«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет94/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Дәрістің мақсаты: Докторанттардың педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырларын пайдалану құзыреттілігін қалыптастыру.
Дәрістің негізгі терминдері: таным, ғылыми таным, таным теориясы, әрекет, зерттеу әрекеті, педагогикалық зерттеу, оқу-зерттеушілік әрекет.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырларының мәні.
2. Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырларының жіктемесі және мазмұны.
3. Педагогикадағы жүйелілік әдіснамасы.
4. Педагогикадағы гуманитарлық әдіснама.

1. Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырларының мәні.
Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырлары. Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың мазмұнын ашуда педагог-зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады. Осы ұғымдарды салыстыруға көптеген педагогтар жүгінді. Алайда, бүгінгі күні аталған ұғымдардың «әдіснама» түбірлес түсінігімен өзара байланыс сипатын айқындау ғана емес, олардың педагогикалық зерттеулер немесе жобалаулардағы әдіснамалық бағдар болудағы орнын нақтылау маңызды.
Зерттеуші әдіснамалық бағдар ретінде әдістер немесе тәсілдер, тұғырлар немесе ұстанымдар, логика немесе зерттеу бағдарламасы, парадигма немесе теория қолдана алады. Олар ғылыми-педагогикалық және жобалау әрекетінің жалпы бағытын анықтайтын негізгі ережелер болып табылады. Әдіснама педагог-зерттеушінің педагогикалық практика нысандарын жетілдіру немесе өзгерту мақсатымен байланысты жаңа педагогикалық жобаны әзірлеу барысындағы ғылыми немесе жобалау қызметіне жалпы бағыт береді. Сондықтан, қандай да бір әдіс педагогикалық зерттеудің немесе педагогикалық жобалау үдерісінің бүкіл кезеңінде қолданылып, өзіне басқа әдістерді тәуелді етсе, онда ол оның әдіснамасы болады. Мысалы, «жүйелілік талдау – жүйелілік әдіснама».
Ғылыми әдебиетте «әдіснамалық тұғыр» деген ұғым (сөз тіркесі) кездеседі. «Тұғыр» ұғымы педагогикада ғылымның пайдаланатын нақтылы тәсілі, элементі ретінде қолданылады. Тұғыр – бұл ғылыми-педагогикалық қызметтің қандай да бір үдерісінің элементі, жеке әрекеті. Егер «әдіс» ұғымы ғылыми-педагогикалық әрекет тәсілдерінің жиынтығын білдірсе, «әдіснамалық тұғыр» ұғымы аталмыш түғырдың зерттеушінің ғылыми-педагогикалық әрекетінің бүкіл кезеңінде пайдаланылатынын білдіреді. Зерттеу тұғырларының жиынтығы, олардың қолдану дәйектілігі мен логикасын, педагогикалық зерттеуді жүргізу технологиясын анықтайды. Бір қарағанда, «технология» ұғымы әдіснамаға жатады, өйткені, технология ғылыми-педагогикалық әрекеттің басынан аяғына дейін оның сипатын анықтайды және әдістер мен зерттеу тәсілдерін таңдау үшін нұсқау жасайды.
«Әдіснама» ұғымына мазмұны жағынан «ұстаным» ұғымы өте жақын келеді. Соңғы уақытта «қағида» делініп жүр. Ұстаным (принцип, лат.principium – басы) – бұл педагогикалық білім алу және оның жүйесін құру негізіндегі, сондай-ақ, танымдық және қайта құру әрекеттері немесе басқа педагогикалық нысан негізіндегі неғұрлым жалпы, маңызды әрекет туралы бастапқы ережелер. Педагогикалық ұстанымдардың әдіснамалық рөлі педагогика ғылымында терең зерттелген. Ұстаным – педагогикалық болмысты тану және қайта құру үдерісін бағыттаушы және зерттеуші фактілер, ұғымдар, заңдар және теориялардың арасындағы тұтастық байланысын қамтамасыз ететін ғылыми танымның ерекше үлгісі. Ғылыми танымда ұстанымдардың немесе ұағидалардың әдіснамалық сипаты олардың зерттеу қызметіне себепші бола отырып нәтижесіне өзінің ерекше талаптарын ұсынады. Ұстаным нақтылы әдіснаманың шеңберінен (түрлі әдіснамаларда қолданылғанда) шығуы мүмкін және педагогикалық зерттеудің нақты әдіснамасы бірнеше ұстанымның негізінде құрылуы мүмкін.
