1-сурет. Проблемалық жағдаятты өрістету және шешу логикасы
Қандай да бір зерттеу проблемасының пайда болуы белгілі бір зерттеу саласының теориясы мен практикасында тағайындалады (8 кесте).
8-кесте. Дидактикалық проблема элементтерінің сипаты
№
|
Проблема элементтері
|
Мазмұнды сипаттама
|
1
|
Проблеманы
тұжырымдау
|
Орталық мәселені ұсыну;
проблеманың негізі болатын қарама-қайшылықтың айқындалуы;
Күтілетін нәтижені алдын-ала сипаттау.
|
2
|
Проблеманы құру
|
Проблеманың зерттеудің жеке міндеттері мен сауалдарына бөлінуі;
Композиция – проблеманы құрайтын мәселелерді реттеу;
Зерттеу шекарасын анықтау.
|
3
|
Проблеманы бағалау
|
Проблеманы шешудің барлық шарттарының айқындалуы: зерттеудің әдіст-тәсілдерін, әдістемесін, сонымен бірге эксперимент жүргізудің мүмкіндіктерін таңдау;
Проблеманы шешудің мүмкіндіктері, алғышарты
болып табылатын қолда бар мүмкіндіктерінің айқындалуы;
Проблеманы шешу үшін пайдаланылуы талап етілетін белгілі және белгілі емес ақпараттардың проблемалық дәрежелерінің айқындалуы.
Проблеманың саралануы.
|
4
|
Проблеманың негіздемесі
|
Таңдалған проблеманы басқалармен салыстырмалы шешудің ұтқыр әдістерін таңдау ерекшеліктерін анықтау;
Өзектілік - проблеманы пайдалы шешуге айналдыру үшін дәлелдер келтіру;
Проблеманы таңдау бойынша қарсылық көрсету;
Экспликация немесе шешілетін проблеманың түсіндіру анықтамасы;
Қайта кодтау, яғни проблема мазмұнын пәндік-ғылыми тілге айналдыру.
|
Проблеманың жіктелуі әртүрлі негіз бойынша жүргізілуі мүмкін: теориялық және эмпирикалық, жалпы және жеке, іргелі және қолданбалы, жалған және шынайы. (9-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |