Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқымқуалаушылық – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық үрдісін ұйымдастыру.
Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық үрдісті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді.
3. Оқыту мен дамудың байланысын анықтау практикалық мәнді мәселе болып табылады. оны шешуден білім берудің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылады.
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үрдісі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Нәтижесінде адамзат тәжірибесі меңгерілетін оқушының ішкі және сыртқы белсенділігін басқару процесі. Оқытуға сәйкес даму екіжақты түсіндіріледі: 1) мидың, оның анатомиялық-биологиялық құрылымының биологиялық-органикалық пісіп-жетілуі; 2) психикалық (ақыл-ойдың) дамуы.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда оқыту мен дамудың өзара қатынасы үш тұрғыдан түсіндіріледі:
1. Оқыту мен даму жеке-жеке, бір-біріне бағынышты емес үрдістер (В.Штерн, Ж.Пиаже).
2. Оқыту мен даму – біртұтас үрдіс (Джеймс, Торндайк).
3. Оқыту мен даму бірге, оқыту дамудан кейін және оқыту дамудан бұрын жүретін үрдіс (Коффка және т.б.).
Осылайша, оқыту мен даму бір-бірімен өте тығыз байланыста: олар – біртұтас үрдіс. Оқытудан тыс даму жүрмейді.
Оқыту үрдісінде дамудың сипаты алынатын білім және оның ұйымдастырылуымен анықталады.
4. Адамның қоғаммен байланысы «әлеуметтену» ұғымымен белгіленеді. Әлеуметтену – бұл тұлғаның әлеуметтік жүйеге бейімделуі. Ол «бейімделу» ұғымымен байланысты. Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio – бейімделу) – биологиялық термин, тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі. Осылайша, әлеуметтік және психологиялық бейімделу терминдері пайда болады. Оның нәтижесі – тұлғаның түрлі әлеуметтікжағдаяттар, микро және макротоптарға бейімділігі. Бейімделу ұғымы көмегімен әлеуметтену былай түсіндіріледі: адамның әлеуметтік ортаға ену және оның мәдени, психологиялық және әлеуметтік факторларға бейімделу процесі.
Қоғам әлеуметтік құрылымдарын сақтап қалу мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды (топтық, таптық, этникалық, кәсіби және т.б.), рольдік мінез-құлық үлгілерін қалыптастырады. Қоғамнан бөлектенбес үшін тұлға әлеуметтік ортаға, әлеуметтік байланыстар жүйесіне ену арқылы осы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтену мұнда әлеуметтік тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, ұстанымдарды меңгеру арқылы адамның қоғамға бейімделу және интеграциялану үрдісі.
Бірақ тұлға өзінің дербестігіне, автономиясына, жеке көзқарасының қалыптасуына, қайталанбас даралығына ие. Осыған сәйкес, әлеуметтену – бұл әлеуметтік байланыстар мен тәжірибені меңгерумен қатар жаңа, жеке дара тәжірибе туындайтын тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру үрдісі.
Әлеуметтенудің мәні адаптация, интеграция, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру үрдістерінде көрінеді.
Әлеуметтену – үздіксіз үрдіс. Ол өмір бойы жалғасады. Ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ғылымда әлеуметтену кезеңдерін ажыратуда еңбектену іс-әрекетіне сүйенеді.
1. еңбекке дейінгі кезең, дүниеге келгеннен еңбектену қызметіне дейінгі уақытты қамтиды. Бұның өзі екі кезеңнен тұрады: ерте әлеуметтену – дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейін; жастық шақтағы әлеуметтену – мектепте, техникумда, жоғары оқу орнында және т.б. білім алуы.
Достарыңызбен бөлісу: |