Сонымен, «ұстаным» және «әдіснама» сияқты ұғымдардың байланысы мынадай. Ұстаным дегеніміз, әлбетте, педагогикалық теорияны құру немесе іске асырудың негізінде жататын негізгі идея болып табылады. Әдіснамалық ұстанымдар, бұл – жаңа педагогикалық білімдерді игеру және педагогикалық практиканы қайта құру жобасын әзірлеу үдерісінде жалпы гносеологиялық бағдар беретін, басшылыққа алынатын ережелер. Практикалық қағидалар педагогтардың ғылыми-педагогикалық және жобалау-қайта құру әрекетін реттеу мен бағыттауды іске асырады.
Ғалым-педагогтар әдіснамалық бағдар ретінде «тұғыр» ұғымын жиі қолданады. Кейінгі сөздіктерде «ыңғай» деп беріліпті. Бұл ретте, педагогикалық зерттеулерде және педагогикалық жобаларды әзірлеу барысында көптеген тұғырлар: жүйелік, жүйелік-қызметтік, кешендік, тұтастық, аксиологиялық, праксиологиялық, әрекеттік, жеке тұлғалық т.б. қолданылады. Тұғырлардың әртүрлілігі, олардың эвристикалық құндылықтарын қамтамасыз етеді және педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеу, педагогикалық теорияны құру, педагогикалық ғылым мен практиканы тұтасымен дамытуды жан-жақты қарауға және зерттеуге үлкен мүмкіндіктерді ашады. Кейбір зерттеушілер тұғырға ерекше әдіснамалық маңыз береді. Мысалы, тұғырды әдістің зерттеу бағдарламасымен бірлікте қарастырады. Осы мағынасында «әдіснама» ұғымы «тұғыр» ұғымынан мазмұндырақ. Қандай болмасын тұғыр ғылыми-зерттеу немесе ғылыми қайта құру әрекетінің тәсілін анықтайды. Осы себепті, ол педагог үшін педагогикалық болмысты зерттеудің және қайта құру үдерісінің барлық кезеңінде басынан аяғына дейін басты бағдар ретінде әрекет етсе, әдіснамалық міндеттерді атқарады. Әлбетте, педагогикада, қандай болмасын, тұғыр жалпы әдіснамадан немесе басқа ғылымдар әдіснамасынан алынған. Зерттеушінің қандай да бір тұғырды таңдауы, нақтылы педагогикалық нысанды тануда және қайта құруда олардың жиынтығын анықтау әрқашан зерттеушінің ғылыми ұстанымымен байланысты.
Әдіснама қызметін ғылыми ізденіс пен жобалауда зерттеушінің өзі анықтайтын сипаттаумен, түсіндірумен, құрылымдаумен және болжамдаумен байланысты ғылыми-жобалау қызметі ретінде идея да орындай алады. Идеялар педагогика ғылымын және практикасын дамытуда маңызды рөл атқарады, сондықтан, олар педагогика әдіснамасына енгізілген. Педагогтің ғылыми-зерттеу және жобалау-қайта құру әрекеті оның жаңа педагогикалық идеяларымен анықталады. «Әдіснама» ұғымы тек мақсатты ғана емес, сонымен бірге, оны іске асыру құралдарын да қамтиды.
Педагогикалық теория жүйелік ұғым ретінде педагогикалық практикамен және экспериментпен шынайылығы дәлелденген педагогика ғылымы объектісінің мазмұнын неғұрлым толық бейнелейді. Педагогикалық теория – бұл:
педагогикалық болмыс нысаны туралы ғылыми білім жүйесі үлгісінде ұсынылған т ұтас түсінік;

  • педагогикалық болмыстың бөліп алынған саласының мәнін зерттеудегі ұстанымын айқындайтын және оның зерттеулерінің шекарасын ғылым ретіндегі педагогиканың пәндік саласы шеңберінде анықтайтын білімдерді теориялық түрде ұсынудың жүйесі;

  • педагогикалық нысанның барлық жағын айқындайтын және осы тұрпатты объектіні практикада қайта құру бойынша әрекеттерді жобалау үшін негіз және бағдар болатын теориялық жүйе.

Педагогикалық теория өзінің құрылымы бойынша іштей жіктелген және сонымен бірге, педагогикалық болмыс объектілері туралы ғылыми білімнің тұтас жүйесін білдіреді, ол бір білімнің басқасына логикалық тәуелділігін, педагогикалық теорияның бастапқы базисінің – қағидалар мен түсініктердің бірнеше жиынтығынан педагогикалық білімдер жиынтығының мазмұнын алатындығын сипаттайды. Тұтастай алғанда, педагогикалық теория жасалымы, бұл – жаңа педагогикалық пәнді құрылымдау үдерісі.
Педагогика ғылымы мен практикасы жаңа әдіснамалық идеялардың пайда болуына орай, педагогикалық нысандарды ғылыми-педагогикалық ақпаратты жүйелендіру аясында қарастыруы мүмкін. Дамуы теориялық педагогиканың іргетасын анықтайтын негізгі педагогикалық теорияны белгілеп, зерттеушілер үшін өзінше бір әдіснамалық бағдар болатын қандай да бір теория аясында ғылыми-педагогикалық әрекетті реттеуге болады. Осы кезеңде жаңа ғылыми-педагогикалық білімді жинақтау жүзеге асады.
Педагогикалық болмыстың таным және қайта құру әдістерін, игерілетін білімнің шынайылығын бағалау үшін өлшемдер қажет. Әрбір педагогикалық теория белгілі бір парадигма шеңберінде құрылады. Т. Куннің пікірінше, түрлі парадигмалардың аясында өмір сүретін теориялар салыстыруға келмейді. Сондықтан, бір ғана педагогикалық теория алдын-ала және іргелі қайта пайымдаусыз түрлі парадигмаға кіре алмайды. Бірақ, педагогикалық зерттеу және жобалау барысында әдіснамалық бағдар ретінде қолданыла алғанымен, педагогика әдіснамасының барлық мазмұнын қамти алмайды. Бұл «тұжырымдама» және «доктрина» ұғымдарына да қатысты.
Педагогикалық теория нақтылы парадигмалар немесе әдіснама аясында қаралуы мүмкін. П. Фейерабенд идеясына сәйкес, педагогикалық теория өзінің әдіснамалық рөлін көбінесе педагогикалық фактілерді іріктеу және талдауда атқарады. Шынында, педагогика ғылымын дамытудың ауқымды аясында алып қарайтын болсақ, онда түрлі теориялық ұстанымдарға сүйене отырып, қандай да бір педагогикалық фактілердің түсіндірілуіндегі елеулі өзгерістерді байқауға болады.
Педагогикадағы «логика» термині көбінесе: «ғылыми зерттеу логикасы», «педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру логикасы» т.б. мазмұнда қолданылады. Бұл осы заманғы формальды логика ұғымын ғылыми-педагогикалық білім генезисіне, оны болжамдауға, талдау жасауға және оның даму логикасын негіздеуге қолданылатын ғылыми пәнді педагогика ғылымы пәнінің логикалық құрылымы және оның даму үдерісін ашу аясындағы негізгі ұғым болып табылады. Педагогикалық теорияның мазмұны жағынан түрліше жалпы логикалық құрылымын табу бір педагогикалық теорияның идеялары мен әдістерін басқа салаға көшіру, яғни олардың жаңа педагогикалық теорияны құрудағы әдістемелік нұсқау ретінде пайдаланылуы үшін мүмкіндік ашады. Бұдан аталмыш ұғымның қолданылу саласы педагогтің ғылыми ойлауымен шектелетіні, соған сәйкес оның танымдық әрекеті логикалық ережелермен анықталатыны көрінеді. Логика – педагог-зерттеушінің педагогикалық болмысты қайта құрудың жолдары мен тәсілдерін жобалаудағы практикалық әрекетін анықтайтын өзара байланысты идеялардың жиынтығы. Ғалым-педагогтің зерттеушілік ізденістерінің негізгі сатыларының жүйелілігі және оның нақтылы қадамдары да педагогикалық зерттеудің логикасы деп аталады. «Педагогикалық талдау логикасы» ұғымы кейде «педагогикалық зерттеу әдіснамасы» ұғымымен теңдестіріледі. Алайда, логика әдіснамамен теңдес емес, өйткені осы заманғы педагогтің ғылыми әрекеті формалды логиканың ережелеріне қайшы келуі де мүмкін, алайда, бұл ретте, өз әдіснамасы болмақ. Аталмыш жағдаят педагогика әдіснамасының мәнін түсінуде өте маңызды. Педагогика ғылымының дамуы ғылыми жүйе құрылымының бір ғана логикалық сұлбасының шеңберінен шығатындығын көрсетеді. Бұл ретте, сөзсіз, педагогикалық зерттеуде ненің ақиқат екендігі жөніндегі түсінік өзгереді. Жаңа ғылыми-педагогикалық жүйенің пайда болуында, мысалы, театр педагогикасы немесе музей педагогикасында осылай болады. Бұл үдеріс педагогикалық құбылыстарды және үдерістерді, сондай-ақ, олардың даму жолдары мен тәсілдерін талдауда, себептік-салдарлық байланыстарын ашуда тек қана ұтымды әдістерді пайдаланудың мүмкіндігі мен тиімділігі байқалады.
Педагог-зерттеушілер үшін әдіснамалық бағдар ретінде педагогикалық үдеріс субъектілерінің психологиялық дамуы, басқару не кибернетика заңдары жұмыс істеуі мүмкін. Осындай, мән-мағынасында «заң» ұғымы объективті қолданыстағы тұрақты, қажетті, елеулі байланыстарды білдіреді, сондықтан, заңды орындау ғылыми-зерттеу немесе педагогтардың жобалау–қайта құру әрекетінің басты шарты болып табылады.
Әдіснамалық тұғырлар мега-, макро-, микро сияқты сатылы үлгісі арқылы ұсынылады. Мегаәдіснамалық тұғыр (жаратылыстанулық-ғылымилық және гуманитарлық); макроәдіснамалық (мәдени, синергетикалық, инновациялық, экологиялық); микроәдіснамалық (тұлғалық, жүйелілік, әрекеттік және т.б.). Бұл ұсынылып отырған жіктеу құрылымы шартты түрде екенін ескерткен жөн (4-сурет. Педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар). Әдіснамалық білім мен жаңа әдіснамалық құрылымдарды қалыптастыратын басқа әдістер де бар.
Педагогика тек жаңа фактілермен толықтырылатын жағдайда ғана дами алады. Оларды жинақтау мен түсіндіруде теоретиялық қағидалардың жиынтығына тәуелді зерттеудің ғылыми-негіздемелік әдістері керек. Оны ғылымтануда «әдіснама» деп атайды. Әдіснама белгілі бір зерттеудің мазмұнында, оның материалында, авторлық ойдың дамуында болады. Ғылымның алға жылжуы оның әдіснамалық бағытына да байланысты болмақ. Әдіснама зерттеуді ұйымдастыруда оның нысаны мен пәнінің ерекшелігіне сәйкес келетін жалпы қағидаларды әзірлеуді бағамдайды.
Әдіснамалық ұстанымдардың құрылымы мен мазмұны Б.Г. Ананьев, В.И. Андреев, В.И. Беляев, Ю.К. Бабанский, Б.С. Гершунский, В.И. Загвязинский, Б.Т. Лихачев, В.М. Полонский, М.Н. Скаткин, В.А. Сластенин, Я.С. Турбовской, В.С. Шубинский және т.б. психолог, педагог ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. В.И. Загвязинский педагогикалық зерттеудің негізін қалаушы қағидалардың арасынан партиялық, ғылымилық қағидаларын, логикалық пен тарихилықтың бірлігі қағидасын, тұжырымдамалық бірлік қағидасын, нақты мен міндеттінің байланысы қағидасын, сонымен қатар, зерттеу жұмысы мен тәжірибелік оқу-тәрбие жұмысының бірлігі қағидасын атап көрсетеді. Автор тұжырымдамалық бірлік қағидасының құрылымындағы педагогикалық үдерісті зерттеудегі жүйелілік және тұтастық ұстанымдарының мәнін қарастырады.
Ю.К. Бабанский таптық-партиялық тұғырды, логикалық пен тарихилықтың бірлігі қағидасын, диалектикалық жүйелі-құрылымдық тұғырды, іс-әрекеттік тұғырды, педагогикалық құбылыстардың заңдары мен заңдылықтарын анықтау тұжырымдамасын қорғайды. Ал партиялық қағида, таптық-партиялық тұғыр педагогиканың әдіснамалық негіздемесінің идеологияландыруын көрсететті. Нәтижесінде педагогикалық құбылыстардың мәнін бұрмалайтын идеологиялық парадигмалар кең қолданыла бастады, дегенмен сол жылдары мұндай тұғыр кеңінен қолданыста болды.
Педагогика пәні оқу құралының авторлық ұжымы В.А. Сластенин, С.А. Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов педагогикалық зерттеудің нақты-әдіснамалық қағидаларын әзірледі, «жүйелік», «тұлғалық», «іс-әрекеттік», «диалогтық», «мәденитанымдық», «этнопедагогикалық», «антропологиялық» сияқты тұғырлардың мазмұнын ашты. Сол себепті В.И. Гинецинский педагогиканың құрылымын педагогикалық аксиология, антропология, мәдениеттану, микроәлеуметтануды қамтитынын көрсетті. Бұл әрине, әдіснамалық ұстанымдарды табысты қолданудың нәтижесі болып табылды.
Білім беру үдерісі - педагогикалық болжамның әдіснамалық қағидаларын зерттеу пәні болды. Б.С. Гершунский «әдіснамалық ұстаным» ұғымын теория мен тәжірибенің мақсатына жетуге, білім беруде стратегиялық шешімдердің вариативтілігі мен көп өлшемді бағалауына, білім беру саласында стратегиялық шешімдердің ұжымдық негіздемесіне бағытталған әрекеттің басшы нормасы ретінде сипаттауды ұсынады.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиетте тарихи-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық қағидалары өз көрінісін табуда. Г.Б. Корнетов, И.А. Колесникова педагогикалық өркениет пен олардың парадигмалары ұстанымы тұрғысынан бұрынғы және қазіргі педагогикалық феномендерді қарастыруда өркениеттік тұғырды ұсынады, үш педагогикалық өркениеттің (табиғи педагогика, қайта жасалымды-педагогикалық және креативті-педагогикалық өркениет) және үш педагогикалық парадигманың (ғылыми-технократиялық, гуманитарлық, эзотерикалық) болуының заңдылығын көрсетеді. Г.Б. Корнетовтың пікірі бойынша, өркениеттік тұғыр (өркениетті амалдың көзқарасы тұрғысынан тарихи-педагогикалық үдерісті ұғыну аясында) – мақсаттарды, құралдарды, тетіктерді, жағдайларды ұғыну жолы, сонымен қатар, жалпы адамзаттықтан педагогикалық феноменді сараптауды қамтамасыз ететін адам табиғатының жүзеге асырылу нәтижелерін ұғыну жолы. Осыған сәйкес В.И. Беляев мәдениеттанымдық, аксиологиялық, өркениеттік, инновациялық тұғырларды ұсынды. В.А. Андреев шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу және оның өзін-өзі тәрбиелеу диалектикасын зерттей отырып, тарихилық пен логикалықтың бірлігі, әрекеттік және жеке тұлғалық сияқты тұғырлардың диалектикалық бірлігі қағидаларымен, сонымен қатар, әдіснамалық қағидалар ретінде жүйелілік, кешендік, тұтастық секілді тұғырларды қарастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет