«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Зерттеушілер әдіснамалық білім – бұл білім туралы білім, таным туралы білім және белгілі бір нысанды өзгерту туралы білім деп тұжырымдайды



бет92/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Зерттеушілер әдіснамалық білім – бұл білім туралы білім, таным туралы білім және белгілі бір нысанды өзгерту туралы білім деп тұжырымдайды.
Әдіснамалық білім - бұл педагогикалық практиканы үйренудің тәсілдері, эмпирикалық мәліметтер жиынтығы, эмпирикалық мәліметтерден теориялық қорытындылауға дейінгі тәсілдері, теорияны құру, теориялық қағидаларды нақты әдістемелік нұсқау тіліне аудару, сәйкес нұсқаулықты тәжірибеде қолдану әдістері туралы білім.
В.И. Загвязинскийдің пайымдауынша, педагогика әдіснамасы – педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы ілім. Оның құрамына 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі педагогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, іргелі, философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) педагогикалық таным әдістері туралы ілімдер жатқызылады. Ол педагогикалық зерттеудің негізгі ұстанымдары ретінде ғылымилық, логикалық және тарихи бірлік, тұжырымдамалық бірлік, нақтылық пен болуға тиістінің ара қатынасы, оқу–тәрбие жұмысының зерттеушілік және практикалық бірлігін атайды. Автор зерттеудің тұжырымдамалық бірлігі ұстанымының құрылымында педагогикалық үдерісті зерттеуге жүйелілік және тұтастық тұрғысынан келудің мәнін ашады.
Ғалымдар (Б.Т. Лихачев және басқалар) қоғамдық құбылыстарды зерттеудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары барлық қоғамдық ғылымдар үшін, оның ішінде, педагогика үшін де бірдей екендігі туралы тезиске сүйеніп, әдіснамалық ұстанымдардың төмендегі жиынтығын негіздейді: қоғамдық құбылыстарды оның барлық байланыстары, тәуелділіктері бойынша нақты тарихи зерттеу; өзара ұқсас, нысаны мен пәні сәйкес келе тұрса да, бір ғылымның заңдылықтарының екінші ғылым заңдылықтарына сәйкес келмеуі; педагогикалық құбылыстардағы жалпы, ерекше және жеке даралықтың диалектикалық бірлігі ұстанымы; педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстылық және өзара тәуелділік ұстанымы. Сонымен, әдіснамалық ұстанымдар белгілі бір әдіснамалық тұғырлардың құрамына кіреді, себебі, әдіснамалық тұғырлар әдіснамалық ұстанымдарға қарағанда кең ұғым болып табылады.
Әдіснамалық ұстанымдар әртүрлі әдіснамалық тұғырлар шеңберінде жүзеге асады. Мысалы, дамыту ұстанымы логикалық (педагогикалық құбылыстың зерттеу кезеңіне жеткенге дейінгі даму жағдайының ескерілуі) және тарихи (зерттеу обьектісінің нақты тарихи генезисі мен дамуына бағдарлануы) тәсілдер арқылы жүзеге асады. Байланыс және өзара әрекеттестік ұстанымы формалды (қарастырылып отырған үдерістің элементтерінің тұрақты байланысын айқындайтын) және нақты (зерделеніп отырған құбылыстың тетіктері мен қозғаушы күштерін, ішкі байланыстарын, орнықты сипаттамаларын айқындауға бағытталған) тәсілдер арқылы басшылыққа алынады.
Әдіснамалық тұғыр ғылымтану, ғылым және білім философиясы, ғылым және білім әдіснамасы құрылымында, ғылым мен білімнің жаңа парадигмасын саналы түсіну, ғылым және білімнің даму үдерістері негізінде жасалады.
Әдіснамалық білім құрамына «педагогика әдіснамасы», «педагогика әдіснамасының құрылымы», «педагогика әдіснамасының қызметтері», «педагогика әдіснамасының түрлері», «педагогика әдіснамасының деңгейлері», «педагогика әдіснамасының пәні», «педагогика әдіснамасының деңгейлері», «әдіснамалық зерттеу», «әдіснамалық қамтамасыз ету», «әдіснамалық неіздеу», «әдіснамалық рефлексия», «әдіснамалық аппарат», «әдіснамалық мәдениет», «әдіснамалық білім», «әдіснамалық мәселе», «әдіснамалық бағдар», «әдіснамалық әдіс», «әдіснамалық қағидалар» және т.б. түсініктер енеді.
Жалпы, ғылыми білімдер, белгілі бір ғылым жүйесінде теория құрамына кіре отырып, ғылыми білімнің жоғары деңгейін қалыптастыратын фактілердің мәнін ашумен сипатталады.
Педагогикадағы әдіснамалық білімнің даму моделі педагогикалық зерттеудегі және оның нәтижелеріндегі пәндік әдіснамалық жобалар қалыптасу үдерісінің мазмұнындағы айырмашылықты білдіреді.
Педагогика үшін әдіснама дамуының көпдеңгейлі жүйелік сипаты маңызды болып табылады. Енді педагогикадағы әдіснамалық білімнің нақты аймағы қандай, әдіснамалық білім педагогқа ғылыми-танымдық қызметтің қандай кезеңдерінде қажет болады деген сұрақ төңірегінде қарастырайық. Ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, әдіснамалық білім - бұл педагогикалық практиканы зерделеу тәсілдері туралы білім, қажетті эмпирикалық мәліметтер жиынтығы, эмпирикалық мәліметтерден теория құруға, теориялық қағидаларды нақты әдістемелік нұсқаулар тіліне аудару тәсілдері туралы, сәйкес нұсқауларды өзгерту, түрлендіру мақсатында практикаға енгізу тәсілдері туралы барынша ең жоғары сапалы деңгейге ауыстыру туралы білімдер.
Әдіснамалық білімнің бұл түрлері педагогика ғылымының әрекеттік аясында жүзеге асатын негізгі қызметтерімен түсіндірмелік, бейнелеушілік, диагностикалық, жобалаушылық, құрастырушылық және түрлендірушілік қызметтер атқарады. Ғалымдардың пікірлері бойынша, көрсетілген қызметтің әрқайсысын жүзеге асыру іс-әрекет тәсілдері туралы білімдер мен белгілі бір дәрежеде толық қамтамасыз етуді талап етеді. Мысалы, жобалаушылық қызмет тек қана педагогикалық жобалау нысаны туралы, жобалық зерттеулерді ұйымдастырудың тұғырлары туралы, қажетті жобалау әлеуеті бар әдістер, тәсілдер туралы білім болған жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл білімдердің өздерінің мағынасына қарай әдіснамалық сипаты болады және оларсыз жобалау әрекеті жүзеге асуы мүмкін болмайды.
Әдіснамалық білімдер қатарына теория негіздері, заңдар мен заңдылықтар, категориялар мен ұғымдар, идеялар, ұстанымдар, постулаттар, ережелер, болжамдар, фактілер мен әдістерді жатқызуға болады. Қазіргі кезде әдіснамалық білімнің мәні, құрылымы, мазмұны және атқарылымдары туралы, оларды алу тәсілдері туралы түсініктерді тереңдету үдерісі жүріп жатқаны байқалады. Ғалымдар педагогикалық әдіснамалық білімнің құрамын (педагогикалық практика мен ғылымның әлеуметтік мақсаттары, педагогика білімдері туралы білімдер, педагогика теориясының түсінік қоры, педагогикалық зерттеулер әдістері, педагогикалық жобалау ұстанымдары мен әдістері, ұстанымдары және педагогикалық зерттеулер нәтижесі) анықтап және нақтылап отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет