міндет ретінде қойып, оның не үшін қажет екендігін түсіндіреді. Белгілі бір уақыт ішінде бұл әдісті жетік меңгеріп, спортшы көңіліне қанағат табады, ал мұның өзі оны спортпен әрі қарай айналыса беруге ынталандырады. Жастар ересектерге қарағанда қолынан келмеген нәрсеге қаттырақ қапаланар. Сондықтан жаттықтырушының мұндай фактіге аса зейін қойғаны жөн. Сонымен қатар, жастар, әсіресе жеткіншектер көрген нәрсесін ұмытпай әрі тез және дұрыс игеріп кете алатын болғандықтан, оларға күрес әдісін көрсету амалын көбірек қолданған дұрыс. Жаттықтырушы жекелеген жастар организмінің ерекшеліктерін ескеруі керек, өйткені олардың орындайтын жаттығулары өздерінің дайындығына, мүмкіндіктеріне сай келгенде ғана пайдалы болады.
Қазақша күреске үйрету методикасының негізгі талабы сабаққа үзбей қатынасу болып табылады. Тек сонда ғана күреспен айналысу жас спортшының мүсінінің сымбаттылығын, денсаулығының жақсарып, көрсеткіштерінің өсуіне тікелей әсер етеді.
Жас кезінде жан-жақты даярлықтан өтудің үлкен маңызы бар. Мұның өзі денесініңтік болып қалыптасуына, әрқилы жағынан жетілуге, техникалық тәсілдерді меңгеріп алуға, бұрынғы нашар дамыған қасиеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Ал жасөспірімдердің төзімділігін арттырған жағдайда оларға түсетін күшті бірте-бірте көбейте отырып, жылдың аяғында жас спортшы орташа қарқынмен ортасына бір минут үзіліс жасап 4 минут бойынша шаршамай жаттыға алатындай дәрежеге жеткізу керек. Ересектеу жасөспірімдер шаршамай 4 минуттан 2 айқас өткізе алатындай болуы тиіс. Палуандардың ептілігімен шапшаңдығын арттыру үшін әрбір сабақта тиісті жаттығуларды жасата беру керек, өйткені бұл қасиеттерді тәрбиелеу өте қиын. Ал спортшының қайраты күш жұмсап шапшаң орындалатын жаттығулар есебінен арттырылуы тиіс. Қайратын көбейтуді тездетуге тырысып, көп күш жұмсауды қажет ететін жаттығуларды жиі орындау спортшының шапшаңдығына нұсқап келтіретіндігін ұмытуға болмайды. Әсіресе, жастардың төзімділігін арттырғанда аса сақ болған жөн. Бұл үшін оларға орташа салмақ түсетіндей жаттығуларды бөліп – бөліп жасату немесе жиірек үзіліс беріп оқу – жаттығу айқасын өткізу керек. Олар жаттыға түскен сайын демалыс уақытын азайтып, ал күрес уақытын көбейте берген жөн. Оқытушының басты міндеттерінің бірі – жаттығушылардың шамасы жететін жаттығуларды іріктеп алу.
Жасөспірімдерді күреске үйреткенде алуымен ұстасу, босату сияқты спорттың осы түріне дағдылануға арналған жаттығуларды жасатудан бастайды. Сонымен қатар оларды тактикалық жағынан даярлаудың үлкен маңызы бар. Күрес олар үшін ойын іспетті. Ұстаз жаттығу шартын бірте-бірте қиындата отырып, олардың шеберлік деңгейін өсіреді. Бұл жаста сонымен қатар техниканың даярлыққа ерекше көңіл бөлінеді: үйренген әрбір амалдың 1 - 3 тактикалық варианты болады.
Жарыстыру жастарды қазақша күреске үйретудің ең ұтымды жолы. Бұл әдістің кім алысқа лақтырады, кім дәлірек лақтырады, кім шапшаңырақ жетеді деген сияқты түрлері өте көп. Сондай-ақ ГТО нормасын тапсыру кезінде де жеңіл шығу немесе жүлделі орын алу үшін айқас өткізілгенде де пайдалануы мүмкін.
Жастар қатысатын жарыстарды жоғары ұйымшылдықпен және мәдениетті дәрежеде өткізу керек. Сондай-ақ жарыс кезінде шамадан тыс күш жұмсалмады, қақтығыс болмауы тиіс, оның жолдастық жағдайда өткені дұрыс. Жарыстың осылайша жақсы ұйымдастырылып, ретімен уақытында өтуі жастарды дұрыс тәрбиелеуге көмектесіп олардың күреске деген ынтасын арттыра түседі.
Жан-жақты және техникалық даярлығы жақсы жекелеген жас спортшыларды ресми жарыстарға балалар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің программасында көрсетілген мерзімнен бұрынырақ қатынастыра беруге болатындығын практика көрсетіп жүр. Бұл арада да ескеретін жайлар бар. Жарыс кезіндегі белдесулер басқа кездегі күрестерден ауырлау болады, өйткені палуанды белдесу кезінде әсіресе оған дейін алаңдататын жәйттар көп, олар: көрермендер, төрешілер, салтанатты жағдай т.б. Мұндай жағдай спортшының жүйкесіне әсер етеді. Сондықтан ресми жарыстарда да жасөспірімдерді бірте-бірте даярлап баулыған жөн.
Мына жайға да елеулі көңіл бөлген жөн. Күреспен жаңадан айналысып жүрген жасөспірімдер қазақша күреспен жарыс өткен кезде орап лақтыру, көтеріп лақтыру, белбеуден ұстап арқадан асырып лақтыру сияқты қауіпті әдістерді орындайды. Ал мұндай әдістер күреспен айналысудың тіпті екінші жылының программасында да көзделмеген. Сондықтан бұл әдістерді енді ғана күреспен айналысып жүрген, жан – жақты даярлығы әлі толыспаған жастарға қолдануға рұқсат етпеу керек.
Жастардың арасындағы жарыстарда мұндай қауіпті әдістерді пайдалану – кейбір оқытушылардың разряды бар спортшыларды даярлау жоспарын тезірек орындап шығуға ұмтылып, оларға жеңіске жетуді қамтамасыз ететін ұтымды әдістерді үйретуінің нәтижесі. Мұндай амалды зиянды деп есептеу керек, өйткені аз ғана әдісті игеру спортшының бұдан әрі шеберлігін жетілдіре түсуге кепілін тигізеді.
Жасөспірімдердің кішіректеу тобы үшін 1,5 айда бір реттен артық жарыс өткізілмеуі тиіс. Ересектеу жасөспірімдер тобындағылардың жылына 4-5 жарысқа қатысуына болады. Жасөспірімдердің кішіректеу тобы мен ересектеу тобы үшін жарыс бөлек-бөлек өткізілуі керек.
Жаңадан үйреніп жүрген палуандар жарысын өткізу үшін арнайы дайындық керек. Кішіректеу жасөспірімдерді жарысқа дайындағанда оларға салмағын кемітуге үзілді – кесілді тыйым салынатындығын ерекше атап көрсеткен жөн. Өйткені салмағын жасанды жолмен азайту жеткілікті мөлшерде қоректік заттарды керек ететін өсіп келсе жатқан жас организмге өте зиянды. Сондықтан салмағын азайтқанда болатын қолайсыз жайлар жөнінде жаттығушыларға түсінік беріп отыру керек. Жасөспірімдерді салмағын азайтуға итермелейтін жаттықтырушының қылығын көпшілік айтпауы тиіс. Тек ересектеу жасөспірімдерді ғана 1-2 килограмм шамасында салмағын азайтуға болады.
Қазіргі кезде ересектеу жасөспірімдерге арнап қазақша күрестен ведомство аралық жарыстар өткізу белгіленген. Сондықтан бұл арадағы міндет – оған мұқият дайындалу. Мұндай кездесулерге талантты палуандарды іріктеп алу қажет.
2. Тәрбие міндетін табыспен шешу үшін оқытушы өзінің шәкірттерін, атап айтқанда, олардың мінезін, әлсіз және күшті жақтарын, еңбек және тұрмыс жағдайын, үлгірімін т.б. білуге тиіс. Ұстазы оқушыларын неғұрлым жақсы білетін болса, оның тәрбиелеу амалдары мен әдістері соғұрлым ұтымдырақ болады. Ұйымшыл, тату коллективте жаттықтырушыға спортшыларды тәрбиелеуге үлкен көмегін тигізе алады. Сондықтан ол әуел бастан-ақ алдына қойған қандай мақсатты да орындауға жәрдемдесе алатын осындай коллектив құруға ұмтылуы тиіс. Тату, ұйымшыл, мықты коллектив құруға оның мүшелерінің өзара жақсы қарым – қатынаста болуының да үлкен маңызы бар.
Егер кінәлі болған жасөспірім түзелем деп уәде берген болса, оның сөзінде қалай тұратынын байқап жүру керек. Бірақ оны мезі етуге болмайды. Кінәлі болған палуанға сезіктеніп қарай берсе, ол да сескеншіл болып, коллективтен бойын аулақ салады. Ал мұның өзі онымен оқу – спорт және тәрбие жұмысын жүргізуді қиындатады.
Коллектив мүшелерінің бір - біріне сергек қарап, көмектесуге әзір тұруы, біреу кінәлі болып қалса, оның қиын жағдайына ортақсатуға тырысуы ондай спортшының өзіне - өзі келіп, жаман мінезінен арылып, қатарға тез қосылып кетуіне ықпалын тигізеді.
Қарапайымдылық – жас спортшының аса жақсы қасиеті болып есептеледі. Ол өзіне жоғары талап қоя білуге негізделген. Бірақ қарапайымдылық, ұялшақтық, өз күшіне сенімсіздік емес. Қарапайымдылық енжарлық та емес, ол белсенділік, сабаққа творчестволықпен қарау т.б.
Коллективтің ынтымақшыл болуына активтің де көмегі мол. Жаттығып жүргендер ішінен секцияның бюросы, редакциялық коллегия сайланады. Осы активтің айналасына бүкіл коллектив топтасады. Сондықтан активтің коллекивтік қалыптасуына ықпалы оның дұрыс, ойланып сайлануына байланысты. Егер коллективте тәртіп бұзғандар болса, оның түзелуіне ең ұтымды әсер ететіндей шараны таңдап алу керек. Тәрбие мақсатында жаттықтырушы ескерту жасайды, сөгіс жариялайды, сабақтан шығарып жібереді, бірсыпыра уақыт сабаққа, жарысқа қатысуға тыйым салады және ең соңғы шара ретінде секциядан шығарып жібереді.
Жасөспірім өзінің кінәсін сезініп, оны түзетуге шын ұмтылғанда ғана оған қолданған шарадан нәтиже шығады. Сондықтан шара қолданып қана қоймай, сонымен бірге қатесін түсіндіріп, олай жасаған дұрыс болмайтындығына сендіру керек.
Сендіру тәрбиесі жұмысында кеңінен пайдалануы тиіс. Оқытушы тәрбие жұмысында шара қолдануға мәжбүр болғанымен негізінен жақсы үлгіге көбірек көңіл аударуы керек. Ынталандырып, жаттығушыны ілгері ұмтылдыра түсу мақсатында мақұлдап өту ғана жөн. Сонда мысалы, «солай», «дұрыс», «жарайсыз», «алғыс жариялаймын» деген сөздер арқылы жас спортшыны мақтап отырады. Ал ең соңында грамота, белгі, кубок сияқты наградалар тапсырылады. Ынталандырудың бір түрі ретінде жасөспірімнің суретін коллективтегі ең жақсы спортшылардың суреті ілінген тақтаға ілуге де болады.
Тәрбиенің бір түрі кейде бірнеше нәтиже беруі мүмкін. Мысалы, жарыстарда жақсы көрсеткіштерге жеткен жасөспірімді мақтағанда біреуін ондай мақтау шеберлігін әрі қарай жетілдіре түсуге ынталандыратын болса, екінші жас менменсіп, көкірегін көтеріп кетеді. Міне, сондықтан менменсуге, өркөкіректікке бейім жас спортшыны барынша аз мадақтау керек. Кемшілігін бетіне басу жөнінде де осыны айтуға болады: біреуге сапта тұрған спортшылар алдында айтса, екіншісіне жеке айту қажет.
Ережелерді қатаң сақтай отырып жақсы ұйымдастырылған жарыс жасөспірімдерді сапалы тәртіпке тәрбиелеудің ұтымды жолдарының бірі болып табылады. Жалпы залдың тазалығы, спорт құралдарының орын-орында жинастырылып қойылуы да жас спортшыларға эстетикалық тәрбие беруге көмектесетіндігін атап айтқан жөн.
Оқытушы сабақты дұрыс, жаттығушылардың сезіміне әсер ететіндей дәрежеде шебер жүргізе білуі тиіс. Сонда сабаққа қатысқандардың көңіл-күйі көтеріліп, қуанышты болады. Бұл олардың тәртібін нығайтып, жаттықтырушының беделін арттырады. Шәкірттерінің алдында беделді болу үшін ұстаз әрдайым білімі мен шеберлігін жетілдіріп, күрестен және спорттың басқа да түрлеріндегі барлық жаңалықтарды біліп отыруы қажет.
Жасөспірімдермен сабақ өткізгенде олардың жүрек қан тамыр жүйесінің ерекшеліктерін де ескеру қажет.
№ 11 практикалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |