«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Ғылыми революция мен парадигма туралы ұғымдар



бет11/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

2. Ғылыми революция мен парадигма туралы ұғымдар.

«Парадигма» (грек сөзі paradeigma – үлгі-бейне) - сол кезеңдегі ғылым дамуының ғылыми зерттеу стандартының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық сұлба». Оны ғылыми термин ретінде енгізген Т. Кун. Ғылымды тану тұжырымдамасында «парадигма танымал болған ғылыми жетістіктер» деп түсіндіріледі, яғни берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер жүйесі); қоғамдағы ғылыми қауымдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, мәселе қою мен оларды шешудің бастапқы тұжырымдамалық сұлбасы, моделі.


Бұл белгілі бір уақыт ішінде ғалымдар ғылыми-педагогикалық мәселелерді алға қоюдың моделін және оларды шешудің үлгісін, педагогикалық болмысты қайта құру моделін ғылыми қуаымдастыққа ғылыми жетістік ретінде ұсынады. Олар ғылымдағы танымдық және қайта құру әрекетінің негізгі қағидаларын және осы қағидаларды іске асырудың логикасын құрастырады. Сондықтан, педагогикалық теория – үлгі шеңберіндегі парадигма, басқа зерттеушілер үшін белгілі бір ғылыми- педагогикалық мектеп шеңберінде орындалатын зерттеулердің әдіснамасы қызметін атқарады. Мұндай теория ғылыми-педагогикалық мектеп өкілдерінің ғылыми зерттеулерінің бағыттары мен тәсілдерін анықтайды. Педагогикада кейде «парадигма» ұғымы педагогикалық жобалауға әдіснамалық нұсқау ретінде де пайдаланылады. Демек, парадигма «қалыпты ғылымның», теориялық ережелерінің тұрақтылығы кезеңінде ғана әдіснама ретінде қызмет ете алады.
Cоңғы уақытта педагогика теориясы мен практикасына диалог, ынтымақтастық, бірлескен әрекет, өзге адамның көзқарасын түсіну қажеттігі, тұлғаны сыйлау және басқа да идеялар еніп, көп тұжырымдамалық және көп парадигмалық тұғырлардың дамуына тікелей ықпал етті. ХХ ғасырда таным әдіснамасында маңызды өзгерістер орын алды. Көп парадигмалық тұғыр да талқылануда. Педагогика ғылымы мен практикасында «парадигмалық тұғыр», «парадигмалық ұстаным», «көп парадигмалық», «парадигмалық бейне», «көп парадигмалық үдеріс», «парадигманың түрлері» және осы категорияны зерттеушілердің дүниетанымдық бағытына сәйкес, «парадигмалық құбылыстар» деген жалпы ұғыммен тұжырымдалды. Парадигманың түпнұсқалық мазмұнына педагогикалық мәселені қою мен шешудің жалпы қабылданған тұрпаты, педагогика ғылымы мен практикасында танымның жалпы әдіснамалық негіздері, таным әрекетінің негізгі ұстанымы және іске асыру нысаны, әдістердің, мәселелік жағдаяттың көздері, оларды шешу стандарттары, педагогиканың өткені мен бүгінін талдау құралы енеді.
Парадигма эволюциясы үдерісіне тән ерекшеліктер бір кезеңнен екінші кезеңге біртіндеп өту (парагдигмаға дейінгі) және парадигмалық, көп парадигмалық және бір парадигманы бөліп қарастыратын көп парадигмалық қалыптасу, оның аяқталуы, статикалық даму, дағдарыс кезеңдерінен өтіп, парадигмалардың ауысуымен сипатталады.
Ғылым мен практикадағы парадигмалардың жіктемесі:
- жаңа ғылыми бағыттарды көрсететін парадигмалар;
- педагогика ғылымы мен практикасындағы жаңа ғылыми бағыттарды қолдаушы парадигмалар;
- педагогика ғылымы мен практикасында зерттеушінің зерттеулер логикасын құруының негізі (бағдары) болып табылатын парадигмалар;
-пәндік салалар парадигмалары (педагогика, педагогикалық антропология, әлеуметтану, физика, химия және т.б.).
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білім жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Егер XX ғасырда білім беруді ұйымдастыру қоғамның «Ғылым-Өндіріс-Білім» мәдени макромоделі аясында жүрсе, ал жаңа XXI ғасырда ол «Мәдениет-Білім-Тарих» макромоделі ұсынылғандықтан, білімге деген жаңа көзқарас туды. Білім мәдениеттің бөлігі ретінде бес жақты жаңа сипатқа ие болды: білім беру – құндылық; білім беру – жүйе; білім беру – үдеріс; білім беру – нәтиже және білім беру – қызмет.
Осы білім берудің бес қырын біртұтас қарастырғанда ғана, бүгінгі тарихи кезеңге сай білім беру мәнінің сипаты анықталады. Сонда білім беру ғалымдардың XXI ғасырды – ақпарат ғасыры, адам ғасыры деген сипаттамасына жүгінсек, білімді адам және адам капиталын қалыптастырудағы негізгі фактор болып табылады. Сондықтан, білім берудің жаңа ғасырдағы мәні оның жеке тұлға өміріндегі мәнділігімен, жеке мемлекеттің қауіпсіздігін әлеуметтік, рухани, мәдени өрлеуі арқылы қамтамасыз етумен және жалпы адамзаттың өркендеуіне ықпал етумен сипатталады.
Білім беруге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның сапасы да жаңаша пайымдалуда. Бұл негізінен, білім берудің бес сипатын біртұтас қарастыра отырып, оның ішінде, оның құндылық және нәтиже ретіндегі қырларына аса мән берумен байланысты. Парадигма ұғымының мазмұнын әр түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырып көрейік. Парадигма ұғымын ғылымға Бергман енгізген, ал оны әрі қарай терең зерттеген американдық физик, философ Т. Кун болды. Т. Кун кез келген тиімді зерттеуді, әмбебаптықты құрайтын зерттелетін болмыстардың табиғаты қандай екендігіне негізделген жауап табылды деп ғылыми қауымдастық шешпейінше, ғылыми зерттеуді бастау мүмкін емес деп білді. Парадигманың өзі педагогика ғылымының осы заман жағдайында жаңа парадигмаға көшуін педагогикалық болмыстың танымдық және қайта құрушылық, жаңа әдіснамасы негізінде іске асырады. Т. Куннің зерттеуіне сүйенсек, «парадигма - қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін (білімін) анықтайтын алғы шарттардың жиынтығы» деп атап көрсетті.
Т. Куннің парадигма туралы ғылыми тұжырымдамасын талдай отырып, қазақстандық ғалым О.Ж. Әлиев оның негізгі қағидаларын сипаттай отырып, ғылым өз дамуындағы әр түрлі кезеңдерді басынан өткізетіндігін атап көрсетті. Т. Кун бойынша ғылыми білімнің өсу заңдылығы: қалыпты ғылым (ҚҒ) - ғылымдағы аномалия (ҒА) - жаңа парадигма (ЖП), яғни балама теориялардың бәсекелестігі және ескі парадигманың жаңа парадигмамен алмасуы) - ғылыми революция (ҒР) - қайтадан қалыптағы ғылым (ҚҒ) және әрі қарай дамудың келесі сатысы.
Т. Кун ғылым философиясына ғылыми білімнің өсуін сипаттауда және түсіндіруде негізгі болып табылатын «парадигма» ұғымын енгізді. «Парадигма» ұғымын тарихтың нақты бір кезеңінде ғылыми қауымдастық мойындаған ғылыми жетістіктер жиынтығы деп түсіндірді. Парадигмалық білімдер үлгісіне әлем туралы жаңа білім жасауда ғалымдардың көпшілігі пайдаланатын Ньютонның, Максвеллдің, Бордың, Эйнштейннің теориялары жатады.
Кун үшін парадигма – теория ғана емес, әрі ғылыми әрекет үлгісі. Бұл үлгі өзін пайдалану барысында жан-жағынан үшкірленген,әрі қырланып жаңарып отырады. Біртіндеп ол анық бола бастайды да, зерттеу жүргізуде аса қажет құралға айналады. Парадигма, сондай-ақ, зерттеу алаңын белгілі бір деңгейде тұжырымдай алады, шындық болмыс ғылыми зерделеу аясындағы сұрақтарды топтастырып анықтауға мүмкіндік туғызады. Сонысымен парадигма зерттеу әрекеті аясында қандай фактілер алынатынын анықтайды. Парадигма ғылыми қауымдастықтың санасын игеріп алады. Парадигманы қабылдай отырып, ғалымдар зерттеушілік әлеуетін күшейтіп отырады.
Қайсыбір парадигманы өз әрекетіне үлгі еткен ғылымды Кун «нормадағы ғылым» деп атады. Нормадағы ғылымда парадигма белгілеп берген нақты міндеттерді шешу жолы беріледі. Зерттеу әрекетін парадигма анықтайды. Тек сол ғана ғылымға қандай әдістер мен құралдарды пайдалануға болатынын хабарлап отырады. Парадигмаға сүйене отырып, жаңа білім, жаңа заңдар, заңдылықтар ашылады, фактілер табылады, орнығады. Бірақ тарих көрсеткендей, парадигма кейбір зерттеу міндеттерін шешуге мүмкіндік жасай алмайтын уақыт та келеді. Кунның айтуынша, ғылымда аномалиялық жағдаят туындайды, парадигманың жеткіліксіздігі сезініле бастайды. Демек дағдарыс туындап тұр. Енді бұрынғы парадигма ғылымдарды біріктіре алмайды. Ғылым дамуының нормалық кезеңі аяқталды. Оның орнына ғылыми революция келеді. Осы кезде ғана, дейді Т. Кун К.Поппердің айтқаны болып жатады. Ғалымдар бәсекелес болжамдарды тексереді және қайта тексереді. Ең соңында жаңа парадигма пайда болады. Осы жаңа парадигманы қабылдаған ғалымдар өз ғалымының пәндік алаңын жаңаша көріп, жаңаша зерделейді. Жаңа парадигмаға негізделген зерттеулер көбейе түседі. Ғылымға оның дамуының нормадағы кезеңі қайтып оралады. Кунның пікірінше, ғылыми білім үдерісінің мәселесін шешетін ғылымның циклдік дамуы осылайша жүреді. Ғылым тарихы, логика мен гносеологияға қарағанда, күрделі жағдаяттарды шешу жолдарын жақсырақ көрсетеді дейді Т. Кун.
Т. Куннің тұжырымдамасына сүйене отырып, философ Г.И.Рузавин парадигманы қоғамда қабылданған қандай да бір ғылым саласының белгілі кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін негізі қаланған теория ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет