«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет62/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Лихачев Борис Тимофеевич (10.8.1929. Москва), педагог, РБА академигі (1993 ж.); СССР ПҒА академигі (1990 ж.), педагогика ғылымдарының докторы, профессор (1970 ж.). Оның жетекшілігімен және қатысуымен эстетикалық тәрбиенің теориясы мен практикасы зерттелді. Зерттеулер нәтижелері ұжымдық монографияларда көрініс тапты. Б.Т. Лихачев тәрбие заңдылықтарын бала тұлғасының өзіндік дамуының тәсілі, тәрбие әдістерін мақсатты қолдану және психологиялық үдеріс ретінде зерделеді.
Лихачев Борис Тимофеевич 1970-1985 жылдары көркем тәрбие ғылыми зерттеу институтын басқарды. Оқушы жастардың эстетикалық тәрбиесі туралы ұжымдық монографиялар жариялады Академик Б.Т.Лихачев қоғамдық құбылыстарды зерттеудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары барлық қоғамдық ғылымдар үшін, оның ішінде педагогика үшін де бірдей екендігі туралы тезиске сүйеніп, әдіснамалық ұстанымдардың төмендегі жиынтығын негіздейді: қоғамдық құбылыстарды оның барлық байланыстары, тәуелділіктері бойынша нақты тарихи зерттеу; өзара ұқсас, обьектісі мен пәні сәйкес келе тұрса да, бір ғылымның заңдылықтарының екінші ғылым заңдылықтарына сәйкес келмеуі; педагогикалық құбылыстардағы жалпы, ерекше және жеке даралықтың диалектикалық бірлігі ұстанымы; педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстылық және өзара тәуелділік ұстанымы.
Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістегі ересектің орнын ұйымдастырушы ретінде жоғары бағалай отырып, бала ықпал ету обьектісі ғана емес, даму үстіндегі белсенді әрекеттенуші, ол әрқилы әлеуметтік себепші іс-әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай өзін - өзі тәрбиелеудің субьектісі бола алатынын көрсетеді. Бұған қоса Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістің тағы басқа бір ерекшелігін – оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді.
Негізгі ғылыми еңбектері: «Эстетическое воспитание в школе. Вопросы системного подхода» (1980 ж.), «Эстетическое воспитание школьной молодожи» (1981 ж.), «Система эстетического воспитания школьников» (1983 ж.).


Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогиканың әдіснамасының қалыптасуы мен дамуындағы Бүкілодақтық және Бүкілресейлік әдіснамалық семинарлардың рөлі мен маңызын негіздеңіз.
2. Педагогика әдіснамасының даму тарихын кезеңдерге бөлу туралы В.Г. Храпченковтың еңбегіне қысқаша шолу жасаңыз.
3. Педагогиканың әдіснамалық білімдерін дамытудағы Қазақстан Республикасы ғалымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз.
4. «Советская педагогика» (қазір «Педагогика») журналындағы педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулер әдістемесі туралы екі мақала бойынша тірек конспектісін даярлаңыз.


Негізгі әдебиет
1. О науке: Закон Республики Казахстан . Алматы: ЮРИСТ, 2011. – 20 с.
Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңы. Астана, 2011.
2. Таубаева Ш.Т. Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 340 бет.
3. Философия и методология педагогики: научные школы стран СНГ и Республики Казахстан: хрестоматия. Под ред. д.филос.н., профессора А.Р. Масалимовой. - Алматы: Қазақ университеті, 2017 .- 402 с.
4. Методология педагогики: монография/ Е.А. Александрова, Р.М. Асадулин, Е.В.Бережноваи др.; под общ.ред. В.Г. Рындак. – М.: ИНФРА-М, 2018 – 296 с.
5. Бордовская Н.В. Диалектика педагогического исследования: монография/Н.В. Бордовская. – Москва: КНОРУС, 2018.- 512 с.
6. Мардахаев Л.В. Магистерская диссертация: подготовка и защита: учебно-методическое пособие.- М.: Квант Медиа, 2018. – 106 с.
7. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике: монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 423 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет