Педагогикалык факультетінің деканы Ботагариев Т. А



бет7/9
Дата17.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#9788
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жүрістерді есептеу.

« Тоғызқұмалақ » ойынында жүрістерді есептеу жолы өте көп. Тек өз жүрісінің ғана мақсатын белгілеу, есептеу керек емес, қарсы жақтың да мақсатын біліп, жүрісін мұқият есептеп отыру керек. Бұл принципті сақтамаған жағдайда, яғни есептен жаңылу, жалығу және есептеуде қателіктер жіберу ұтылысқа әкеліп соқтырады.


Әдебиеттер :

1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 56-72 беттер.

2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 41 бет.

3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.

4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.

X – ші апта
10 кредит сағат

10 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Позициялық тәсілдер.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. « Байлау » қойып ойнау, яғни қарсыластың отаудағы құмалақтарының жүрістерін тарылту.

2. Айырбасқа шақыру.

« Байлау » қойып ойнау, яғни қарсыластың отаудағы құмалақтарының жүрістерін тарылту.

Тақта үстінде ойыншы өзінің бір немесе екі отауында жатқан құмалақтарымен қарсыласының бірнеше отауында жатқан құмалақтардың жүрістерін тарылтып, жүрістеріне кедергі жасап, ұстап тұратын болса, не «тұздық » алуға, не « байын » ( құмалақ көп жиналып қалған ) ұтуға дайын отырады. Бұл « байлау » қойылды делінеді. « Байлау » қойып ойнау көбінесе ойынның бастапқы және орта шенінде, кейде тақта үстіндегі позицияға байланысты, ойынның аяғында да кездеседі. « Байлау » қойып ойнау әдісін дұрыс қолдану, отаудағы құмалақтарға стратегиялық күш беріп, позициялық үстемдік әперетін болса, оны « Тоғызқұмалақ » ойынының басқа принциптерімен байланыстыра білу жеңіске жеткізеді.


Айырбасқа шақыру.

Айырбасқа шақыру дегеніміз - өзінің бір отауындағы құмалақтарды қарсыласына жеуге беріп, сонша құмалақтарды қайтарып ұтып алу. Айырбасқа шақыру тақта үстіндегі стратегиялық пункттерді ( маңызды-маңызды отауларды ) « жаулап » алу үшін, қарсы жақтың позициясына әлсіздік тудыру үшін, отаудағы құмалақтардың шабуылдық күшін өзгерту үшін, қолайсыз жағдайдан шығып кету үшін және мүмкіншілігі болса ойынды өз пайдасына шешу үшін жасалады.


Әдебиеттер :

1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 72-78 беттер.

2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 41-42 беттер.

3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.

4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.

XI – ші апта
11 кредит сағат

11 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Тактикалық тәсілдер.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Тұзақ құру.

2. Осал отауларға шабуыл жасау.

3. Отаулардағы құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастыру.


Тұзақ құру.

« Тұзақ құру » - аса маңызды тактикалық әдістердің бірі. « Тұзақ құру » дегеніміз – қарсыласыңның тақтадағы өз жағдайын жақсы түсінбей, қате жүріс жасау сәтін күту. Әрине, ойын үстінде қарсыласыңа түрлі-түрлі « тұзақтар құра » беруге болады. Дегенмен өз позицияңды « тұзақ құру » үшін әлсіретуге болмайды. Егер осындай үстірт жоспарыңды қарсыласың сезіп қойса, « тұзақтан сытылып » кетеді.


Осал отауларға шабуыл жасау.

« Тоғызқұмалақ » тақтасындағы осал отаулар дегеніміз – ойын барысында шабуылдау өрісі әлсіз орналасқан, бір-бірімен байланысы және қарсы жаққа соққы бере алатын қабілеті аз отаулар. Қарсыласы бұл отауларға шабуыл жасай қалған жағдайда олар бір-біріне дер кезінде көмекке келе алмай қалады. Сондықтан, осал отауларды көрісімен, оны дереу пайдаланып қалу « Тоғызқұмалақ » ойынын үйренушілерге бірден-бір керекті шарт болып табылады.


Отаулардағы құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастыру.

« Тұздық » алу үшін жасалатын комбинацияға керекті шарттың бірі – отаудағы құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастырып алып, ойын барысындағы басқа тәсілдермен ( байлау, айырбастау ) тікелей байланыстыра білу.


Әдебиеттер :

1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 92-96 беттер.

2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 34-35 беттер.

3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.

4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.

XII – ші апта
12 кредит сағат

12 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

« Тұздықтардың » атқаратын қызметі және күші.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. « Тұздық » 6 отауда.

2. « Тұздық » 5 отауда.

3. « Тұздық » 3 отауда жатса.

4. « Тұздық » 4 отауда жатса.

5. « Тұздық » 7 отауда.


« Тұздықтардың » атқаратын қызметі және күші.

Шахматта ферз күшті, дойбы ойынында би күшті болатын сияқты « Тоғызқұмалақ » ойынында « тұздық » ала білу аса маңызды комбинация болып табылады. Ақыл-ойдың аса бір қызықты « сайысына » айналып, алма-кезек тартыста өтетін « Тоғызқұмалақ » ойыны осы « тұздықтың » болу-болмауына мына төмендегідей үш түрлі жағдайларда ойналуы мүмкін.



Бірінші жағдай :Ойын барысында ойыншылар бір-бірінен « тұздық » ала алмайды да, ойын « тұздықсыз » аяқталады. Бұл жағдайда екі жақ та бірінші боп « атсырамау » жолдарына баса назар аударғаны жөн.

Екінші жағдай : « Тұздық » сыңаржақ болады, яғни бір ойыншының тақта үстінде « тұздығы » болады да, екіншісі ойынның аяғына дейін « тұздық » ала алмай кетеді.

Егер ойын барысында « тұздығы » жоқ ойыншының қазанында 20-30 шақты құмалағы артық болатын болса да, ойыншылардың позициялары тең деп айтуға болады. Демек, ойыншы қажетті жағдайда алмақшы боп тұрған « тұздығын » қарсыласының екі « байына » ( бір отауға жиналған көп құмалақтар ) айырбастап жіберуге болады деген сөз.



Үшінші жағдай :Әрбір « тұздық » пәрменділігі ( күші ) – тақта үстіндегі қарсыласы алған « тұздықпен » қарым-қатынасының аз-көптігіне және « тұздық » ойынның бас, орта, аяқ шендерінің қай кезінде алынғандығына байланысты дер едік. Көптеген ойындарда кейбір « тұздықтар » позицияға қарай, кейде әлсіз болуы, ал кейбір « тұздықтардың » күшті болуы әбден ықтимал. Мұндай жағдайда әрбір « тұздықтың » күшін позициядағы нақтылы жағдайға қарай бағалау керек. Көбінесе, ойынның аяғы « тұздықтар тартысы » деп аталады. Яғни екі ойыншының да тақта үстінде « тұздықтары » болуы « Тоғызқұмалақ » ойынының соңын күрделілендіріп жібереді. Өйткені, біріншіден, « тұздықтар » ойынның өрісін, яғни отаулардың бір-бірімен байланысын бұзып, отауларды екі қанатқа бөліп тастайтын болса, екіншіден, артқы отауларда жатқан шағын санды құмалақтарды « тұздық » алынған отаудан қарғып өткізу үшін сол « тұздықтың » артындағы отауға кем дегенде үш құмалақтан жинауды керек етеді де, барлық жүрістердің санын кенет қысқартып тастайды.

Мұндай ойын кезінде ойыншы « атсырап » қалмау үшін өз жағының да, қарсыласының да барлық жүрістерінің санын аса дәлдікпен есептеп біліп отыруы керек.



Әдебиеттер :

1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 129-157 беттер.

2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 16-17 беттер.

3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.

4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.

XIII – ші апта
13 кредит сағат

13 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Этюдтер.


Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Әртүрлі этюд-диаграммалар құрастыру.

2. Этюдтерді шешу.
Этюдтер.

Этюдтік позициялардың, яғни « Тоғызқұмалақ » этюдтерінің алдына қоятын негізгі мақсаты – жеңу немесе тең ойнау. Мұндай нәтижеге тек дұрыс жүріс жағдайында ғана жетуге болады. Жалғыз дұрыс жүрісті табу – көп есептеуді, ойлауды талап етеді. Демек, этюдтерді құраудың және оны шеше білудің өз алдына жеке заңдылықтары бар, әрі этюдтер ойынды табысты аяқтауға машықтандыру болып табылады. Ойынның негізгі идеясы ойын тәжірибелерінен алынып, ол « Тоғызқұмалақтың » аяқталуымен тығыз байланысты болады. Өйткені этюдтердің шығуы нақ осы кезеңде айқын көрінеді.


Әдебиеттер :

1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 157-162 беттер.

2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 126-138 беттер.

3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.

4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
XIV – ші апта
14 кредит сағат

14 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Күрделі позицияларды есептеу жолдары.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. « Тұздық » 7., 8 – отауларда жатса.

2. « Тұздық » 6 – отауда жатса.

3. « Тұздық » 5 – отауда жатса.

4. « Тұздық » 4 – отауда жатса.

5. « Тұздық » 3 – отауда жатса.


Күрделі позицияларды есептеу жолы.

Күрделі позициялар кезінде, әрқашанда тақта үстінде қарсыластың « тұздықтары » болады. « Тұздықтың » оң жағында жатқан отаулардағы құмалақтардың барлық жүрістерінің санын табудың ешқандай қиындығы жоқ.

Ойын барысында барлық жүрістердің санын үздіксіз есептеп отыру - әр кез тек ауызша есептеп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн№ Ойын үстінде жазып есептеуге мүмкіндік те, рұқсат та болмайды.
Әдебиеттер :

1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 162-181 беттер.

2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 98-126 беттер.

3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.

4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.


XV – ші апта
15 кредит сағат

15 практикалық сабақ



Практикалық сабақтың тақырыбы :

Тоғызқұмалақтан жарыс өткізу.



Практикалық сабақтың мазмұны :

1. Топ арасында тоғызқұмалақтан жазып жүру тәртібімен жарыс өткізу.

2. Жарыс аяғында жіберілген кемшіліктерге талдау жүргізу.
Тоғызқұмалақтан жарыс өткізу.

Тоғызқұмалақтан топ арасында жарыс өткізгенде жазып ойнау – өте пайдалы. Жазу тәртібін біліп алу – ойынды жақсы үйренудің алғы шарты. Жазып ойнау – ойындарды есте сақтауға, кейіннен оқып талдауға, ойынның теориялық негізін жасауға, « Тоғызқұмалақ » әуесқойларының ақыл-ойын, тапқырлығын, шеберлігін дамытуға, тәжірибесін молайтуға ( жазылған ойынды қайталап оқып-үйрену арқылы ) мүмкіндік береді.

Ойын қарсылас екі ойыншымен ойналады.
Партия № _______________
Тур ________________ «____» __________ 200__ г.
Ақ жағы__________________________________________________________

( фамилиясы, аты-жөні )



Қара жағы________________________________________________________

( фамилиясы, аты-жөні )




№№

жүріс

Ақ жағы

Қара жағы

№№

жүріс

Ақ жағы

Қара жағы




















Әдебиеттер :

1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 29-32 беттер.

2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 14-42 беттер.

3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.

4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (ОЖСӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

I-ші апта
1 кредит сағат

ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Қазақша күрес тәсілдерін классификациялау және күрес терминологиясы.

Күрес тәсілдерін квалификациялау барлық белгілі әдістерді ортақ белгілеріне қарай топқа бөлуге саяды.

Жүйелеу – тәсілдердің әр түрлі топтарының арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежесіне, құрылымының күрделігіне, т.с.с. белгілеріне қарай бірінен соң бірін орналастыру ( жүйе ).

Терминология – педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланатын қазақша күреске тән атаулар ( терминдер ).

Классификациялау, жүйелеу және терминология оқытушыларға педагогикалық процесті тәртіпке келтіруге көмектеседі.

Жүйелеу – классификациялау негізінде жүргізіледі. Ол жаттықтырушының күрес техникасы, топтар мен амалдар арасындағы өзара байланыс жөнінде жаттығушыларға түсінік беруіне көмектеседі. Бұл палуандарды дәйекті түрде және дұрыс оқытуға мүмкіндік береді.

Қазақша күресте классификациялау негізінде қарсыласпен күрескен кезде қолданылатын және жарыс ережелеріне рұқсат етілген амалдар алынған.



Қазақша күрес техникасындағы кейбір түсініктерді анықтау.

Күрес техникасы – дегеніміз палуанның жеңіске жетуі үшін қолданылатын және әрекет ету ережелеріне рұқсат етілген амалдар жиынтығы.

Түрегеп күресу техникасы – тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.

Ұстасу – қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.

Бір жақты ұстау – оң қолымен қарсыласының оң қолынан ( сол қолымен сол қолынан ) ұстау.

Әр жақты ұстау – оң қолымен қарсыласының сол қолынан ( сол қолымен оң қолынан ) ұстау.

Ырғақ – білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады.

Шалу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.

Ілу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрып жіліншікпен немесе табанмен орындалады.

Орау – аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен және табанымен аяғынан іледі.

Қағу – аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.

Көтере қағу – аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.

Тізеден қағу – аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.

Көтере итеру – аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.

Адымын айқастыру – қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.

Еңкею – денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.

Тікею – денені горизонталь күйден тік күйке келтіріп қозғалу.

Шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.

Айналу – артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы : палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады.

Жұлқу – палуан қарсыласын қатты тартып қалады ( жұлқиды ).

Итеру – палуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.

Әдіс – палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе оны жеңу амалы.

Қорғану – қарсыласының шабуылын палуанның тойтаруына мүмкіндік беретін әрекеттері.

Қарсы әдіс ( амал ) – қарсыласының әдісіне қолданылатын әдіс ( амал ).

Лақтыру – қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.

Жығу – түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай-ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.

Арқадан асыра лақтыру – қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай құлау арқылы орындалады. Айнала берген кезде еңкейе қалу ьұл әдістің негізгі элементі болып табылады.

Шалқайып ( төспен ) лақтыру – шалқаю арқылы орындалады. Бұл әдістің негізгі элементі – денені артқа қарай доғаша иіп шалқайту.

Еңкейіп лақтыру – кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты кілемнен көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге түсіру жолымен орындалады.

Ілу – түрегеліп тұрғанда орынлатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады.

Сүріндіру – лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғымен қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады.

Иықтан асырып лақтыру – палуан арқасын беріп денесін айналдырып барып, қарсыласын иығынан асырып лақтырады.

Орау – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан өз аяғымен ( жіліншігімен және табанымен бір мезгілде ) орап алып жығады немесе лақтырады.

Тактикалық даярлық амалдары – палуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекететері.

Барлау – палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекетері.

Бүркемелеу – палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекетері.

Қауіп төндіру – палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекетері.

Жалған әрекеттер – ақырына дейін жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар, қарсы амалдар, ұстау, жұлқу, итеру және басқа да әрекетер.

Алдау – ол да жалған әрекеттер.

Қайталап алдау – палуанның өзінің шын амалын қарсыласына жалған амал етіп көрсетуге бағытталған тактикалық әрекеттері.

Шақыру – палуанның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Тұқырту – палуанның қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттері.

Тепе-теңдіктен шығару – палуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласын тепе-теңдігін сақтай алмай қолайсыз күйге түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Шабуыл – тактикалық әрекет, оның мақсаты – басым түсу немесе жеңіске жету.

Қайталап шабуылдау – бірдей қимылдар қатар орындалатын тактикалық әрекеттер, ол қимылдардың тек соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болып табылады.

Комбинация – белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттерді тактикалық жағынан ұштастыру немесе олардың бірінен соң бірінің орындалуы.

Ұстау ( әдіс ) комбинациясы – қарсыласы ұстаудың ( әдістің ) бір түрінен қорғана жүріп, келесілерін орындауға қолайлы сәтін туғызатындай етіп ұстау түрлерін ( әдістерді ) ұштастыру.

Алдын-алу – палуанның қарсыласының шабуылымен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрекеттері, бірақ палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.

Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 9-12 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 30-31 беттер.
II -ші апта
2 кредит сағат

ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Күрес техникасының жалпы негіздері.

Қазақша күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әрі түрлі әрекеттер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға еі пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасы нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады. Сөйтіп, көбінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылдарға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.

Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысана қарау керек.

Ең қарапайым қимылды орындағаның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте оның қысу немесе тарту күші, тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі :

салмақ күші ;

бұлшық еттің тарту күші ;

лененің инертті ( қимылсыз тұрған кездегі ) қарсылығы.

Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түседі, оның жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ыңғайлы.
Әдебиеттер :

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 21-25 беттер.

2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.

3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.

4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 262-264 беттер.

5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.

6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.

III-ші апта.
3 кредит сағат

ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Күрес тактикасының жалпы негізі.

Қазақша күрестің тактикасы дегеніміз – палуанның техникалық, жан-жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану. Мұның өзінде жарыстардағы нақты жағдайларда қарсыласының ерекшеліктері де есепке алынады. Күрес тактикасы техникасымен қоса алғанда палуанның спорттық шеберлігінің негізі болып табылады.

Техниканы ұдайы жетілдіріп, байыта түсу – тактикалық шеберлікті арттырудың міндетті шарты. Егер палуан күрескен жағдайда еі болмағанда, бір жаңа әдіс қолдана алатын болса, онда соған сай оның тактикалық әрекетінің шеңбері де кеңи түседі.

Палуанның техникалық дайындығы жан-жақты болса, ол жеңіске жету үшін өзінің жақсы көретін, әбден үйреніп алған әдістерін ғана қолданып қоймайтындығын атап көрсету қажет. Ол сондай-ақ жеткілікті игеріп алмаған техникалық әрекетерін де, ал кейде, қолайлы сәті келіп қалған болса , тек танысқан әдістерін де қолданады.

Техникалық арсеналы аз болса, палуанның мүмкіндіктері шектеулі болады, ол күрескенде тек бір әдісті ғана қолдана береді. Сондықтан бірнеше әдіс түрлерін ғана меңгеріп алған спортшыға турнирлік жарыстарда жеңіске жетем деп үміттенуге болмайды. Бір белдесуде өзінің жақсы көріп қолданатын әдісін көрсетіп алғаннан кейін, оны екінші жолы қолдана қоюы едәуір қиынға түседі. Алғашқыдағыдай ол күтпеген тәсіл бола алмайды, оның ойын қарсыласы оңай біліп қояды да, қарсы айла қолданып, алдырмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет